Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың «Ұлттық спорт түрлері және қозғалыс ойындарын оқыту әдістемесі»



бет15/18
Дата09.12.2022
өлшемі55,23 Kb.
#162141
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
РК

Ұпай бойынша жеңіске жету. Бәсеке кезінде басым түскен, яғни ескертуді аз алған және белсенді болған спортшыға жеңіс балл бойынша беріледі. Ал ескерту алған және жарыстан шығарылған (ережені бұзғанда және екінші рет сақтандырғаннан кейін де сайыста белсенділік көрсетпегені үшін) спортшы балл бойынша жеңілді деп есептеледі. Балл бойынша жеңіске жеткенде 2 ұпай, жеңілгенде 0 ұпай беріледі.
Егер жекпе-жек аяқталғанша екі спортшының бірі жеңіске жете алмаса, сондай-ақ олардың алған ескертулері бірдей болса, тең түсті деп хабарланады да әрқайсысына бір-бір ұпайдан жазылады.
Жекпе-жек кезінде қарсыласын қолынан, белбеуінен, үзеңгіден шығарып алуға тырысып, аяғынан ұстауға, кеудесінен құшақтап алуға, қарсыласын қолымен (ұруға болмайды), денесімен кез-келген жаққа итеруге, өз атының мойнынан құшақтап ұстауға, тізесін немесе табанын қарсыласының атының бүйіріне тіреуге рұқсат етіледі.
Қарсыласын не оның атын қолмен, қамшымен ұруға, немесе тебуге, қарсыласын басынан (бетінен, мойнынан, шашынан) немесе ер-тұрманнан (сондай-ақ аттың басынан, жалынан, құйрығынан) ұстауға, ережеде рұқсат етілмеген әдістерді қолдануға (қолын, саусақтарын бұрауға) және қолын қарсыласының аяғының және оның үзеңгісінің астына жіберіп ұстауға, тізгінді қарсыласының қолына, басына салып ұстауға тыйым салынады.
Әдісті дұрыс қолданбаған спортшының бұрын алған ұпайлары есептелінбейді. Егер төрешілер спортшының біреуінің тыйым салынған әдісті қолданғанын байқамай қалса, онда жапа шеккен спортшының дауыстап белгі беруіне болады. Осы белгі бойынша аға төреші жекпе-жекті тоқтатып, жағдайды анықтап, кінәліге ескерту жасайды.
Жалған белгі берілген болса, ол тыйым салынған әрекет ретінде бағаланып, спортшы сондағыдай дәрежеде жазаланады.
Тыйым салынған әдісті қолданғаны, шеңбердің сыртына әдейі шығып кеткені, сайысты дерекі жүргізгені, шеңберге 2 минуттен астам кешігіп шыққаны үшін спортшыға ескерту жасалады.
Жарысқа қатысушы екі адамның біреуіне ескерту жасалғанда екіншісіне 1 ұтыс балл есептеледі. Егер ескерту екі спортшыға да жасалатын болса, онда екеуіне бір-бірден ұтылыс балы беріледі.
Аударыспақ кезінде әр спортшыға екіден артық ескерту жасалмауы тиіс. Ережені ол одан әрі бұзса, жекпе-жек тоқталып, ондай спортшы (спортшылар) жеңілді деп есептеледі.
Жарыста белсенді қимыл көрсетпеген спортшыға әуелі ескерту жасалады да соңынан мұны қайталайтын болса, жарыстан шығарылатындығы ескертіледі. Бірінші және екінші ескерту төрешілердің көп дауысымен жасалады, ал үшінші ескерту үш төрешінің пікірі қосылғанда ғана беріледі.
Спортшыны жарыстан шығару жөнінде шешім қабылдағанда оған бас төреші де қатысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет