Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы


-тарау. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мазмұнына қойылатын талаптар



бет14/18
Дата07.02.2022
өлшемі381,34 Kb.
#94678
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
2 5465154380158207824
туракты ток сурак, туракты ток сурак, туракты ток сурак, перспи апплика, перспи апплика, Мадина үшеуі бірге, англ Талшын, интересные пси, құқық талшын
2-тарау. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мазмұнына қойылатын талаптар
2-параграф. Докторантура
68. Білім беру компоненті докторантураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінің 30%-ын немесе 53 академиялық кредитті құрайды және жоғары оқу орны компонентін (бұдан әрі – ЖК) және таңдау компонентін (бұдан әрі – ТК), практиканы қамтитын базалық пәндер (бұдан әрі – БП) және бейіндеуші пәндер циклінен тұрады. Бұл ретте, БП және бейіндеуші пәндер көлемінің қатынасын ЖОО дербес анықтайды.
ӘАОО-да білім беру бағдарламаларына ЖК пәндерінен тұратын БП және бейіндеуші пәндер циклдері кіреді.
69. ЖК және ТК пәндерінің тізбесін ЖОО-лар дербес анықтайды. Бұл еңбек нарығының қажеттілігі, жұмыс берушілердің үміттері, докторанттардың қажеттіліктері мен мүдделері есепке алынады.
ӘАОО-да ЖК пәндерінің тізбесін ӘАОО дербес анықтайды.
Пәндер мен модульдер бағдарламалары, әдетте, білімнің бірқатар бағыттарының түйісуінде кадрлар даярлауды қамтамасыз ететін пәнаралық және көп салалы сипатқа ие.
70. PhD докторантурада кадрлар даярлау магистратураның білім беру бағдарламаларының базасында жүзеге асырылады, бейінді докторантурада, оның ішінде DBA бағдарламалары бойынша – магистратура немесе бейінді магистратураға теңестірілген жоғары арнаулы білім беру базасында жүзеге асырылады. Бұл ретте "кіруде" докторантураның білім беру бағдарламасының бейіні магистратураның бағдарламасымен сәйкес келген жағдайда, алдыңғы деңгейдегі формалды білім берудің оқыту нәтижелері автоматты түрде танылады; докторантураның білім беру бағдарламасының бейіні магистратура бағдарламасымен сәйкес келмеген жағдайда, докторантқа игеру үшін пререквизиттер белгіленеді (ӘАОО-да пререквизиттер орнатылмайды).
Қажетті пререквизиттер тізбесі мен оларды игеру мерзімдерін ЖОО-лар дербес анықтайды. ӘАОО-ны қоспағанда, пререквизиттер ақылы негізде игеріледі.
Пререквизиттер ретінде докторант тануды ЖОО Заңның 5-бабының 38-3) тармақшасына сәйкес жүзеге асыратын тиісті деңгейдің формалды емес білім берудегі оқыту нәтижелерін ұсына алады.
ӘАОО-ны қоспағанда, бейінді бағыттағы магистр PhD докторантураға түскен жағдайда, пререквизиттер ретінде ғылыми-педагогикалық магистратураның педагогикалық бейінінің білім беру бағдарламасы қосымша белгіленеді.
71. Философия докторын (PhD) даярлаудың білім беру бағдарламасы ғылыми-педагогикалық бағытқа ие және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі және ғылыми сала үшін ғылымның тиісті бағыттары бойынша іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу дайындығын және пәнді терең зерделеуді болжайды.
72. Бейіні бойынша доктор даярлаудың білім беру бағдарламасы ұлттық экономика, білім, медицина, құқық, өнер, экономика, ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы, бизнес-әкімшілендіру сияқты әлеуметтік салалар үшін ғылымның тиісті бағыттары бойынша іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу дайындығын және пәнді терең зерделеуді болжайды.
73. Докторантураның кәсіптік даярлау бойынша білім беру бағдарламалары PhD докторанттар немесе бейіні бойынша докторлар даярлауға арналған аккредиттелген бағдарламаларды іске асыратын шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтар тәжірибесін зерделеу негізінде әзірленеді.
74. Практика ғылыми, ғылыми-педагогикалық және кәсіптік қызметтің практикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.
Докторантураның білім беру бағдарламасы:
1) PhD бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін – педагогикалық және зерттеу практикасын;
2) бейінді докторантура бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін – өндірістік практиканы қамтиды.
Педагогикалық практика кезеңінде докторанттар қажет болған жағдайда бакалавриатта мен магистратурада сабақ өткізуге тартылады.
Докторанттың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерін зерделеу, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолдану, диссертациялық зерттеулерде эксперименттік деректерді түсіндіру бойынша практикалық дағдыларды бекіту мақсатында өткізіледі.
Докторанттың өндірістік практикасы оқыту және кәсіби деңгейін арттыру барысында алған теориялық білімді бекіту мақсатында өткізіледі.
Зерттеу және өндірістік практикалардың мазмұны докторлық диссертациялар тақырыбымен анықталады.
75. Докторантураның білім беру бағдарламасының ғылыми компоненті докторанттың ғылыми зерттеу (бұдан әрі – ДҒЗЖ) немесе эксперименттік-зерттеу жұмыстарынан (бұдан әрі – ДЭЗЖ), ғылыми жарияланымдарынан, докторлық диссертацияларды жазу мен қорғаудан құрылады.
Ғылыми компоненттің көлемі докторантураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 64%-ды немесе 115 академиялық кредитті құрайды.
76. ДҒЗЖ (ДЭЗЖ) шеңберінде докторанттың жеке жоспарында инновациялық технологиялармен және жаңа өндіріс түрлерімен танысу үшін ғылыми ұйымдарда және (немесе) тиісті салалардағы немесе қызмет салаларында, оның ішінде шетелде міндетті ғылыми тағылымдамадан өту көзделеді.
Шетелдік тағылымдамадан өту шарттарын ЖОО дербес анықтайды.
77. Философия докторы (PhD) бағдарламасы бойынша білім алушының ДҒЗЖ қойылатын талаптар:
1) докторлық диссертация қорғалатын докторантураның білім беру бағдарламасының негізгі мәселелеріне сәйкес келеді;
2) өзектілігі, ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығы;
3) ғылым мен практиканың қазіргі заманғы теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделеді;
4) компьютерлік технологияны пайдалана отырып, деректерді өңдеудің және интерпретациялаудың қазіргі заманғы әдістеріне негізделеді;
5) ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы әдістерін қолдана отырып жүргізіледі;
6) негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерді қамтиды.
78. Бейіні бойынша доктор бағдарламасы бойынша білім алушының ДЭЗЖ қойылатын талаптар:
1) докторлық диссертация қорғалатын білім беру бағдарламасының негізгі мәселелеріне сәйкес келеді;
2) өзектілігі, ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығы;
3) ғылымның, технологияның және өндірістің қазіргі заманғы жетістіктеріне негізделіп, интеграцияланған, функционалдық сипаттағы басқару мәселелеріне арналған нақты практикалық ұсыныстарды, тәуелсіз шешімдерді қамтиды;
4) озық ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады;
5) негізгі қорғалатын ережелер бойынша эксперименттік-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерден тұрады.
79. Оқу жылы аяқталғаннан кейін жыл сайын докторант жеке жұмыс жоспарын орындау бойынша академиялық аттестаттаудан өтеді. Докторантураның академиялық аттестациясын өткізу тәртібін ЖОО дербес анықтайды.
80. Докторлық диссертация ДҒЗЖ (ДЭЗЖ) кезеңінде жүргізіледі.
ДҒЗЖ (ДЭЗЖ) қорытынды нәтижесі докторлық диссертация болып табылады.
81. Докторантураға оқуға түскеннен кейін екі ай ішінде докторлық диссертацияны жүргізу үшін докторантка ғылыми жетекші тағайындалады.
Ғылыми кеңестің шешімі негізінде ЖОО ректорының бұйрығымен ғылыми жетекші бекітіледі.
82. Философия докторы (PhD) дәрежесіне ізденуші докторанттарға ғылыми жетекшілік етуді ғылым докторлары немесе кандидаттары қатарынан тағайындалатын, кемінде 2 адамнан тұратын консультанттар жүзеге асырады, олардың бірі шетелдік ЖОО ғалымы болады ("Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" даярлау бағыттары тобынан басқа).
Бейіні бойынша доктор немесе DBA дәрежесіне ізденуші докторанттарға ғылыми жетекшілік етуді ғылым докторлары немесе кандидаттары немесе философия докторлары (PhD) қатарынан тағайындалатын, кем дегенде 2 адамнан тұратын консультанттар жүзеге асырады, олардың біреуі тиісті саланың немесе қызмет саласының жоғары білікті маманы болады.
Ғылыми консультанттар докторанттардың оқу тәртібін сақтауына, докторанттың жеке жұмыс жоспарын орындауына және диссертациялық жұмыстың уақытылы ұсынылуына жауап береді.
83. Докторлық диссертацияның тақырыбы бірінші семестрде анықталып, ғылыми кеңестің шешімімен бекітіледі.
84. Диссертациялық зерттеудің мазмұны ұлттық басымдықтарды, мемлекеттік бағдарламаларды, іргелі немесе қолданбалы зерттеулер бағдарламасын іске асыруға бағытталған.
85. Докторанттың ғылыми зерттеуінің негізгі нәтижелері ғылыми-талдамалық және ғылыми-практикалық басылымдарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде № 6951 тіркелген) бекітілген Ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды беру қағидаларына сәйкес жарияланады.
86. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы осы МЖБС-ға 7-қосымшаға сәйкес келтірілген.
Бейіндік докторантураның білім беру бағдарламасының мазмұнын ЖОО дербес белгілейді.
ӘАОО-да докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы осы МЖБС-ға 8-қосымшаға сәйкес келтірілген.
Докторантураның білім беру бағдарламалары модульдік оқыту принципі бойынша құрылымдалады.
87. Қорытынды аттестаттау 12 академиялық кредитті немесе докторантураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 6%-ды құрайды және докторлық диссертацияны (жобаны) жазу мен қорғау түрінде өтеді.
Докторанттың қорытынды аттестациясы докторлық диссертацияны жазу мен қорғау түрінде өтеді.
Докторлық диссертация Мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпараттың ұлттық орталығы жүзеге асыратын, авторға және дереккөзге сілтемесіз бөтен материалдың пайдаланылуына тексеруден (диссертацияны плагиатқа тексеру) өтуі тиіс.
88. Қорытынды аттестаттаудың мақсаты докторанттың ғылыми-теориялық және зерттеу-аналитикалық деңгейін, қалыптасқан кәсіби және басқару құзыреттерін, кәсіби міндеттерді өз бетінше орындауға және кәсіби стандарттар мен білім беру бағдарламалар талаптарына сай дайындығын бағалау болып табылады.
89. Қабылдау емтихандары мен DВА білім беру бағдарламаларына қабылдауды ЖОО дербес белгілейді.
DВА білім беру бағдарламаларына оқыту ақылы негізде жүргізіледі.
90. DВА түлектерінің негізгі құзыреттері білім алушының қабілеттерін сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді:
1) ұйымдастыруға жүйелік көзқарастың әдіснамасын, менеджменттің аналитикалық әдістерін және басқарудың заманауи тәсілдерін, диагностикалау, талдау және проблемаларды шешу әдістерін, сондай-ақ шешім қабылдау әдістерін және оларды тәжірибеде жүзеге асыра білу;
2) менеджменттің практикалық проблемаларын білікті түрде шешу және осы шешімдерді өмірде жүзеге асыру, басқару функцияларын орындауға дайын болу және тұтастай ұйымның мүддесі үшін кәсіби проблемаларды шешуге қабілетті болу;
3) тиісті басқарушылық қызметке ие болу үшін қажетті және нарықтық экономиканың ерекшеліктері мен оның мүмкіндіктерін, мемлекеттің функциялары мен экономикалық рөлін терең түсінуге, экологиялық проблемаларды түсінуге, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін және оны жүргізудің өркениетті этикалық нормаларына сүйенгенін түсінуге негізделген қажетті білімді, іскерлік пен дағдыларды меңгеру;
4) Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қазірі проблемалары мен перспективаларын бағалау, әлемдік экономика мен жаһанданудың қазіргі даму үрдістерін түсіну және халықаралық бәсекелестік мәселелерін басшылыққа ала білу.
91. DВА білім беру бағдарламасы:
1) теориялық оқытуды;
2) ғылыми-зерттеу жұмысын, оның ішінде докторлық диссертацияларды орындауды;
3) қорытынды аттестаттауды қамтиды.
92. DBA білім беру бағдарламасының мазмұны қазақстандық бизнес пен менеджменттің ерекшеліктері мен принциптерін, халықаралық бизнесті және шетелдік басқару тәжірибесін зерттеуді ескере отырып әзірленеді.
ЖОО компоненті мен таңдау компоненті пәндерінің тізбесін жұмыс берушілердің және еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес ЖОО дербес анықтайды.
93. DBA білім беру бағдарламасының құрылымы осы МЖБС-ға 9-қосымшаға сәйкес келтірілген.
94. DBA білім беру бағдарламасының зерттеу компоненті докторанттың қолданбалы және зерттеу жұмыстарынан, басылымдары мен докторлық диссертациясын жазуынан қалыптастырылады.
95. Докторанттың зерттеулерінің нәтижелері кемінде 7 (жеті) ғылыми басылым мен журналдарда, оның ішінде кемінде 3 (үш) алыс шетелдердегі ғылыми басылымдарда және халықаралық ғылыми конференцияларда жарияланады.
96. DBA бағдарламасының докторанттарына ғылыми жетекшілік етуді ғылым докторлары (кандидаттары) қатарынан тағайындалатын, ғылыми-зерттеу (академиялық) тәжірибесі бар немесе басқару және консалтингтік жұмыс тәжірибесімен DBA дәрежесі бар кемінде екі консультант жүзеге асырады.
97. DBA бағдарламалары бойынша оқытуды ғылым докторы немесе кандидаты дәрежесі бар және даярлау бағыты бойынша кәсіби білім мен дағдыларға ие халықаралық тағылымдамалары мен жарияланымдары бар профессорлық-оқытушылық құрам жүзеге асырады.
98. ЖОО заманауи білім беру технологияларын қолдану және қажетті білім беру қызметтерін ұсыну арқылы DBA бағдарламасын іске асыру жағдайларын қамтамасыз етеді.
99. DBA білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен тұлғаларға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде № 6951 тіркелген) бекітілген Ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды беру қағидаларына сәйкес "Іскерлік әкімшілендіру докторы" дәрежесі беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет