Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімі: Тіл дамыту 32 сағат


Білім беру саласы: «Қатынас»



бет6/6
Дата08.09.2017
өлшемі0,88 Mb.
#30399
1   2   3   4   5   6


Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Сауат ашу.




Тақырыбы

Мақсаты

Сағат

саны

Мерзімі

Ескерту

1

Балабақша

(Әңгіме құрастыру).




Сурет бойынша сұрақтарға жауап беруді және сол арқылы әңгіме құрастыруды үйрету. Балабақшада балаларды өзара сыйластық, достық қарым – қатынасқа үйрету. Ойын, оқу

іс–әрекеттері туралы түсініктерін қалыптастыру және сабақ барысында кішіпейіл болуға тәрбиелеу.



1







2

Күз кереметі

(Әңгіме құрастыру).



Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. «Күз кереметі» атты сурет бойынша әңгіме құрастырып айтуды үйрету.

1







3

Ауылда. Үй жануарлары мен үй құстары.

Ауыл туралы түсінік беру. Үй жануарлары мен үй құстары туралы білімдерін кеңейту және сабақ барысында сұрақтарға жауап бергізу арқылы сөздік қорларын толықтыру, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

1







4

Жабайы жануарлар

Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. Жан – жануарларды қорғауға, оларға қамқор болуға тәрбиелеу.

1







5

Сөйлеммен танысайық

Сөз, дыбыс туралы түсінік беру. Сөздің дыбыстан құралатынын, дыбыстың дауысты, дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде мағлұмат беру.

1







6

Сөзбен танысайық. Сөздер мен дыбыстар

Сөз, дыбыс туралы түсінік беру. Сөздің дыбыстан құралатынын, дыбыстың дауысты, дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде мағлұмат беру.

1







7

Буынға бөлейік

Баланың сөз туралы түсініктерін қалыптастыру. Балаларға айтылған сөздерді жолақша (ақ қатты) қағазбен және сөздердің ұзынды, қысқалығын қолмен өлшеп айыра білуге үйрету. Есту қабілеттерін жетілдіру. Танып – білуге деген қызығушылықтарын арттыру.

1







8

Дыбыс және әріппен танысайық.

Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Балалардың ойын дамыту, сөздік қорын молайту. Балаларды үй жануарларын сүюге, қамқорлық жасауға үйрету.

1







9

Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық.

Балаларға дауысты дыбыс ерекшелігін түсіндіру. Жаттығулар орындату арқылы дауысты дыбыс туралы білімдерін жетілдіру. Балаларды байқағыштыққа тәрбиелеу.

1







10

Дауыссыз дыбыстар

Дауыссыз дыбыс ерекшелігі туралы түсінік беру. Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшелігін меңгерту. Сөйлеу тілін жетілдіру. Ой – өрісін дамыту. Балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ұқыпты, таза, көркем жазуға дағдыландыру.

1







11

А а дыбысы және әрпі

Өткен сабақта алған білімдерін пысықтау. А дыбысымен таныстыру. Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту. Балаларға а дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтірту арқылы олардың сөздік қорларын байыту, байланыстыра сөйлеуге тәрбиелеу.

1







12

Т т дыбысы және әрпі

Т дыбысы және әрпімен таныстыру, бірнеше сөзден тұратын сөйлем құрастыруды және сөздерді буынға бөлуді үйрету. Әдемі жазуға баулу және білімге деген қызығушылықтарын арттыру.

1







13

П п дыбысы және әрпі

П дыбысы және әрпімен таныстыру, өз бетінше сөз, сөйлем қарастыра білу дағдыларын дамыту. Дыбыстық талдау жасауға, сауатты жазуға баулу. Өткен әріптерді еске түсіре отырып, ойлау қабілеттерін арттыру.

1







14

Н н дыбысы және әрпі

Н дыбысы және әрпімен таныстыру. Сұрақтарға бірден жауап бергізу арқылы ұшқыр ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу.

1







15

Ғ ғ дыбысы және әрпі

Ғ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру; дидактикалық тапсырмаларды орындату арқылы балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту. Балаларға ғ дыбысына мысалдар келтірткізу арқылы олардың сөздік қорларын толықтыру.

1







16

Р р дыбысы мен әрпі

Өткен әріптерді еске түсіре отырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Р дыбысы және әрпімен таныстыру, өз бетінше сөз, сөйлем құрастыра білу дағдыларын дамыту. Дыбыстық талдау жасауға, сауатты жазуға үйрету.

1







17

Л л дыбысы және әрпі

Л дыбысы және әрпімен таныстыру. Балалардың ауызекі сөйлеу тілдерін, ойын дамыту. Мал төлдерін сүйе білуге, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

1







18

У у дыбысы және әрпі

У әрпін таныстыру, у әрпі бар сөзді оқуға, жазуға үйрету. Сөздік қорларын дамытып, көркем жазуға баулу.

1







19

Ш ш дыбысы және әрпі

Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Дидактикалық материалдарды пайдаланып, балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту).

1







20


Й й дыбысы және әрпі

Й дыбысы мен әрпін таныстыру. Й дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Балалардың ой – өрістерін дамыту, сөздік қорын молайту.

1







21

О о дыбысы және әрпі

О дыбысы және әрпімен таныстыру. Құрамында о дыбысы бар сөздерді талдау; о дыбысын дұрыс дыбыстатып, оның таңбасын – әрпін таныту; о дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтірту, сол сөздерді қатыстыртып, бірнеше сөйлем құрату.

1







22

Қ қ дыбысы және әрпі

Қ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балаларды анық, таза сөйлеуге үйрету. Сөйлем құрастырту арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету.

1







23

Д д дыбысы және әрпі

Д дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Д дыбысы кездесетін сөз ойлап, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастырту арқылы сөздік қорларын толықтыру, ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту.

1







24

М м дыбысы және әрпі

М дыбысы және әрпімен таныстыру, оның дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру. Дұрыс оқуға төселдіру. Достыққа тәрбиелеу.

1







25

Б б дыбысы мен әрпі

Б дыбысы және әрпімен таныстыру. Тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастырту арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорларын молайту.

1







26

С с дыбысы және әрпі

Өткен дыбысты қайталата отырып, алған білімдерін бекіту. С дыбысы және әрпімен таныстыру; сөз, сөйлем құрастыруға дағдыландыру. Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.

1







27

Ы ы дыбысы және әрпі

Жаңа ы дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру; Ы дыбысы бар сөздер айтып, талдау; сөйлем, сөз туралы ұғымдарын кеңейту. Балалардың ойлауын, тілін дамыту. Тазалыққа, еңбекке баулу.

1







28

Ж ж дыбысы және әрпі

Ж дыбысының айтылу артикуляциясы-мен таныстыру. Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету. Сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін арттыру.

1







29

Ұ ұ дыбысы мен әрпі

Ұ дыбысы және әрпімен таныстыру. Жеке сөздерді оқуға және тез оқуға дағдыландыру. Ұқыптылыққа, әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

1







30

ң дыбысы және әрпі

Құрамында ң, н дыбыстары бар сөздер-ді талдау, оларды ажырата білуді үйре-ту. Ң дыбысы және әрпімен таныстыру. Балалардың тілдерін дамыту, сөздерді дұрыс оқуға баулу. Табиғатты, жабайы аңдарды қорғауға тәрбиелеу.

1







31

Е е дыбысы және әрпі

Құрамында е дыбысы бар сөздерді талдау, оларды ажырата білуді үйрету. Е дыбысы және әрпімен таныстыру.

1







32

К к дыбысы және әрпі

Құрамында к дыбысы бар сөздерді талдау, оларды ажырата білуді үйреу. К дыбысы және әрпімен таныстыру.

1







33

І і дыбысы және әрпі

Құрамында і дыбысы бар сөздерді талдау, оларды ажырата білуге, і дыбысы жөнінде дұрыс ұғым алуға үйрету.

1







34

Ә ә дыбысы және әрпі

Ә дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық, таза сөйлеуге үйрету. Ұғымталдыққа тәрбиелеу. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге баулу.

1







35

И и дыбысы және әрпі

И дыбысы мен әрпін таныстыру. И дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау. И дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтірту арқылы сөздік қорларын толықтыру және осы сөздерді қатыстыртып, сөйлемдер құрастырту арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету. Балаларды таза, ұқыпты жүруге тәрбиелеу.

1







36

З з дыбысы

және әрпі



З дыбысы және оның таңбасымен таныстыру. Ұсынылған сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету, сөздерді буынға дұрыс бөлдіру және сурет арқылы заттың атату арқылы ойлау қабілеттерін арттыру мақсаты көзделеді.

1







37

Ө ө дыбысы

мен әрпі


Ө дыбысы және әрпімен таныстыру. Бір сызықтың бойына ө әрпін жазуын, сөз және сөйлем құрастыруын қадағалау. Ауызша сөйлеу тілдерін дамыту.

1







38

Ү ү дыбысы

мен әрпі


Балаларды ү дыбысымен таныстыру, аталған дыбысқа сөз ойлату арқылы сөздік қорларын байыту. Ойын арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

1







39

Г г дыбысы

мен әрпі


Дыбыстар туралы балалардың ұғымдарын кеңейту. Сөздік қорларын молайту. Г дыбысы сөздің қай буынында кездесетінін білдіру. Ойын ойнату барысында игерген білімдерін бекіту. Сөзге дыбыстық талдау жасату.

1







40

Я дыбысы

және әрпі. Ю дыбысы және әрпі.



Балаларға я, ю дыбыстары және әріптерімен таныстыру. Я, ю дыбыста-рының қосарлы дауысты дыбыстар екенін мысалдар келтірту арқылы түсін-діру. Әртүрлі ойын ойнату, сөзжұмбақ, ребус шештіру арқылы логикалық ойла-нуын дамыту. Өлең айтқызу, жұмбақ жасыру арқылы тілдерін дамытып, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

1







41

Х дыбысы

және әрпі. Һ дыбысы және әрпі.



Сөз, сөйлем жайында түсініктерін бекіту. Сөздерге дыбыстық талдау жасатуды жалғастыру. Кеспе әріптерден жаңа дыбыстарды қатыстырып, сөйлем, сөз құрастыру және оны талдауға үйрету. Дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Дыбыстардың айтылу артикуляциясын дұрыс меңгерту.

1







42

В дыбысы

және әрпі. Ф дыбысы және әрпі.



В, ф дыбыстары және әріптерімен таныстыру. В, ф дыбыстары кездесетін сөздерге мысалдар келтірту арқылы сөздік қорларын толықтыру, осы сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу.

1







43

Ё дыбысы

және әрпі. Э э дыбысы және әрпі.



Е және э дыбыстары мен әріптерімен таныстырып, балаларды ұсынылған әрбір сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.

1







44

Щ щ дыбысы

мен әрпі.



Щ дыбысы және әрпімен таныстыру. Щ дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтірту арқылы сөздік қорларын толықтыру, осы сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу.

1







45

Ц ц дыбысы

мен әрпі. Ч ч дыбысы мен әрпі.



Ц, ч дыбыстары және әріптерімен таныстыру. Ц, ч дыбыстары кездесетін сөздерге мысалдар келтірту арқылы сөздік қорларын толықтыру, осы сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу.

1







46

Жіңішкелік белгісі (ь). Айыру белгісі (ъ)

Балаларды жіңішкелік белгісі (ь) және (ъ) айыру белгісімен таныстыру, таныту. Осы белгілер арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. Айыру белгісі (ъ) бар сөздерді оқыту арқылы балалардың білімі мен ой – өрісін, тілін дамыту. Ұқыптылыққа, таза әдемі жазуға дұрыс оқуға тәрбиелеу.

1







47


Буындардан сөз құра. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Сурет бойынша байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сұрақтарға жауап беріп, өз ойын дұрыс жеткізе білуге, байланыстырып сөйлеуге баулу. Отан сүйгіштікке, достық қарым- қатынасқа тәрбиелеу.

1







48

«Жоғалған буын» дидактикалық ойыны.

Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау. «Жоғалған буын» ойынын ойната отырып, сөздер ойлап, оларды қатыстырып сөйлем құруға және сөздерді дұрыс буынға бөлуді үйрету. Қолдарын әдемі жазуға тәрбиелеу және қызығушылығын арттыру.

1










Барлығы:

48 сағат.


Мақсаты: Оқу дағдысының негізін қалау, фонетикалық есту қабілетін дамыту, дыбыстарды ажырата білу, әріптің баспа түрін таңбалап жазу, әріптерді таныту, буын, сөз, сөйлемді оқуға үйрету, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, өздігінен оқуға, жазуға дағдыландыру, кітап оқуға қызығушылығын арттыру, ауызша сөйлеуге үйрету жүзеге асырылады.

Міндеттері:

- балалардың жас ерекшелігін ескеру;

- оқыту принциптерін басшылыққа алу;

- сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктерін меңгерту, яғни сөздегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;

- буындап оқу әдісі арқылы, сөзді тұтастай оқуға дағдыландыру;

- дыбыстарды әріптермен дұрыс таңбалауға, жазуға, сөз ішіндегі олардың байланысуы тәсілдерін сақтап, сөздерді тұтас жазуға үйрету;

- жазудың талаптарын орындату;



- балалардың сөйлеу тілін, байланыстырып сөйлеуін дамыту.
Каталог: uploads -> doc -> 00de
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
00de -> Сабақта қолданылатын белсенді оқыту әдістері, қолданылатын модульдер: бихевиористикалық тәсіл
00de -> Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет