Білім және әлеметтік теңсіздік



Дата07.02.2022
өлшемі14,31 Kb.
#95612
Байланысты:
Әлеуметтану эссе “Білім және әлеуметтік теңсіздік”
Каналбай Аружан 12345

Білім және әлеметтік теңсіздік
Қазақстанда жаңа білім беру реформасы жалғасуда. Реформа отандық білім беру жүйесін қазіргі әлемдегі, соның ішінде еуропалық білім стандарттарына жақындатуға негізделген. Яғни, бұл дегеніміз білім беру үдерісін ұйымдастыруда жаңа технологияларды игеріп, кредиттік технологияға көшу, қашықтықтан оқыту әдісін және жаңа әдістер мен технологияларды дамыту керектігін көрсетеді. Студенттер тек қана білім жиынтығын, ілімдер мен дағдыларды игеріп ғана қоймай, сонымен қатар білімді өздігінен жинақтап, талдауға және оларды тәжірибелік іс-әрекетте қолдана білуі керек. Жаңа реформа негізінде адамға өзіндік ізденіс пен шығармашылық ойлауды қамтамасыз ететін, жаңа білім алуға мүмкіндік беретін білім жүйесін құру қажет. Мектептегі білім беру жүйесі бастауыш, орта, кәсіптік білім беруді қайта құрылымдаумен басталды. Жоғарғы оқу орындарында жаңа модельге көшу жүргізілуде: бакалавриат-магистратура-докторантура.
Білім беру әлеуметтануының обьектісі білім болып табылады. Көптеген ғылымдар үшін білім беру зерттеу негізінде көрініс табады, себебі бұл көпжақты күрделі әлеуметтік құбылыс.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын:
1)білім беру деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының және білім беретін оқу бағдарламаларының;
2)меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының;
3)білім беруді басқару органдары және тиісті инфрақұрылымдар, оның ішінде білім сапасы мониторингін жүзеге асыратын ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарының жиынтығын білдіреді.
Білім-өзінің тұрақты құрылымы, статусы, нормасы, ережесі, символдары бар, автономды түрде әрекет ететін әлеуметтік институт, оның әлеуметтік институтқа тән басқа да белгілері бар. Ең алдымен білім беру институциаландырылған, заңмен бекітіліп, мемлекетпен, қоғаммен мойындалған.
Халыққа білім беру қызметтерін көрсететін білім беру орындарының барлық түрлеріне білім беру мекемелері-мектептер, бала бақшалар, лицейлер, колледждер, гимназиялар, кәсіби-техникалық оқу орындары, жоғарғы оқу орындары, курстар, т.б. түрлері жатады.
Білім беру деңгейі халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділігіне байланысты. Білім беру-бір ұрпақтан екінші ұрпаққа мұра етілген әлеуметтік тәжірибе, күрделі үрдіс. Тәртіп бойынша, білім-бұл жүйелік білім беру және ол өркениетті қоғамда орын алған көп түрлі компоненттер мен элементтердің болуын талап етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет