Білім және Ғылым министірлігі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университиеті



Дата02.03.2023
өлшемі2,06 Mb.
#170827
Байланысты:
жерге оррн
Жас Орен байкауы

Білім және Ғылым министірлігі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университиеті

«Жерге орналастыру жобаларында жер кадастрлық материалдарды пайдалану»

Тобы:аП-21-6K4

Орындаған:Мухтар А.

Қабылдаған:Уразбекова М.

Шымкент 2022жыл


Жерге орналастырудың мақсаты – еліміздің жер қорын ұтымды пайдалануға алдын-ала әрекеттер межелеу жұмыстарымен аяқталмайды. Ауыл шаруашылығы өндірісінде жерге орналастыру алқаптардың құрамын, өндірістік аймақтардың, санаттардың және жер телімдерінің, шабындықтар мен жайылымдардың, жол тораптарының және шаруа қожалықтарының орналасуын анықтап, барлық өндірістің дамуына территориялық сипат береді. Жерге орналастырудың міндеттері: - қабылданған заң актілері негізінде жер қатынастарын реттеу; - жерді пайдалану арқылы шаруашылықтың әр түріне бірдей даму шараларын ұсыну; - жерді тиімді пайдаланып, қорғауды қамтамасыз ету; - топырақтың құнарлылығын арттырып, экологияға қолайлы орта жасау; - жер нарығын қалыптастырып, әрі қарай жетілдіру.
Жер кадастры — мемлекет аумағындағы жер ресурстарының табиғи және шаруашылық жағдайы мен оларды бағалау туралы мәліметтер жүйесі.
Жер телімдерінің орналасқан жері, нысаны, пайдаланылуы, ауданы мен шекарасы, сапалық сипаттамасы, жер пайдалану есебі мен жер телімдерін бағалау Жер кадастрының мәліметтері жүйесіне кіреді. Мемлекеттік Жер кадастрының деректері жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлаған, жерге орналастырған, шаруашылық қызметін бағалаған, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да шараларды жүзеге асырған кезде сүйенетін негіз болып табылады. Ол деректер жер үшін төлем мөлшерін анықтау кезінде, құқықтық және басқа кадастрды жүргізген кезде пайдаланылуы мүмкін. Жер кадастрын жүргізу мемлекеттік тапсырыспен бюджет есебінен жүзеге асырылады. Жер кадастрының мәліметтеріне әркімнің қолы жете алады, ол мүдделі тұлғаларға ақылы түрде беріледі. Мемлекеттік органдарға Жер кадастры мәліметтерін беру тегін жүзеге асырылады. Мемлекеттік Жер кадастрын жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Жерге орналастыру — мемлекеттегі жер қатынастарын, жерді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі. Жерге орналастыру жұмыстары: жерді аймаққа бөлудің республикалық, облыстық, және аймақтық жобалары мен жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді; жер пайдалану ісін жолға қою мен ретке келтіру жөнінде шаруашылықаралық жобалар жасауды; жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар дайындауды; орналасқан жерінде елді мекендердің шекарасын анықтау мен белгілеуді; әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше жағдайлары бар басқа да жер учаскелерінің шекараларын белгілеуді; бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобалары жатады. Сондай-ақ, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобаларды әзірлеуді; жерді есепке алу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған жерді анықтауды; топографиялық, геодезиялық, картографиялық, топырақтық, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді; жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді; жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланудың кадастрлық және тақырыптық карталары мен атластарын жасауды; жер-бағалау жұмыстарын жүргізуді қамтиды. Жерге орналастыру атқарушы органдардың шешімі не меншік иесінің, жер пайдаланушылардың өтініші бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік меншіктегі жерден жеке меншікке немесе жер пайдалануға жер учаскелерін бөлуге, сатуға және бағалауға байланысты жерге орналастыру жұмыстары, сондай-ақ, әкімшілік құрылымдардың шекараларын белгілеу, жер кадастрын жүргізу және жерді есепке алу жөніндегі жұмыстар мемлекет тарапынан ғана жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет