Берлібаев бақДӘулет тұрбекұлы қазақстанда тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы: тарихи-теориялық зерттеу



бет4/38
Дата06.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#35684
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Тақырыптың зерттелу деңгейі. XX ғасырдағы Қазақстандағы тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуын теориялық жағынан жүйелі зерттеу үшін, тарихи зерде мен дәстүрлі тарихи білім деген ұғымдарға әдебиетте берілген анықтамалардың байыбына бару керек. Оның мәнінің тереңде жатқанын шығыстанушы В.П. Юдиннен табамыз [3, 66-б.].
«Даланың ауызша тарихнама» ұғымы В.П. Юдиннен бұрын, бірінші рет Өтеміс қажының еңбегінде кездеседі, ал оның дәстүрлік келбетін түрік және қазақ ғұламалары – Рашид-ад дин, М. Хайдар, Әбілғазы баһадүр-хан, Ө. Тілеуқабылұлы, Қ. Жалайыр, Қ. Халид, Ш. Уәлиханов, Ы Алтынсарин, А Құнанбаев, М.Ж. Көпейұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Марғұлан т.б. өз еңбектерінде жан-жақты көрсеткен.
ХХ ғасырдың басындағы кәсіби тарихшылар – А. Чулошников, А. Рязанов, Б. Герасимов, С. Асфендияров, М. Тынышбаев, Х. Досмұханбетов, Қ. Кемеңгеров, Т. Шонановтар мен осы ғасыр ортасындағы Е. Бекмаханов та ауызша тарих айту деректерін өз зерттеулерінде кеңінен пайдаланып, Қазақстан тарихының очерктері мен оқулықтарын жазды. Осы кәсіби тарихшылардың ішінде тұңғыш рет ресми түрдегі үкімет шешімі бойынша мектепке арналған «Қазақстан тарихының программасы» мен «Қазақстан тарихының очерктері» жарық көрсе, бұл – профессор С. Асфендияровтың шығармашылық еңбегінің нәтижесі еді. Өкінішке орай, оның очеркі мен бағдарламасы тұрмыста пайдаланылмаса, 1960-жж. КСРО тарихына бейімделіп шығарылған Е. Бекмахановтың оқулықтары мен бағдарламалары Қазақстанның барлық оқу орындарында КСРО тарағанша оқытылып келді.
Одақтас республикалардың тарихын КСРО тарихына бейімдеп оқыту мәселесі 1935-жылы май айында Москвада болған Бүкіодақтық тарихшылар кеңесінің шешімдерінен бастау алған еді. Бұл кеңес КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі мен БКП (б) Орталық Комитетінің 1934-жылғы 16-мамырдағы «КСРО мектептерінде азаматтық тарихты оқыту туралы» қаулысының шешімдерін орындау құрметіне шақырылған болатын. Кеңесте ЖОО-ның студенттеріне, орта мектеп оқушыларына, аспиранттарға КСРО тарихы мен жалпы тарихтан дәріс берудегі оқу жоспарының үлгілік жобалары, тарихшылар даярлаудың құрылымдық ұстанымдары, ЖОО-ның ережелері, тарихтан сабақ берудің әдіс-тәсілдері т.б тарихи білімге қатысты мәселелер көтеріліп, оның шешімдері, шын мәнінде, КСРО тарағанша басшылыққа алынды. 1959 жылғы 3-қазанда КОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің «Мектептерде тарихты оқытудағы кейбір өзгерістер туралы» қабылданған қаулысында одақтас республикалардың тарихын оқыту қажеттігі мен оның маңызы атап көрсетілді. Бірақ бәрібір, бұл қаулының шешімінің орындалу нәтижесінде де одақтас республикалар тарихына, оның ішінде Қазақстан тарихына да, КСРО тарихының жанынан берілген қосалқы «мәртебеден» басқа өзгеріс бола қойған жоқ болатын.
XX ғасырдың 20-30-жылдары ұлттық тарихи білімнің қажеттігі туралы А. Байтұрсынов, С. Сейфулин, С. Садуақасов, Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, Н. Манаев, Т. Жүргенов т. б. мемлекет және қоғам қайраткерлерінің сөйлеген сөздері мен жазған мақалалары газет-журнал беттерінде үнемі жарияланып отырған болатын. Осы жылдары шығарылған «Историк марксист», «Исторический журнал», «Борьба классов», «Большевик», «Большевик Казахстана», «Жаңа мектеп», «Сана», «Қызыл Қазақстан – Красный Казахстан», «Советская Киргизия» сияқты газет-журналдарда ұлттық тарихты оқып-үйренуге арналған арнайы тараулар белгіленіп, онда тарихи білімнің ғылыми жағынан қалыптасуы туралы мәселелер көтерілді.
1930-1940 жылдары Қазақстан білім жүйесіндегі тарихи білімді дамытуда «Жаңа мектеп» (1925-1933 жж.), «Политехникалық мектеп» (1933-1934 жж.), «Ауыл мұғалімі» (1934-1939 жж.), «Халық мұғалімі» (1939-1960 жж.) сияқты журналдар белсенді рөл атқарды. Бұл аралықта осы жылдары Москвадан тарихшы мамандардың араласуымен тарихи білім мәселесіне арналған алғашқы мақалалар топтамасы жариялана бастаған еді. Айталық, Н.Н. Ванаг, М.В. Нечкина, А.М. Панкратова Г.С. Фридлянд т.б. тарихты большевиктік рухта оқытудың жолдарын нұсқаса, РКФСР ағарту халық комиссары А.С. Бубнов пен оның орынбасары М.С. Эпштейн өздерінің тарихшы мұғалімдер алдында сөйлеген сөздерінде тарих пәнін жастарға коммунистік тәрбие берудің негізгі құралына айналдырудың жобаларын ұсынды.
Кеңес-Герман соғысы жылдары және 40-жылдардың соңында ежелгі дәуірден бастап кеңес дәуірін түгелдей қамтыған түріндегі қазақ халқы тарихының ғылыми жолмен жазылу мәселесіне тарихшылар М. П. Вяткин, А. М. Панкратова, қоғам қайраткерлері І.О. Омаров пен М. Әбдіхалықовтар Қазақстан тарихының томдарын шығару арқылы өлшеусіз үлес қосты. Бұл ретте 1945 жылы КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалының жанынан құрылған Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институт ұжымы еңбегінің жинақталған нәтижесі, 1977-1981 жылдары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген бес томдық «Қазақ КСР тарихын» шығарумен белгілі.
Қазан төңкерісінен тәуелсіздік алғанға дейінгі үлкен де күрделі кезеңді қамтитын Қазақстандағы тарихнама және тарих ғылымының даму жолдары мен негізгі бағыттары І. Қозыбаевтың еңбектерінде жаңаша көзқараспен кеңінен талданды [4].
Қазақстан КСРО құрамында болған кезде еліміздегі дәстүрлі тарихи білімдік ой-сананы дамуыту тежелген жоқ. Ол С. Мұқановтың, С. Аманжоловтың, М. Ақынжановтың, Х. Әділгереевтің, Н. Мыңжанидың, Х. Арғынбаевтың, М. Мұқановтың т.б. еңбектері арқылы ашық, ал М. Әуезов пен І. Есемберлин, О.Сүлейменов сияқты бірқатар ақын, жазушылардың шығармалары арқылы астарлы түрде өз жалғасын тапты.
1961-жылғы Г.Н. Голиковтың мақаласы (Вопросы истории, 1961, № 11, стр. 19-42.) 1950-жылдардың соңы мен 60-жылы жарияланған тарихи еңбектердегі ой-санаға тарихнамалық талдау жасау жағынан құнды. Оның ой-тұжырымдары Қазақстанда Г.Ф. Дахшлейгер, Д.И. Дулатова, П.Г. Галузо, З.А. Алдамжаров, М.Қ. Қозыбаев еңбектерінде жалғасын тапты [5].
1980 жж. соңына қарай, кеңес қоғамындағы демократиялық өзгерістер халықтың рухани мұраларын ғылыми объективті зерттеу ісіне мүмкіндік ашты. Қазақстанның Б.А. Төлепбаев, М.Қ. Қозыбаев, Р.Б. Сүлейменов, В.К. Янулов т.б. [6] тарихшы ғалымдарының күшімен шығарылған ұжымдық еңбекте тарихтың ақтаңдақтары қатарында ҚАТ та аталып, проблеманың маңызды тұстары қарастырылды. Бұл аралықта Одақ баспасынан шығарылатын «Преподавание истории в школе» (ПИШ) журналының беттерінде Р. Вендровская А.Н. Сахаров, А.П. Прохоров сияқты прогресшіл ғалымдар КСРО тарихы оқулығында тарих ғылымының соңғы жетістіктері мен халықтар тарихының жетімсіздігі туралы мәселе көтеріп, тәуелсіз халықтар тарихының дүниеге келуін тездетті.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, бізде және посткеңестік басқа да елдерде ұлттық тарихи білімге қатысты педагогика, филология және тарих ғылымдары бойынша бірнеше диссертациялық жұмыстар қорғалып, оның даму жолдарын саралаған мақалалар мен кітаптар жарық көрді. Бұл ретте Т. Тұрлығұлов, Б. Әбдіғұлова, Л. Алексашкина, М. Әбусейітова, С. Сыздықов, С. Жолдасбаев, К. Мамырұлы, М. Елеуов, А. Оразбаева, М. Алпысбес, Қ. Атабаевтың, Ж. Артықбаевтың, З. Алдамжардың, Р. Қадысова, Г. Кәкенова, Г. Жүгенбаеваның, Ж. Тілепов, Ә. Тарақов, Б. Сәрсекеев, Р. Айтбаеваның, З. Елешованың, Ә. Балапанованың, А. Нұрманова мен А. Сәрсенбаевтың, С. Кентбековтың, Ш. Омарбековтың, Ш. Нартбаевтың, Л. Жүсіпова мен Е. Жүсіповтың, А. Тереховтың, К. Ушмаеваның, Д. Махаттың, З. Ноғаеваның т.б. ғалымдардың еңбектерін атауымызға болады.
2004 жылы қабылданған мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында көп томдық сериялы шетелдік деректер негізінде шығарылған еңбектердің жарық көруіне М. Әбусейітова, К. Байпақов, С. Мажитов, А. Гарковец, Г. Меңдіқұлова, Ә. Муминов, И. Ерофеева, Б. Сужиков, С. Сұңғатай, Б. Еженханұлы, Н. Базылхан, А. Нұрманова, т.б. белгілі тарихшы ғалымдар зор үлес қосып, тарихи білімнің даму қорын мол деректермен толықтырды.
Алайда жоғарыда аталған еңбектерде тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы ішінара көрсетілгендіктен, оның жүйелі түрде тарихи-теориялық тұрғыдан қарастырылмауы қайшылық туындатады Міне, осының өзі біздің тақырыбымыздың зерттелу деңгейін барынша толықтыруға негіз болып табылады.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет