Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Педагогикалық шеберлік орталығының


Тұжырымның шындық/жалған екенін анықтауға арналған тапсырма



бет20/72
Дата25.01.2022
өлшемі342,15 Kb.
#114326
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   72
Байланысты:
МАН Информатика
Байланысқан контурлар. , Тапсырма 1-күн Темирбекова Улжаркын, 3 күн тапсырма Темирбекова Улжаркын, Дарынды бала, Дарынды балалармен жұмыс(1)-1, Дарынды жоспар-2020, Дарынды окушымен жумыс жоспары дурысссы
Тұжырымның шындық/жалған екенін анықтауға арналған тапсырма

«Шындық/Жалған» тапсырмасы – бұл тұжырым түрінде берілетін жабық тапсырма, оқушылар берілген тұжырымның ақиқат немесе жалған екенін анықтауы қажет. Басқаша айтқанда, әр сұрақтың тек екі мүмкін жауабы болады, оқушы сол екеуінің біреуін таңдайды. Мұндай тапсырмалар білу және түсіну дағдысын тексеруге қолайлы. Оқушылар тапсырманы тез түсініп, тез жауап беруі мүмкін; осындай тапсырманың көмегімен үлкен мазмұнды қысқа уақыт ішінде қамтуға болады.

Тапсырма әзірлеушіге (мұғалімге) мұндай тапсырмаларды құрастыру оңай және тез болады. Сондай-ақ тексеру мұғалімнің пайымдауына байланысты болатын тапсырмаларға (ашық тапсырма) қарағанда, мұндай тапсырма барынша объективті, ал қойылған балл көбіне сенімді болады.

Көптеген мұғалімдер шындықты анықтауға қатысты тапсырмалар қажетті білімді жеткілікті бағаламайды деп есептейді, себебі бұл тапсырмада оқушы тапсырманың дұрыс жауабын болжап анықтауы мүмкін. Сонымен қатар көптеген педагогтер оқушыларды сөзбе-сөз есте сақтауға бағыттайтын қарапайым (тривиалды) сұрақтар құрастыруға алып келеді деп атап көрсетеді.

Шындықты анықтау тапсырмалары нақтылауға берілген болуы мүмкін. Мұндай тұжырымның шындығын анықтау тапсырмалары асты сызылған негізгі сөз арқылы немесе қысқа сөйлем (фраза) арқылы ұсынылады. Мұндай тапсырмаларда оқушының шындықты дұрыс анықтағаны жеткіліксіз жағдайда әрі анық болмайды. Асты сызылған шындық түрінде берілген тұжырымды ауыстырған кезде, оқушы сұраққа толық жауап беру үшін дұрыс сөзді немесе фразаны көрсетуі қажет.

Шындықты анықтайтын тапсырманың бұл түрі оқушы жалған тұжырымның ішінен берілген шындыққа қатысты ақпаратты қаншалықты таба білетінін анықтайды. Дегенмен оқушы тұжырымның жалған екенін дұрыс болжамдауы мүмкін, алайда ол неге жалған болып табылатыны туралы түсінік бермейді немесе оқушы сол тұжырымды шындыққа өзгерте алмайды. Бұл жағдайда сөйлемдердегі қандай сөз/фраза өзгеруі қажет екенін мұғалімнің өзі шешеді. Егер оқушыларға жалған тұжырымды шындыққа айналдыру туралы тапсырма берілсе, олардың бұл тұжырымды толық қайта жазуға мүмкіндігі болады, мұндайда оқушының алдыңғы тұжырымда не дұрыс болмағанын түсінгенінін не түсінбегенін мұғалім анықтай алмайды. Егер асты сызылған сөзді/фразаны қарама-қарсы мағынаға ауыстыруға тапсырма берілсе, онда мұндай сұрақ қарапайым шындық-жалған сұрақтарына қарағанда басымдығын жоғалтады, себебі оқушы тұжырымның жалған екенін, оны өзгерте алмайтынын білуі мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   72




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет