Білім беруде ақпараттық технологияны қолдану



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата06.02.2022
өлшемі146,26 Kb.
#79741
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Алипаев



БІЛІМ БЕРУДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ 
ҚОЛДАНУ 
 
Алипбаева С.Ғ.
Орал қ. 
 
Қазіргі заманда технологияны сабақ үрдісінде қолданудың 
ғылымилығы зор болып отыр. Ғылымилығы біріншіден, 
технологиялық 
үрдістердің 
ақпараттандырылуы 
мен 
электронылануымен байланысты. Қазіргі информатика есептеуіш 
техникамен тығыз байланысты. Ақпараттық ресурстардың 
стратегиялық маңызы зор болғандықтан, информатика қарқынды 
өндеуді қажет етеді. Сондықтан, компьютерлендіру және сонымен 
бірге дамып келе жаткан ақпараттық технология кең көлемді 
ақпаратты іздеу және өнделуіде ерекше орын алды. Соңғы уақытта, 
компьютерлік және телекоммуникативті технологиянын қолдануды 
кең көлемде қамтитын және ақпараттық орталықта ЭЕМ-ді есептеу 
технологиясынан өтудің жаңа түр сипатын қолдана отырып 
құратын жаңа ақпараттық технологиялар қалыптасты. 
Жаңа ақпараттық технологияның құрамдас бөліктері: 
1.
ЭЕМ-нің тармақталған және жергілікті желілер негізінде 
жаңа технология коммуникациясы; 
2.
Электронды техника негізінде ақпаратты өңдеудің жаңа 
технологиясы; 
3.
Басқарушылық шешімдерді өндеудің жаңа технологиясы, 
соның ішінде жасанды интеллект құралының көмегімен. 
Қазіргі уақытта ақпараттық технологияның 3 негізгі функциясы 
бар: 
1.
Интеллектуалды интерфейс жүйелер және ЭЕМ негізінде 
есептеудің дербестілігі; 
2.
Білім және берілгендер қоры; 
3.
Жергілікті желі арқылы берілгендерді жіберу. 
Бұл функциялар арнайы және әмбебап ақпараттық кешендер 
көмегімен құрылып жүзеге асырылады. 
Соңғы кезде жаңа ақпараттық технологиялар қазіргі оқыту 
жүйесіне маңызды әсер етуде. Оқу-тәрбие үрдісін жаңа 
электрондық оқыту құралдары және ЭЕМ-ді қолдану арқылы 
анықтайтын жаңа ақпараттық технология пайда болды. 
ЭЕМ-ді қолдану арқылы оқыту технологиясы 2 түрге бөлінеді: 


1.
Рецептивті электронды оқыту, білімді аудио немесе видео 
түрінде жазылған таспалар арқылы, теледидар арқылы берілетін 
қабылдау және меңгеру негізінде қабылданатын; 
2.
Интерактивті электронды оқыту, оқушы және адам мен 
машинанын диалогы түрінде оқыту жүйесінің арақатынасының 
негізі. Жаңа интерактивті оқыту жүйесіне компьютер, телевизор, 
бейнедиск ойнағыш (осы құрылғы кешен арқылы қатысу эффектісі 
көрінеді) кіреді. [1] 
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды 
болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, 
яғни, оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып 
табылады. 
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа инновациялық 
технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны 
бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие 
үрдісінің 
барлық 
деңгейлерінің 
тиімділігі 
мен 
сапасын 
жоғарылатуды көздейді.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары былайша 
анықталады: 
-
ақпараттық-білім 
беру 
ортасын 
оның 
қызмет 
ету 
технологиясын қамтамасыз ететін жұмыстардың жиыны ретінде 
қарастырылатын оқу мекемесі деңгейінде құру; 
-
оқыту үрдісін, ғылыми зерттеулерді және ұйымдасқан 
басқаруларды қамтамасыз ететін білім берудегі ақпараттық 
технологияларды жүйелі біріктіру; 
-
біртұтас білім беру ақпараттық кеңістігін құру. 
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – 
ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да 
ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды 
ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қазіргі кезде біздің 
қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең 
ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты 
барлық ақпараттық - коммуникативтік технологиялар педагогтар 
қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына 
айналып отыр. «Білім берудегі ақпараттық - коммуникативтік 
технологиялар» 
ұғымы 
«оқытудың 
жаңа 
инновациялық 
технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», 
«компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен 
тығыз байланысты. [2] 


Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби 
дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытудағы 
адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға 
қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны 
қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең 
меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, 
жаңашыл тұлғаны қалыптастыру. 
Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, 
мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Қазіргі уақытта 
мектептерде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен 
қарастырылған. Мектеп кебинеттерінде интерактивті тақта 
орнатылған. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді 
ойластырып, жоспарлау қажет етеді. 
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл 
оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық 
жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, 
өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға 
мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін 
дұрыс таңдай білуі қажет [3].
Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл пән 
мұғаліміне оқу үрдісін түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық 
байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын 
кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық 
жағдай жасауы. 
Ақпараттық технологияның біріне компьютер жататын болса, 
сабақта компьютерді пайдаланудың тиімділігін былай саралап 
көрсетуге болады.
1.
Оқушы мен мұғалімнің позитивтік оң қатынаста болуына 
ықпал етеді. Олай дейтініміз, оқушылар компьютермен тікелей 
қатысты болғандықтан өзін еркін сезінеді. 
2.
Компьютермен 
жұмыс 
барысында 
оқушылардың 
белсенділік, 
жауапкершілік 
және 
өзіндік 
шығармашылық 
қабілеттері қалыптасады. Оқушы өз бетінше еңбектенеді. Өз 
еңбегінің нәтижесін көреді. Өзін-өзі қадағалауға мүмкіншілік 
туады. Тапсырмаларды мұғалімнің көмегінсіз орындайды. Сол 
арқылы ойлау және есте сақтау қабілеттері дамиды. 
3.
Берілетін материал бірсарынды болып, тек мұғалім ғана 
сөйлейтін болса, балалар тез шаршап қалады да, сабақ сәтсіз 
аяқталады. Осындай көңілсіз жағдайларды болдырмау үшін сабақ 


үрдісінде 
компьютер 
арқылы 
оқушылардың 
белсенділігін 
арттыратын 
элементтер 
қолдану 
қажет. 
Мысалы, 
СТО 
стратегияларын, дидактикалық үлестірмелер, түрлі ребустар, 
суреттермен жұмыс кросвордтарды жатқызуға болады [4]. 
Инновациялық 
технология 
электрондық 
есептеуіш 
техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді 
пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті 
тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту 
бағдарламаларына 
негізделеді. 
Ақпараттық 
әдістемелік 
материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану 
арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Жедел дамып отырған 
ғылыми –техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын 
ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. 
Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына 
экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық 
қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі 
тәуелді болады. 
Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану 
айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық 
оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін 
арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, 
шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Инновациялық 
технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін 
дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға 
енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. [5] 
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық 
білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін 
дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру 
құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық 
қоғамға бейімдеу. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет