«білім берудегі менеджмент»


Басқару негізі ретіндегі педагогикалық процестің мәні



бет14/24
Дата08.02.2022
өлшемі82,3 Kb.
#121937
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ
№1 (копия) (копия), №1 Аман
2. Басқару негізі ретіндегі педагогикалық процестің мәні.

Білімнің қай саласында болмасын, еңбек процесі өту кезіндегі жағдайы мен сапасының диагностикасы жетекші роль атқарады. Қазіргі ғылыми әдебиеттерді «педагогикалық диагностика» терминіне біршама анықтама берілген. Көптеген жағдайларда бұл анықтамалар психолгиялық көзқарас тұрғысынан беріледі. Сондықтан да педагогикалық диагностика мазмұнында психологиялық процестерді оқып үйрену және педагогтар мен шәкірттердің тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға баса көңіл бөлінеді.


«Диагноз» грек тілінен аударғанда танып білуді білдіреді (бұл – ғылымға ортақ термин). Психологиялық- педагогикалық зерттеулерде құрылым, функция, міндеттер және педагогикалық диагностика бағыттары анықталады (Б.С.Кобзарь, Л.И.Катаева, Е.А.Берулова, Б.П.Макарова, Б.П.Битинас, В.П.Симонов және т.б.)
Б.П.Битинас педагогикалық процесс жағдайының оңтайлы жинақталған көрсеткіштерін айқындайтын ғылыми бағыттағы педагогикалық диагностиканың негізгі міндеттерін анықтап берген.
Педагогикалық диагностика соңғы онжылдықта іс-әрекет нысаны және мұғалім мен ұстазды басқару ұстанымын қарастырылып келеді. Қазіргі педагогика ғылымында ұстаздың іс-әрекет нысаны педагогикалық (оқу-тәрбие) процесі деп мойындалған. Соған орай ұстаздың жұмыс тиімділігі оның іс-әрекет нысаны ретіндегі біртұтас педагогикалық процесс теориясын қаншама білуіне және диагностикалау дағдысын меңгеруіне тікелей байланысты. Сонымен педагогикалық диагностикаға мына төмендегідей анықтама беруге болады:
«Сипаттама үшін аса қажет білім мен іс-әрекеттің жиынтығы және педагогикалық процесс жағдайы себеп-салдарын анықтау, мақсаттар арасындағы қарама-қайшылықты және «педагог-шәкірт» жүйесі мүмкіндіктерін айқындау».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет