Білім беру бағдарламасы nis-programme «Физика» пәні бойынша оқу жоспары


(D) мұғалім «ауа қалпағы астындағы қоңырау» тәжірибесінің көмегімен дыбыс таралуы үшін белгілі бір орта болуы керек екенін дәлелдеп көрсете алады. (D)



бет50/57
Дата07.02.2022
өлшемі454,56 Kb.
#91496
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57
Байланысты:
Оқу жоспары Физика 9 сынып 5 нұсқа маусым 2018

(D) мұғалім «ауа қалпағы астындағы қоңырау» тәжірибесінің көмегімен дыбыс таралуы үшін белгілі бір орта болуы керек екенін дәлелдеп көрсете алады.
(D) Мұғалім ТЖК-ке (төменгі жиілікті күшейткіш) қосылған микрофон мен дыбыстық генератор күшейткішінің арасында түрлі материалдарды орналастырып, дыбыстың таралуын демонстрациялай алады.. Нұсқа ретінде мұғалім ауадан өзге ортада дыбыстың таралуын көрсететін бейнебаянды қолдана алады.
(E) Ұзын металл рельстің бір жағынан бір оқушы балғашамен жай ғана ұрғанда екінші шетіне қойылған микрофонға дыбыстың жету уақытын тіркеп, содан кейін дәл сондай өлемдегі өлшемдегібасқа бір материалдан жасалған стерженьді пайдаланып, ондағы дыбыстың екінші шетіне жету уақытын анықтап, екі жағдайда алынған мәндерді салыстырып, дыбыстың таралу жылдамдығының орта қасиеттеріне байланыстылығы туралы қорытынды жасаулары керек.
Сонымен қатар дыбыс жылдамдығының температураға тәуелділігін туралы да талдау жасағандары жөн.
(G) Оқушылар бірқатар материалдар үшін дыбыс жылдамдығының мәнін зерттей алады (ғаламторды пайдаланып) және олардың тығыздығымен және ортаның қатты, сұйық немесе газ тектес болуын салыстыра алады.

Оқушылар дыбыс толқындары таралуы үшін ортаның қажет екенін түсінулері және ауадағы, сұйықтағы, қатты денелердегі толқын жылдамдықтарын ажырата білілері білулері керек
Оқушылар дыбыс қатты ортада ең жылдам, содан кейін сұйықта және ең баяу газ тектес ортада таралатынын есте сақтаулары керек.

Берілген зерттеуді сабақтан тыс уақытта өз бетімен қарастыруға болады.


Кейбір оқушылар дыбыстың қатты заттарда жылдамырақ таралу себебі, орта молекулаларының сұйық немесе газ тектес ортадағы молекулаларға қарағанда бір- біріне жақын орналасуынан деп қорытынды жасай алулары мүмкін.
.


Дыбысқа орта қажеттігін көрсететін моделдеу – «өзгермелі ауа қысымымен тыңдау» дегенді басыңыз
http://phet.colorado.edu/en/simulation/sound
бейнетаспа:
http://www.youtube.com/watch?v=b8VNs5vIbPA

Қатты денеде, сұйықтықта және газдарда дыбысты көрсететін бейнетаспа:


http://www.youtube.com/watch?v=HOIf3jHPIXE&safe=active





9.2.5.21 - дыбыс жылдамдығын анықтаудың тура әдісін сипаттау және тиісті есептеулерді жүргізу;



(D/E) Мұғалім осциллографқа жалғанған микрофонды пайдаланып, дыбыс жылдамдығын тікелей өлшеуді көрсете алады. Дыбыстық генератор осциллографты іске қосады, кейіннен ол экранда тербелістің уақыттық жаймасы алынады, жылдамдық= қашықтық/уақыт теңдеуі пайдаланылады.
(E) оқушылар қандай да бір ғимараттан өлшенген қашықтықта тұруы керек. Бір оқушы екі ағаш блокты қолына алады да, қатты дыбыс шығару үшін бір- біріне қатты 10 рет соғады. Қолдарына секундомер ұстаған бірнеше оқушы, онымен қатар тұрып, соққан кезде секундомерді қосады да, жаңғырықты естігенде айырады. Сонда секундомер арқылы дыбыстың қабырғаға дейін барып, шағылып қайта келуіне кеткен уақыт өлшенеді. (секундомерді бірнеше оқушы ұстау, қателікті азайтады. Себебі, оқушылар алған уақыт мәнінің орташасы есептеледі (барлық мәндерді қосып, санына бөлу арқылы)
Содан кейін оқушылар мен қабырға арасындағы қашықтықтың жартысын уақыттың орташа мәніне бөліп, ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығын анықтайды.

(I f) Оқушылар алдымен найзағайды көріп, сосын бірнеше секундтан кейін оның жаңғырығын еститініміз туралы өзара талдау жасап, түсіндіреді.

Оқушылар дыбыстың қабырғаға жетіп, шағылған соң қайта оралатынын, ал секундомермен анықталған уақыт сол арақашықтықты дыбыс толқынының екі рет жүріп келуіне кеткендігін түсінулері тиіс.

Оқушылар жарық жылдамдығы дыбыс жылдамдығынан барынша жоғары екенін білуі керек.



Дыбыс жылдамдығын тікелей өлшеудің бейнебаяны:
http://www.youtube.com/watch?v=axUpKxgXB4M

немесе
http://www.youtube.com/watch?v=vPqDZH5law4


сыныптан тыс өлшеу тәжірибесінің мәліметтері


http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/measuring-speed-sound-using-echoes




9.2.5.22 - дыбыс қаттылығы мен тон биіктігі қандай факторларға тәуелді екеінін білу;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет