Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Педагогикалық шеберлік орталығының



бет14/72
Дата25.01.2022
өлшемі342,15 Kb.
#114326
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   72
Байланысты:
МАН Информатика
Байланысқан контурлар. , Тапсырма 1-күн Темирбекова Улжаркын, 3 күн тапсырма Темирбекова Улжаркын, Дарынды бала, Дарынды балалармен жұмыс(1)-1, Дарынды жоспар-2020, Дарынды окушымен жумыс жоспары дурысссы
2-кесте. Танымдық процесс

Білім

Оқушы ақпаратты еске түсіре ала ма?

Мысалы, тізім құру; терминдерді, даталарды, формулаларды анықтау; ұғымдарды атау; тізімді белгілеу; теореманы айту

Түсіну

Оқушы идея мен мазмұнын түсіндіре ала ма?

Мысалы, ұғымдарды санатқа жіктеу; материалды түсіндіру; әрекеттерді сипаттау; көзқарастарды сипаттамаларды салыстыру

Қолдану

Оқушы ақпаратты таныс жағдайда немесе жаңа мазмұнда қолдана
ала ма?

Мысалы, қағидатты қолдану; рәсімдерді орындау немесе енгізу

Талдау

Оқушы берілген көлемді ақпаратты бөліктерге жіктеп, олардың әрқайсысының мазмұнын немесе олардың бір-бірімен байланысын анықтай ала ма?

Мысалы, реттілігін зерделеу, нәтижені болжау

Бағалау

Оқушы өз ойын, қабылдаған шешімін негіздей ала ма?

Мысалы, таңдауды, шешімді, қорытындыны сипаттау; берілген бағаны, әрекетті тексеру; баламасын, негізгісін таңдау

Жинақтау

Оқушы жаңа идея, көзқарас, жаңа тәсіл немесе жаңа өнім ұсына ала ма?

Мысалы, зерттеу жұмысын, идея, теория әзірлеу; жаңа мүмкіндіктер ұсыну; тың идеялар ойлап шығару

2-кесте күтілетін нәтижені оқу мақсаттарына сәйкес қалай жоспарлауға және соған сәйкес бағалауды қалай жүргізуге болатынын көрсетеді. Оқу мақсаттары мен бағалау түрі Блум таксономиясының бірнеше деңгейін қамтуы мүмкін. Бұл оқу мақсаттарының бірнеше танымдық деңгейге қатысты болуымен байланысты және бағалау процесі де соған сәйкес жүреді.



3-кесте. Білімді меңгеру үдерісі


Фактологиялық білім

Оқушыға таныс болуы немесе оқушы білуі тиіс негізгі терминдер мен фактілер

Концептуалдық білім

Базалық фактілердің арасындағы өзара байланыс, мысалы, санаттық жіктелімдер, моделдер, теориялар

Процедуралық білім

Тәжірибелік білім, дәлелдеулер мен тәжірибе жұмыстарын жасау, өлшеу

Метатанымдық білім

Өзін-өзі танудан бастап басқа адамдардың ойлау процесін түсіну және хабардар болу

Бағалау критерийлерін дұрыс құрастыру, яғни оқушының оқу әрекетінде не бағаланатынын нақты белгілеу үшін мұғалімнің білім категорияларын түсінуі және ажырата білуі ерекше маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   72




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет