Білім берудегі менеджмент



бет22/60
Дата11.06.2023
өлшемі309,25 Kb.
#178621
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   60
Байланысты:
әдістемелік құрал Менеджмент
Динамика БЖБ, шөл зонасы, ВСЯ Шпора, Шпаргалка менеджмент, Жоңғар Алатауы, zadachi na ekz po propedu (1)
Білім беру қызметі маркетингінің мақсаты – аймақтық еңбек рыногының қажеттілігін ескере отырып, қоғам мен жеке тұлғаның білім беру қажеттілігін қамтамасыз ететін білім беру жүйесін дамытудың шарттарын қалыптастыру; рынок жағдайында білім беру жүйесін дамыту мен сақтау.
Маркетинг тұжырымдамасының негізгі объектісі – білім беру қызметтерінің тұтынушылары болып саналады. Қажет болу үшін білім беру мекемесі біріншіден, білім беру қажеттілігін оқып түсініп, екіншіден, басқа білім беру мекемелеріне қарағанда оларды жақсылап қанағаттандыруы тиіс. Қазіргі маркетинг мекеменің қызметін басқаруда жүйелі және кешенді тұрғыға негізделген. Маркетинг негізінде рынокты зерттеу, білім беру мекемелерінің соңғы тұтынушыға дейін алға жылжуы, білімді қаржылық қамтамасыз ету жүзеге асады. Осы тұрғыда келесілерге назар аударылады: әлеуметтік және психологиялық сипаттамалары тән тұтынушылар; олардың нарықтағы тәртібі; сұраныс пен ұсынысты талдау, олардың тепе-теңдікті сақтау жолын іздестіру; тұтыну нарығында қолданылмаған мүмкіндіктерді анықтау. Білім беру қызметін минималды шығынға бейімделген тұтынушылардың сол уақытта пайда болған қажеттіліктерін анықтау мен олардың сұранысын қанағаттандыру тұрғысынан қарастыру қажет.
Мектептер өзін қоршаған ортаны жəне ол ортаның болашақ өзгерістер бағытында талдау жұмыстарын жүргізе бастады. Мектеп өзінің бəсекелестік заман жағдайына дайындығын ойластырып, одан жеңіп шығу жолдарын іздестіретіндей санаға жетуде. Бұл орайда білім ордасы өзінің барша тіршілігінің нəтижесін тек оқу –тəрбие процесін ұйымдастырудағы табыстарымен ғана байланыстыруы тиіс.
Бүгінде ұйымның дамуы инновациялармен тікелей байланысты. Ұйымдық өзгеріс қарастыратын маңызды элемент – инновация болып табылады. Инновация – жаңа өнімдер мен қызметтерді дамыту, не болмаса қолда бар өнімдер мен қызметтерді жаңаша қолдану үшін ұйымның ұйымдастырылған күш-жігері. Әрине, инновация өте маңызды, себебі жаңа өнімдер мен қызметтер болмаса, кез келген ұйым бәсекелестерінен артта қалады. Ұйымның инновациялық процесі даму, қолдану, іске қосу, өсу және шығармашылық идеялардың кемелденуі мен құлдырап, төмендеуін басқарудан тұрады. Ұйымдар инновация процесін белсенді басқаруға ұмтылады. Келесі қадамдар көптеген инновацияларды сипаттайтын жалпы өмір циклін көрсетеді. Әрине, инновация процесіне ойланбай және тым қатаң кіріссе, ол зардап шегеді.
Басқарушылық инновация – өнімдер мен қызметтер ойлап табылып, жасалып, тұтынушыларға жеткізілетін менеджмент процесіндегі өзгерістер. Басқарушылық инновациялардың өнімдер мен қызмет түрлерінің физикалық көрінісіне немесе сипаттамасына тікелей әсер етуі міндетті емес. Шындығында, бизнес процестегі өзгеріс, не болмаса реинжиниринг, әуелде талқылағандай, басқарушылық инновацияны көрсетеді. Техникалық инновациялардың ең маңызды екі түрі – өнім инновациясы мен өндірістің жаңа әдісі. Өнім инновациясы – қолдағы бар өнімдер мен қызмет түрлерінің физикалық көрінісі, не болмаса сипаттамасындағы өзгерістер немесе жаңа өнімдер мен қызмет түрлерін жасау.
Өндірістің жаңа әдісі – өнімдер мен қызмет түрлерін өндіру, жасау және тарату жолдарындағы өзгеріс. Басқарушылық инновациялар дамудың кеңірек ортасына әсер етсе, өндірістің жаңа әдісі тікелей өндіріске әсер етеді. Айталық робот техникасын енгізу – өндірістің жаңа әдісі. Өнім инновациясы мен жаңа өндіріс әдісінің ел экономикасының табыстылығына әсері жаңа өнім мен қызмет жасалатын инновация процесінің кезеңіне байланысты. Инновация процесі дамудан құлдырауға дейін көшкендіктен, инновациялық өнімдердің экономикалық табыстылығы біртіндеп төмендей бастайды. Керісінше, осы процесс аралығында өндірістің жаңа әдісінің экономикалық табыстылығы жоғарылай бастайды.
Жапон ұйымдары өндірістің жаңа әдістері бойынша көп табысқа жетті десек, артық айтқанымыз болмас. 60-жылдары жапондық фотоаппарат шығарушы Canon және Nikon компаниялары әлемдік нарықтағы өз үлесін арттыру үшін агрессиялық түрткі болғанға дейін, 35 миллиметрлік фотоаппараттар нарығында неміс және еуропалық өндірушілер көш бастап келген. Әрине, адыңғы кейбір жапондық өнімдер керемет табысқа жеткен жоқ, алайда бұл компаниялар өз технология процестерін қаржыландыруды жалғастыра берді, нәтижесінде, өнімнің сапасын арттырып, өндірістік шығынды азайтуға қол жеткізді. Жапондық ұйымдар 35 миллиметрлік фотоаппараттардың әлемдік нарығында басым түсті, ал неміс компаниялары сол инновация қарқынына ілесе алмай, нарықтағы үлесі мен пайдалылықты сақтап қалу үшін күресуге мәжбүр болды. Ал видео жазуда цифрлық технологияға жол берілгенде, тағы да сол жапондық фирмалар осы нарықта көшбасшылыққа ұтымды өтіп кетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет