Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



бет12/74
Дата25.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#199115
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   74
Байланысты:
Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық-emirsaba.org
4 апта
Белсенді оқу 
Оқу үдерісі өзінің табиғаты бойынша ойлаудан тұруы керек және ми құрылымында
өзгеріс туғызуға жетелеуге тиіс. Ми неғұрлым белсенді жұмыс істеген сайын, оқу үдерісі
соғұрлым қарқынды жүзеге асады. Хэтти (2014) адам миы ақпаратты өңдеп, оны түсінуге
мүмкіндік беретінін, ал мұғалімнің тоқтаусыз сөйлеуі миға шамадан тыс аса көп ақпарат
«жүктемелейтіні» және ол оқушылардың қызығушылығын жоғалтуға әкеліп соғатыны, сол
сәтте оқудың нәтижелілігі айтарлықтай төмендеп кететіні туралы біздің хабардар екенімізді
мәлімдейді. Ал белсенді оқу, керісінше, оқушылардың белсенді қызметпен айналысу арқылы
мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін есте сақтап, оны қолдана алуын
қамтамасыз етуді көздейді. Хэттидің мидың қызметін талдай отырып жүргізген шолуы
дағдыларды меңгерту шеберлігі тек іс жүзіндегі белсенді қызмет арқылы жүзеге асатынын,
демек, оқушылар тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуі керек екендігін
көрсетеді. Қызметтің мұндай түрлері оқушылардан өздері тапқан ақпаратты талдау және
түсіндіру үшін зерттеу және жоспарлау дағдыларын қолдануды талап етеді, болашақта өз
дағдыларын жақсарту мақсатында басқа нәтижелерді бақылауды және талдауды қажет етеді.



22
Сабақ барысында «баланың өзін еңбектендіріп, бірлестіріп, өз бетімен білім тапқандай


қылса», «жұмыстайтын материалдар даяр түрінде емес, балалар тәжірибе қылып, зерттеп, өз
бетімен шешкендей, тұрмыс жұмбақ түрінде берілсе» (Аймауытұлы, 1929), оқудың анағұрлым
тиімді болатынын естен шығармаған дұрыс.
Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа
тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі
жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін
түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын мұндай тәсілдерге топтық жұмыстар, ойын
«баламалары» және пән бойынша белгілі тақырыптағы ойын түрлері кіреді. Оқушылардың
сыни ойлау дағдыларын дамытуда ойын «баламалары» шынайы өмірдің белгілі бір
аспектілерін модельдеу және зерттеу үшін ұсынылған мүмкіндік болып табылады.
Сабақта белсенді оқу әдістерін қолдану оқушының өзіндік рефлексия жасау
дағдыларының дамуына, сыныптағы жалпы жұмысқа үлес қосып, қатысқанын сезінуге; оқу
үдерісінің белсенді мүшесі болуына, құрдастармен қарым-қатынасының дамуына, танымдық
белсенділігінің артуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мұғалімнің сабағын қызықты
ұйымдастыруына, оқушыларының танымдық әрекетін күшейтіп, өзінің кәсіби шеберлігін
шыңдай түсуіне ықпал етеді.
Информатика сабағындағы белсенді оқу түрлері:
-
Топтық жұмыс барысында үш, төрт оқушыдан құралған оқушылар топтары жобаны
белгіленген ортақ мақсатпен жүзеге асырады. Бірлескен жұмыс информатиканы оқытудың
маңызды бөлігі болып табылады, себебі топтың барлық мүшелері өздерінің қабілеті мен
біліміне сәйкес дайын өнімге өз үлестерін қосады.
-
Түйінді сөздерді жазуда, бағдарламалық кодтар мен алгоритмді құрылымдауда
ұқыптылық пен нақтылыққа назар аударылады. Жұмыстардың кейбір аспектілеріне
дидактикалық тәсілмен келу маңызды болып табылады. Барлық есептеулер нақты әрі дәл
болуы тиіс.
-
Оқушыларға ашық тапсырмалар беру. Информатикадағы дизайн элементі
оқушылардың қиялдай білуін және өзінің түсіндіре алуын талап етеді.
-
Проблемаларды талдау, компьютерлік бағдарлама көмегімен абстракция мен қайта
құрудың негізін модельдеу. Модельдеу информатика бағдарламасының маңызды саласы
болып табылады, сондықтан оқушылардың оқу үдерісі бірқатар тәсілдер негізінде жүргізіледі,
бұл оларға физикалық, математикалық және графикалық модельдерді құруға мүмкіндік
береді.
-
Тоғыспалы оқытуды және оқытудағы біртұтас тәсілді дамыту, осы мамандандырылған
салаға өзге де пәндердің үлесін бағалау. Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар білім берудің
барлық салаларына енуде және оларды зерделеу басқа да пәндермен өте тығыз байланысты.
«Информатика» пәніне өзге пәндердің ықпал ететіні сияқты информатика да көптеген басқа
пәндерге өз ықпалын тигізеді.
-
Аналитикалық, тәжірибелік, коммуникациялық дағдылар сияқты тәжірибелік
дағдылардың дамуына ықпал ететін нақты мысалдарды зерделеу, нақты жағдаяттарға сәйкес
келетін теорияларды, әдістер мен қағидаттарды пайдалану. Бұл үдеріс оқушыларға өздерінің
білімін жақсартуға мүмкіндік береді және ғылыми-тәжірибелік жұмыстарға ынталандырады.
-
Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, зияткерлік және шығармашылық
қабілеттерін, бағдарламаның компоненттерін өз бетінше жеке қолдану қабілеттерін дамыту
және оқу курсының мазмұны арқылы өз білімін толықтыру, проблемалық-бағдарланған оқыту
технологиясын пайдалану және проблемаларды өнертапқыштықпен шешу теориясының
ерекшеліктерін дамыту үшін тиісті жағдай жасау.
-
Ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және тарату барысында сын тұрғысынан ойлау әдісін
қолдану. Тек жоғары сапалы ақпаратты қабылдау және пайдалану қабілеті оқыту үдіресін
жылдамдатады.
-
Жоба жұмысын орындау арқылы ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуде оқушылардың



23
ақпараттық құзыреттіліктерін дамыту жүзеге асырылады. Жоба жұмысымен айналысатын


оқушылар жеке өзі немесе топта алдағы жұмысын жоспарлап, мақсат қойып, қажетті
ақпаратты іздеп, болжам жасап және оны дәлелдеп, эксперимент жүргізіп, орындалған
жұмыстың нәтижесін көрсетіп, талдап және бағалап, сонымен қатар өзінің жобасын
шеберлікпен қорғай білуі тиіс. Оқушылар интернетті қолжетімді ақпарат алу үшін қажетті
дереккөздердің бірі екендігін біледі және Интернет желісіне орналасқан ақпарат әрдайым
пайдалы немесе сенімді болмайтындығын да біледі, сонымен қатар желідегі этикалық және
құқықтық нормаларды сақтау қажеттілігі туралы да білетін болады.
-
Командаларды жазу кезінде олардың нақты және қатесіз болуына назар аударту, соның
ішінде фирмалардың атаулары, бағдарламалауда кодтау және белгілі бір аудиторияға арналған
тиісті құрылымдалған сандық өнімдер. Жұмыстың кейбір аспектілерінің дидактикалық
тәсілдері аса маңызды.
-
Оқушылардың бір программалық жасақтама пакеті бойынша меңгерген дағдыларын
басқасында өз бетінше қолдана алуына қолдау көрсету.
-
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың графикалық элементтерінде
қолданылатын ашық тапсырмалар шығармашылықты және белгілі деңгейде түсінік болуын
қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   74




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет