Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысы «Білім туралы»


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты



бет2/14
Дата12.09.2020
өлшемі146 Kb.
#63854
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1. Жалпы ережелер
      1. Осы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - стандарт) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.
      Стандартта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терминдер пайдаланылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілді:
      1) индикатор – бала дамуының көрсеткіші;
      2) интеграция – жүйенің сараланған жеке бөліктері мен функцияларын тұтас жүйеге байланысқан жай-күйі, сондай-ақ осы жай-күйге келтіретін процесс;
      3) құзыреттілік – мектеп жасына дейінгі баланың тәрбие, даму, білімділік деңгейі, қалыптасқан жеке басының қасиеттері, білім нәтижесінің типі;
      4) негізгі құзыреттіліктер – күнделікті, кәсіби немесе әлеуметтік өмірлік жағдайларда қолданылатын, өмірдегі әралуан проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін білім, шеберлік, дағды, қабілет жиынтығы;
      5) құзыреттілік тәсіл – стандарт талаптарына сәйкес оқу-тәрбиелеу процесін өз бетімен ұйымдастыру, педагогикалық әдіс-тәсілдерді таңдау;
      6) білім беру ортасы – мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді тұлғалық, эмоционалдық, әлеуметтік және зияткерлік дамуы үшін пайдаланылатын перспективалық міндеттер мен құралдар жиынтығы қисынында құрылған мектепке дейінгі ұйымның ішкі өмірінің тұтас сипаттамасы;
      7) білім беру саласы – мектепке дейінгі балалардың физикалық, зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативтік және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ететін білімді, практикалық дағды мен шеберлік жиынтығын қамтитын білім беру стандартының бір бөлігі;
      8) білім беру траекториясы – педагогтің ата-аналармен және басқа мамандармен бірге белгілі мақсатқа қол жеткізу үшін межелеген бала дамуының үздіксіз процесі;
      9) ұйымдастырылған оқу қызметі – педагог ұйымдастырған және тәжірибеде қолдануға қажетті білім, шеберлік, дағдыларды меңгеруге бағытталған қызметтің бір түрі;
      10) үлгілік оқу жоспары – оқу мекемелерінің (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының) белгілі бір типтері үшін стандарттың бір бөлігі ретінде бекітілген негізгі мемлекеттік нормативтік құжат.
      2. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары білім беру қызметін:
      1) осы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына;
      2) үлгілік оқу жоспарларына;
      3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында Қазақстан Республикасының уәкілетті органы белгілеген тәртіппен әзірленген басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.
      3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты:
      1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын, мектепке дейінгі ұйымдардағы пәндік-дамытушы ортаның мазмұнын анықтайды;
      2) тәрбиеленушілер мен білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, тәрбиеленушілер мен білім алушылардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының педагогтеріне, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды анықтайды.
      4. Стандарт талаптары:
      1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде міндетті, олар мыналарға бөлінеді:
      негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін негізгі (базалық, вариативті);
      баланың қызығушылығы мен бейімділігін іске асыруға бағытталған қосымша;
      2) ведомстволық бағыныстылығына, меншік нысанына, типіне және түріне қарамастан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру кезінде міндетті;
      3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін дидактикалық оқу құралдары мен әдістемелік нұсқауларды әзірлеу кезінде міндетті;
      4) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының және педагогтердің қызметін мемлекеттік аттестаттау кезінде міндетті.

Каталог: images -> doc
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
doc -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым
doc -> Негізгі орта білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
doc -> Тәлімгер портфолиосын құрудың негізгі принциптері
doc -> Галилео Галилей Физик или астроном? Сначала давайте посмотрим его краткую биографию… Галилео Галилей
doc -> Оқу жылы бойынша №6 Хромтау гимназиясының тәрбие жұмысы бойынша жылдық есебі
doc -> 6 Хромтау гимназиясының әлеуметтік педагогтың 2013-2014 оқу жылына арнаған жұмыс жоспары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет