Белсенді оқУ Әдісі – белсенділікке жетелейді



бет1/4
Дата01.08.2020
өлшемі16,52 Kb.
#75950
  1   2   3   4
Байланысты:
БЕЛСЕНДІ ОҚУ ӘДІСІ


БЕЛСЕНДІ ОҚУ ӘДІСІ – БЕЛСЕНДІЛІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

Біріншіден, барлық дамыған елдердің өзіндік бірегей білім беру жүйелері бар. Біздің алдымызда ұлттық білім берудің барлық буындарын жетілдіру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға дейін Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балалардың 100 пайызын мектепке дейінгі білім берумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Демек, бұл балаларды заманауи білім беру əдістемелерімен жəне жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету аса маңызды болып табылады. Орта білім беруде жалпы білім беретін мектептердің деңгейін Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу қажет. Мектеп түлектері қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерін меңгеріп шығуы  тиіс. Оқытудың нəтижесінде оқушылар сын тұрғысынан ойлау дағдыларын, өз бетінше зерттеу жүргізу жəне ақпаратты терең талдау дағдыларын меңгеруі тиіс».

  «Орта білім беруде жалпы білім беретін мектептердің деңгейін Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу қажет» деп аталып көрсетілгендей, бүгінгі күннің талабы  күннен-күнге жаңарып даму үстінде. Соған орай болашақ ел тұтқасын ұстар ұрпақтарымызды сапалы да, белсенді оқытуда Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары «қалай білім алу керектігін білетін, дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, ой-өрісі  дамыған  жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстануда»

Міне, сол мақсатта дайындалған «белсенді оқу» əдістері арқылы əзірленген оқу мақсаттарының жəне білім беру бағдарламасының жобаға еніп, ұстаздар  қауымына  жаңартылған білім беру бағытымен танысу, жаңа серпіліс берді.

Белсенді оқу əдістері арқылы əзірленген оқу мақсаттарының жəне білім беру бағдарламасының бірізділігі, белгілі бір жүйелі білім беру бағытын көздейді. Бұл белсенді оқыту стратегияларының құрамына мыналар кіреді:

«оқушылардың зерттеу іс-əрекеттерінің негізінде белсенді оқуға ынталандыру», «оқушылардың жеке, топтық жəне тұтас сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыру», «оқу үшін бағалау» қағидаты бойынша оқуға қолдау көрсету»

Белсенді оқу оқушылардың бойында бұл қасиеттерді түрлі əдіс-тəсілдер арқылы қалыптастырады жəне дамытады. Олар: оқушының жеке пікірін тыңдау;

оқушыларды мұқият іріктелген шығармашылық жəне логикалық оқу тапсырмалары арқылы ынталандыру;

оқушылардың           оқу      мақсаттарына            қол      жеткізуі          үшін    тиімді əдіс- тəсілдерді ұсыну жəне үлгісін көрсету;

əртүрлі стиль мен жанрдағы жазба жұмыстардың үлгісін қолдану (мұғалім алдын ала модельдер мен үлгілер беру арқылы жазба жұмыстарын орындауды үйретеді);

-оқушылардың білім алуына «оқу үшін бағалау» жəне «оқуды бағалау» арқылы қолдау көрсету;

оқушылардың           пəн      бойынша        меңгерген      біліміне          жүйелі            түрде мониторинг жүргізу;

-оқушының өз білімін жетілдіруіне жəне бағалауына ынталандыратын мүмкіндіктер жасау;

 

-түрлі белсенді шығармашылық, практикалық жұмыстарды қамтитын іс-əрекетті жүзеге асыру;



-ізденуді жəне қосымша материал пайдалануды қажет ететін тапсырмаларды ұсыну; зерттеу жұмыстарын жүргізуге жəне зерттеу əдіс-тəсілдерін меңгеруге бағытталатын оқушылардың белсенді оқуын марапаттау;

-оқушылардың өзара бірлесіп оқуын (сынып ішінде жəне сыныптар арасында) ұйымдастыру;

жеке, жұптық, топтық жəне ұжымдық жұмыстарды өзара үйлесімділікпен қолдану.

Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан  шынайы  проблемаларды  анықтап  зерттей  білуді  талап  етеді.

Білім берудің жаңа бағыты оқыту мен тəрбиелеудегі демократтық жəне гуманистік бағыттарды ұстана отырып, түрлі мəдениеттердің дамуы мен ерекшеліктерін ескеру болып табылады. Оқушылар қазақстандық көпұлтты қоғамда өмір сүре отырып, қарым-қатынас барысында өзара төзімділік таныту, басқа ұлт мəдениетіне деген сыйластық пен құрмет сезімін білдіру сияқты маңызды қасиеттерге ие болуы керек. Бұл ретте мəдениетті жəне түрлі мəдениетке деген сыйластық пен құрмет сезімін қалыптастыру əлеуетіне ие үдеріс – білім беру үдерісі екені белгілі.

Бұл бастауыш сынып   бойынша оқу мақсаттарының жүйесі спиральды бағытпен жасалып, бағдарлама дамыта оқуға негізделген.

Бағдарламаға сәйкестендіріліп жасалған оқулық, оқушылардың дәптері, мұғалімге арналған нұсқаулықтар жүйелі жобалармен жасалған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет