«Топонимика» пәннің негізгі міндеттері білім алушыларда білім беру бағдарламасындағы пәндік құзыреттіліктермен қатар пән бойынша оқыту нәтижелерін (ОН) қалыптастыру болып табылады. «Топонимика» пәні жоғары кәсіби білікті туризм мамандарын даярлаудағы таңдау пәндерінің бірі болып табылады. Курсты оқып-үйрену барысында болашақ саласының мамандары географиялық терминдер мен атаулардың мағынасын талдауға, түсіне білуге, олардың ақпараттық маңызына назар аударуға үйренеді. «Топонимика» пәні студенттердің тарих, мемлекеттік және шет тілдерінен алған білімдеріне сүйене отырып, туризм пәндерінің мазмұнымен бірлікте оқытылу арқылы білімі мен дүниетанымын кеңейте түсуге мүмкіндік береді.