Білім беру ұйымдарында «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» атты жалпы республикалық ашық сабақтардың


Саясаткер-стратег. Саясаткер -философ



бет50/64
Дата11.01.2022
өлшемі1,5 Mb.
#110788
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64
Байланысты:
17.11 акт слайд, 1574233575368
Саясаткер-стратег. Саясаткер -философ

Н.Ә.Назарбаев – үлкен философ және көрнекті саясаткер. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев –мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. 

Өндірістік, экономикалық және әлеуметтік проблемаларды жетік білуі, халықпен тез тіл табыса алуы, қажырлы еңбекқұмарлығы, жан-жақты білімі, өз көзқарасы мен сенімін табандылықпен қорғай білуі, саяси өмірбаянына негіз болды.1999 жылы 10-қаңтарда жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев 79,75% дауыс алып Президент болып қайта сайланды.2011жылы 4-сәуірде 95,5% дауыс алып Президент болып қайта сайланды. Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметі

Ел өмірінің алуан салалы тіршілік тынысын терең білуі, шешімін күтіп, қордаланып қалған мәселелерді тап басып тани алуы, ел ішінде ұрымтал әрекеттерге барып, таңдаған бағытын табандылықпен жүзеге асыру қасиеті 1989 жылы маусым-шілдеде Жаңаөзен мен Қарағанды оқиғаларының оң шешім табуы, халықпен тіл табыса білуін байқатты. Елбасы тәуелсіз елдің бұқаралық санасын өзгертуде, ұлттық дәстүрді қайта жаңғыртуда, тарихи сананы қалыптастыруда ерекше істер атқарды.

КСРО ыдырап, бұрынғы байланыстар үзіліп, экономика, әлеуметтік сала дағдарысқа ұшыраған тұста, еліміздің аймақтарында нарықтық қарым-қатынастарды қалыптастыру өте қиынға түсті. Әр өңірдің шикізаттық-өндірістік әлеуетін тиімді пайдалана отырып, оларға даму жолында тең мүмкіндіктер ұсына алатындай жағдай қалыптастыру керек болды. аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеу жолындағы кешенді шаралардың бәрі бастан-ақ нақты белгілеп, айқындалған мақсаттар мен қадамдар арқылы жүзеге асырылды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көреген саясаткер ретінде барша әлем мойындаған, оны танымал саясаткерлер мен дипломаттардың пікірлері нен білуге болады.

Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген басты табыстарымыздың бірі — бей­бітшілік пен келісім саясатының халықаралық этало­ны ретінде танылған қоғамдық келісім мен жал­пыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісі. бұл табыс Нұрсұлтан Назарбаев есімімен байланысты.

Орталық Азиядағы көрші елдер ғана емес, жалпы ТМД бойынша салыстырғанда, Қазақстан қай жағынан алып қараса да постсоветтік дамудың жақсы сценарийін жүзеге асыра алды деп сенімді түрде айтуға болады.

Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев адамзат баласына бір емес, бірнеше  жаһандық жоба ұсынған және оның жүзеге асуына тікелей ықпал еткен тарихи тұлға. Ашуды ақылға жеңгізіп, күмән мен күдікті үмітке ұластыра білетін бітімгер басшы төрткүл дүниені мәмілегерлігімен, бастамашылдығымен, бейбітқұмарлығымен тәнті етіп, ауызына қаратып келеді. Бұған Елбасының халықаралық жиындардың биік мінберлерінен жасаған мәлімдемелері мен жаһан жұрты жұмылып жүзеге асырып жатқан жарқын жобалары дәлел. Бүгінгі таңда Қазақстан Көшбасшысының бір емес, бірнеше жаһандық бастамасы әлемнің алты құрлығында жүзеге сәтті асырылуда.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет