Білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты Ихсан Гулфейруздың



Дата01.07.2023
өлшемі15,07 Kb.
#179270
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
Ихсан Г.Б. отзыв


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Физика-техникалық факультеті
«7M06201 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»
білім беру бағдарламасының
2 курс магистранты
Ихсан Гулфейруздың
«Наноқұрылымды кремний негізінде селективті газ датчигін жасау»
атты диссертациялық жұмысына

ПІКІР


Ихсан Гулфейруздың диссертациялық жұмысының өзектілігі қазіргі техниканың даму жағдайына сай тандалып алынған. Өнеркәсіпте жарылыс қаупі бар, улы газдардың таралуын бақылап, дабыл қағатын құрылғыларды жасау ақылды жүйелер ғасырының өзекті мәселесі.


Диссертациялық жұмыста осындай мәселені шешу мақсатында кеуекті кремний негізіндегі әртүрлі уақыт жемірілген қабыршақтар газ датчигі ретінде зерттелді. Диссертациялық жұмыстың теориялық бөлімінде әртүрлі морфологиядағы газ сенсорлары туралы толық мағлұмат беріліп, өзара салыстырылды. Олардың газ сезу механизмдері түсіндіріліп, металл оксид жартылайөткізгіш наноқұрылымдарын оңтайландыру тәсілдері мен мысалдары көрсетілді, олардың негізінде селективті газ сенсорларының жасалуы туралы әдеби шолу жүргізілді. Сонымен қатар, гетероқұрылымдарға негізделген газ сенсорлары талқыланды және олардың электрлік, газ сезгіштік және фото сезгіштік қасиеттері зерттелді. Тәжірибелік бөлімінде наноқұрылымды кеуекті кремний қабыршақтарының әртүрлі газдарға сезгіштіктері анықталды, селективтілігі табылды. Магистранттың жүргізілген тәжірибесі бойынша, алыну технологиясы қарапайым, сезімталдығы жоғары, қолданысы энерготиімді болатын газ датчигі жасалды.
Диссертациялық жұмыс жоспарға сай, қажетті деңгейде зерттеліп, берілген мәселе бойынша бірқатар зерттеулер келтірілді. Алынған нәтижелерді ескере отырып және Ихсан Гулфейруздың ғылыми біліктілігін бағалай отырып оны өте жақсы (95%) бағаға лайықты деп қорғауға жіберуді ұсынамын.

Ғылыми жeтeкшi:


ҚДФжБФ кафедрасының меңгерушісі,
PhD, профессор м.а. М.К. Ибраимов

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет