Білім беру бағдарламасы бойынша магистр дәрежесі


БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР



бет5/16
Дата25.05.2023
өлшемі8,29 Mb.
#177660
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Мақсат Н.Т. Жаңартылғын бағдарлама негізінде химияны оқытуда қашықтықтан білім беру технологиясын қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттеу
Презентация на тему Өнеге отбасынан , 3, бейорг Бексултан 1бар, Щадяир 16 маи бет болды , Шалғынбай М.Д.Химияны оқытуда жаңа материалдың логикалық құрылымын жақсы анықтау үшін оқушы өзіндік жұмыс әдісін қолдану мүмкіндіктері, 22.05.2023ж әдебиет 9ә, Қожан Динара Жм-05-23
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Бұл магистрлік диссертацияда келесі белгілер мен қысқартулар келтірілген:
г-грамм
Э-элемент
Ar-атомдық масса
КБ-кешенді бақылау
ҚБ-қорытынды бақылау
т.б.- тағы басқалар
ЖОО – жоғары оқу орны
ҚО - қашықтықтан оқыту


КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Заманауи білім берудің басымдылығы – баланың тұлғасын өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі тәрбиелеу. Бұған қол жеткізу үшін оқыту технологияларын дамытудың жаңа перспективалық бағыттарын енгізу қажет. Соның бірі қазіргі кезеңде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде дәстүрлі оқыту түрлерімен қатар өз орнын сенімді түрде ала бастаған қашықтықтан технологияларды қолдану арқылы оқыту болып табылады.
Қашықтықтан технологияларды қолдану арқылы оқытудың ерекшелігі оның ашықтығы болып табылады. Интернет әлеуетті білім беру ортасын айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді: білім алушы білімнің негізгі көзі ретінде оқулыққа немесе мұғалімге «байлануды» тоқтатады. Қашықтықтан оқыту мазмұнының негізгі құрамдас бөлігі ақпараттың өзі емес, білім алушының ақпаратпен жұмыс істеу технологиясы болып табылады. Білім алушымен зерттелетін мәселе бойынша әртүрлі мәліметтерді игеріп қана қоймай, соларға бағдарлану қажет.
Қашықтықтан технологияларды қолдану арқылы оқыту компьютер мен телекоммуникациялық желіні пайдалануға негізделген. Заманауи ақпараттық технология құралдары оқытуда материалды көрсетудің әртүрлі формаларын қолдануға мүмкіндік береді. Оқытудың интерактивті әдісі қоғамды ақпараттандырудың жүзеге асуының арқасында мүмкін болды: компьютер мен интернет әрбір үйге дерлік «келді».
2010 жылдан бастап мектеп мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқыту бағдарламасына енгізілді, мектеп мұғалімдері қашықтықтан оқыту бойынша әртүрлі біліктілікті арттыру курстарынан өтті және өтеді. Сондықтан, қашықтықтан оқыту жүйесін қолдану өзекті.
Зерттеу нысаны – орта мектепте химияны оқыту үрдісі.
Жұмыс мақсаты: аймақта қалыптасқан ерекшеліктер мен мүмкіндіктерді ескере отырып, химияны оқытуда қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру негізінде оқушылардың интеллектуалдық дамуына бағытталған әдістемелік жүйені құру.
Жұмыстың мақсатына жету мақсатында келесі міндеттер анықталады:
-зерттеу ерттеу тақырыбы бойынша отандық және шетелдік әдебиеттерге аналитикалық шолу және сыни талдау;
-зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою, қойылған мақсатқа қол жеткізу және зерттеу міндеттерін шешу жолдарын анықтау;
-химияны оқытуда қашықтан оқыту әдісін қолдану мүмкіндіктерін анықтау;
-қазіргі оқу үрдісінде қашықтықтан оқыту элементтерін қолдану;
-зерттеу нысаны ретінде алынған оқушыларға қашықтан оқыту әдісін қолдану орны, мәні, мазмұнын зерттеу және анықтау.
Зерттеу әдістері. Теориялық: зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау; қашықтан және дәстүрлі оқытуды салыстыру және жіктеу. Эмпирикалық: педагогикалық бақылау, тестілеу, рейтинг, оқушылардың жұмыстарын талдау, эксперименттік-іздестіру жұмыстары, зерттеу нәтижелерін өңдеу, оларды талдау және түсіндіру.
Алынған нәтижелердің жаңашылдығы. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мынада: бұл жұмыста мұғалімге оқу-тәрбие процесінде қашықтықтан оқыту әдісін қолдануға көмектесетін әдістемелік шарттар қарастырылып, химия сабақтарында осы әдісті қолдану мәселесі алғаш рет дербес зерттеу мәселесі ретінде қарастырылады; оқу-тәрбие үрдісінде қашықтықтан оқыту әдісін қолданудың тиімділігін тәжірибе жүзінде тексерілді.
Тәжірибелік маңыздылығы осы диссертациялық жұмыстың қорытындылары мен нәтижелерін оқу орындарының оқу-тәрбие жұмыстарында пайдалануға болады.
Методологиялық база. Диссертацияны орындау барысында ақпаратты жинақтау, талдау, жүйелеу, салыстыру, синтездеу, интерпретация (ой топшылау), өңдеу, қорытындылау, құрастыру, сауалнама жүргізу, бақылау, рефлексия сияқты әдіс тәсілдер қолданылды.
Қорғауға енгізілетін негізгі ережелер:
-қашықтықтан оқыту технологияын пайдалана отырып химияны оқудың педагогикалық шарттары;
- химияны оқытуға қашықтықтан оқыту технология элементтерін енгізу
Жарияланымдар туралы мәлімет. «Химияны оқытуда қашықтықтан білім беру технологиясын қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері» авторлар: Мақсат Н.Т., Касымова М.К., Әуезов оқулары-20: Мұхтар Әуезов мұрасы – ұлт қазынасы» М.О. Әуезовтің 125-жылдығына арналған халықаралық ғылыми–тәжірибелік конференция еңбектері– Шымкент: М. Әуезов ат. ОҚУ, 2022 ж. Б.250-253) атты мақала жарық көрген.
Диссертация мәтіні 64 бетте келтірілген, 6 сурет, 2 кестеден тұрады. Отандық және шет елдің пайдаланылған әдебиеттерінің саны 35 құрайды



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет