Бидайбеков Е



бет79/87
Дата15.01.2023
өлшемі1,9 Mb.
#165576
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   87
Байланысты:
treatise13514
2 5283059015327159320, глосса космет, Биохимия дәріс тезистері 3, Д 6 2023-24
Мектеп баспасының басқа түрлері.

  1. Жалпы мектептік, не сыныптық «Информатика бұрышы» атты қабырға газеті. Мұнда есептер, информатикадан ескертпелер, олардың тарихтары енгізіледі.

  2. Фотогазетте ғалымдардың суреттері, кітаптардың суреттері, жарыс жеңімпаздары және т.б. бейнеленеді. Әрбір сурет қысқаша түсініктемемен толықтырылады. Кейде мұндай газетке сурет те салады.

  3. Сурет монтаждары мен бейнелер: фотомонтаждар белгілі бір тақырыпқа беріледі. Үлкен бетте суреттер орналастырылып, әрқайсысының астына қысқаша библиография енгізіледі.

  4. Альбомдар – мазмұны монтажға ұқсас. «Информатика адамзат қызметінде» атты альбом жасауға болады.

  5. Соңғы кездері шығармашылық баспаның желілік түрлері кеңінен тараған. Жоғарыда аталған баспалар Интернетте жариялануы мүмкін. Жаңа ақпараттық технологиялар шығармашылықтың бейнегазеті деп аталатын түрін ұсынады, мұнда ақпараттар гипермедиа мен мультимедиа түрінде беріледі.

Жаппай жұмыстың дәстүрлік түрі – мектеп мерекелері деп аталады. Олар мектеп өмірінің маңызды бөлігіне арналады – оқу жылының басы немесе соңы, тоқсанның басы немесе соңы т.б.
Жыл бойына мұндай кештердің бірнешеуін өткізуге болады. Олар оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, оқушылардың шығармашылық деңгейлері мен қабілеттерін дамытады.
Экскурсиялар – оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдісі, мұражайға бару, көрме қарау, есептеуіш орталықтарын аралау сияқты, түрлі пәндерді үйрену мен бақылауға арналған. Информатикадан экскурсиялар оқу жүйесінде маңызда орынға ие, оқу үдерісін өмірмен байланыстырып, оқушыларды өндірістің маңызды салаларымен таныстырады. Мұражайға бару мен есептеуіш орталықтарын аралау өскелең ұрпақты тәрбиелеу құралы болып саналады.
Экскурсияға дайындық бару нысанын таңдаудан басталады, осы сұрақ бойынша әдебиеттерден қарап, экскурсовод таңдалынады, ол экскурсияға қанша адам қатысады, олардың білімі қандай, мақсаттары қандай, оқушылар қандай білім алу керектігі жайында айтып береді.
Оқушыларға экскурсияның мақсаты түсіндіріледі, баратын күні, орны, маршруты, объектіні аралау кезіндегі ережелер таныстырылады.Экскурсия белгілі жоспармен жүзеге асырылады.
Экскурсия кезінде құрылған жоспар бойынша бәрі қадағаланады. Оқушылар экскурсия барысын суретке түсіруге, магнитофонға жазып алуға, бейнефильмге түсіруге болады. Экскурсияның өткізілуіне дайындық пен іске асуы кезінде ата-аналарда қатыстырылады.
Мектеп практикасында компьютер мен Интернет желісінің көмегімен түрлі виртуалдық экскурсиялар мен саяхаттар кең тараған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   87




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет