54
4. Клиент өзі туралы, өзінің проблемалары мен ағымдағы жағдайы туралы коучқа
немесе кеңесшіге қарағанда әлдеқайда көп біледі. Бірде-бір кеңесші ағымдағы міндетті шешу
үшін клиенттің өзі сияқты барынша тиімді жасай алатындай кеңеспен көмектесе алмайды.
Сондықтан коуч кеңес бермейді және дайын шешімдерді ұсынбайды! Бұл коучинг
философиясының басты ұстанымы. Бұл жерде коучтың міндеті – клиентке өзінің саналы
және бейсаналы барлық мүмкіндіктері мен қабілеттерін іске қосуға көмектесу, клиентке
қабылдаудың айқындығын арттыруға көмектесу, саналылықты дамыту.
Клиент тұлғасын толық қабылдау, оның әлеуетті мүмкіндіктерінің сарқылмауын,
шығармашылыққа және өзгертуге қабілеттілігін мойындау ұстанымына сүйене отырып, коуч
клиент алған тәжірибенің барлық жетістіктері мен жаңалығын атап өтеді. Бұл екі жаққа да –
коучке де, клиентке де – тұлғалардың бұрын талап етілмеген өзінің тұлғалық қасиеттерін
дамытуға көмектесетін әлеуметтік қарым-қатынастардың мүлдем жаңа түрі. «Коучинг – бұл
қарым-қатынас пен қолдау өзара қисындастыру, сондықтанда коучингтің парадигмаларын
адам үшін күрделі проблемалардың шешімін ұтымды және оңтайлы жолдарын табудың
тиімді және жаңа құралы ретінде пайдалана алатындай және өзара қарым-қатынас жасаудың
барлық деңгейінде жүзеге асыру мүмкіндігі болатындай етіп өз мәдениетімізде берік
қалыптастыруымыз қажет » (Зиневич О.В., Петрова Э.Д., 2012)
Достарыңызбен бөлісу: