Білім беру мекемелерінің әлеуметтік педагогтарының құжаттары



бет1/2
Дата08.11.2022
өлшемі24,03 Kb.
#157201
  1   2
Байланысты:
Әлеуметтік педагогтің лауазымдық міндеттері
АНКЕТА МОТИВОВ ВЫБОРА ПРОФЕССИИ, пед диагностика, ПТЖӘ, obshchenie kak osnovnoe sredstvo vospitaniya, График дуальды оқыту (1) (1)

Білім беру мекемелерінің әлеуметтік педагогтарының құжаттары Әлеуметтік педагогтың жұмыс нысаны – балалар, жастар, ересек адамдар, қарттар, яғни бүкіл отбасы.
Әлеуметтік педагог мектепте төмендегідей негізгі бағыттарда жұмыс жасауы қажет:
1.Диагностикалық қызметі.
2.Өз қызметі шеңберінде көмекті қажет ететін балаларды әлеуметтік қорғау.
3.Кәмелетке толмағандардың, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыру.
4.Ерекше назардағы оқушылармен жұмыс.
5.Сынып жетекшілері, медициналық қызметкерлер, ата-аналар комитетімен т.б. өзара қарым-қатынасты үйлестіру.
6. Өз қызметінде әлеуметтік педагог ҚР Конституциясын, бала құқығы туралы Конвенцияны, ҚР бала құқығын қорғау туралы заңын, Отбасы туралы заңын, ҚР басқа да нормативтік актілерін басшылыққа алуы қажет.
Білім беру мекемелерінің әлеуметтік педагогтарының құжаттары мен әдістемелік әдебиеттерінің тізімі:

  1. Бала құқығы туралы Конвенция, ҚР бала құқығын қорғау туралы Заңы.

  2. Әлеуметтік педагогтың лауазымдық міндеттері.

  3. Әлеуметтік педагогтың жылдық және айлық жоспарларыоқушылар тізімі.

  4. Мектепішілік бақылауда тұратын отбасылар мен балалар тізімі.

  5. Қорғаушылық органдарының бақылауында тұратын көп балалы, бір ата-анасымен, аз қамтамасыз етілген отбасы балалары, қолайсыз отбасы балалары, мүгедек балалар тізімі.

  6. Патрионаттық отбасы тәрбиесіндегі балалардың жеке карточкалары.

  7. Ата-аналар үшін жадынама, әдістемелік нұсқаулар.

  8. Баланың әлеуметтік мәселелерін шешу және мұғалім мен оқушы арасындағы кикілжіңді реттеуге арналған әдістемелік нұсқаулар.

  9. Қала мен аудан бойынша оқушылар мен ата-аналарға арналған, олардың өзекті мәселелерін щешу жодарына көмектесетін анықтамалық ақпарат.

  10. Кіріс және шығыс құжаттары.

  11. Атқарылған жұмыстардың есебі.

Әлеуметтік педагогтың негізгі міндеттері мен қызмет мазмұны:
1.Әлеуметтік педагог өз қызметін үш бағытта жүргізеді:
1)Балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін психодиагностикалық, психокоррекциялық қызмет әдістерін негіздеп сараптайды және өңдейді.
2)Социумдағы әлеуметтік жағдайды зерттеп және оған болжам жасау арқылы отбасы мен балаларға әлеуметтік- педагогикалық нақты көмек формаларын және түрлерін ұсынады.
3)Баланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқу мен тәрбиеге теріс көзқарасты жою, салауатты өмір салтына оңды көзқарас қалыптастыру, бала тұлғасы дамуының бұзылу себептерін анықтап, алдын-ала сақтандыру шараларын жүргізу, үгіт-насихат жұмыстары арқылы педагогтар мен балалардың психологиялық, құқықтық біліктілігінің жоғары болуымен анықталады.
2.Әлеуметтік педагогтың міндеттері:

  • Баланың жас ерекшелігінің әрбір кезеңіне байланысты жеке дамуына кешенді ықпал ету;

  • Өзара қарым-қатынаста,оқу барысында қиындыққа ұшыраған оқушыларға әлеуметтік-педагогикалық көмек беруді қамтамасыз ету;

  • Оқушы отбасының тәрбие жағдайын зерттеу;

  • Баланың жеке дамуындағы ауытқушылықтың алдын-алу және болдырмау;

  • Мектеп пен тұрғылықты мекен жайында тұлғаны қорғау, тәрбиелеу және оқу-ағартудың кешенді жүргізу;

  • Оқушылардың жеке психо-медициналық және педагогикалық ерекшеліктерін зерттеу;

  • Оқушының қызығушылығын, сұранысын, мінез ауытқышылығын, шиеленісті жағдайларын анықтап, мезгілінде көмек көрсету;

  • Тәрбиеленушілердің өмірін қорғауды, қауіпсіздендіруді қамтамасыз етеді, оқушының қиындығы мен проблемаларына, тәртібіндегі ауытқулары кезеңінде тез арада әлеуметтік көмек және қолдау көрсету;

  • Тұлғаның дамуы мен тәрбие проблемаларын шешуде отбасылармен серіктестік, әріптестік қарым-қатынастар орнатып, ынтымақтастықпен жұмыс жүргізу;

  • Әлеуметтік-педагогикалық диагностика әдістемесін анықтау;


  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет