Білімділік: Əр түрлі мамандық туралы білімдерін кеңейту, түрлі мамандыққа, жұмыс



Pdf көрінісі
Дата07.02.2022
өлшемі37,17 Kb.
#90260
Байланысты:
Жаратылыстану
Жаратылыстану, Жаратылыстану, Жаратылыстану, Жаратылыстану


Мақсаты: 
Білімділік: Əр түрлі мамандық туралы білімдерін кеңейту, түрлі мамандыққа, жұмыс 
түрлеріне қатысты сөздерді (құрылысшы, мұғалім) айта білу. Құрылысшы 
мамандығымен жəне олардың еңбегімен таныстыру; құрылыс материалдарының 
бөлшектерін ажыратуға үйрету. Геометриялық фигураларды қиюға жəне олардан 
қалаған нысандарын құрастыруды үйрету. 
Дамытушылығы: Тəжірибе эксперименттік əрекет арқылы танымдық қабілеттерін 
дамыту. Тұрмыстық заттарды ұқыпты пайдалануға тəрбиелеу. Жалпы ұғым беретін үй, 
қала т. б сөздерді қалай түсінгендерін анықтап, қайталап отыру, сөздік қорындағы 
сөздерді əр түрлі грамматикалық формада (жекеше, көпше) түрде қолдана білуге 
үйретуді əрі қарай тереңдете жалғастыру. Қию техникасын, ұқыптылықты дамыту. 
Тəрбиелік: Əр түрлі мамандыққа қызығушылығын тудыру жəне еңбек адамдарына 
құрмет сезіммен қарауға тəрбиелеу. Іс - əрекеттің кез келген түріне шығармашылықпен 
келуді тəрбиелеу. 
Əдіс - тəсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ жауап, əңгімелеу, суретпен жұмыс. 
Көрнекілігі: Мамандықтардың суреттері, үй, дидактикалық материалдар, ақ қағаз, 
желім, түрлі - түсті қағаздар, көрнекі суреттер, АКТ 
Билингвальды компонент: Мен құрылысшы боламын – я буду строителем, үй - дом, 
құрылыс - стройка. 
Жүру барысы: 
Сəлемдесу – тəрбиенің басы,- деп қонақтармен амандасу. 
- Сəлеметсіздер ме! 
- Здравствуйте! 
- Good morning! 
Шаттық шеңбер. 
Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап... 
Балалар: Сəлем! 
Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап... 
Балалар: Сəлем! 
Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла... 
Балалар: Сəлем! 
Кел, қосылып айтайық бір - бірімізге... 
Балалар: Сəлем! 
Тəрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі? 
Балалар: Күз мезгілі. 
Тəрбиеші: Күз мезгілінің неше айы бар? 
Балалар: 3 айы бар. (қыркүйек, қазан, қараша) 
Тəрбиеші: күз мезгілінің қандай ерекшеліктері бар? 
Балалар: салқын болады, жауын жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар 
жылы жаққа ұшады. 
Тосын сəт. Қызыл телпекті қыз келеді. 
Қызыл телпек: Сəлеметсіздер ме құрметті балалар! Мен Қызыл телпекпін. Орманда 
саңырауқұлақтар теріп жүріп мынадай əдемі хатқалта тауып алдым. Бұның ішінде 


шешімі күрделі де қиын жұмбақ жасырылған. Мен бұл жұмбақтардың шешімін таба 
алмай осы жерге сендерден көмек сұрай келдім. Кəне, сендер жұмбақ шешкенді жақсы 
көресіңдер ме? Олай болса маған көмектесіңдерші... 
Тəрбиеші: Балалар Қызыл телпек қызымызға жұмбақтың шешуін табуға көмектесеміз 
бе? 
Балалар: Əрине. 
Жұмбақ жасыру: 
1) Мектептің жүрегі, 
Білімнің тірегі. (Мұғалім) 
2) Сауықтырар сырқатты, 
Жылы үнмен тіл қатты. (Дəрігер) 
3) Қалпағы ақ қарасаң, 
Дəрiгер емес, бiрақ ол. 
Дəм мəзiрiн қаласаң, 
Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз) 
4) Өскен шашты жаратпайтын, 
Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз) 
5) Қолында қалағы 
Зəулім үй салады 
Ол кім? (Құрылысшы) 
Тəрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Жұмбақтың шешімін таптыңдар. Олай болса 
бұларды бір сөзбен қалай атаймыз? 
Балалар: Мамандықтар. 
Тəрбиеші: Балалар, мұғалім – балаларды оқытып, тəрбиелейтін маман иесі. 
Дəрігер – ауырған адамдарды емдеп жазатын маман иесі. Аспаз – дəмді тағамдар 
пісіретін маман иесі. Шаштараз - шашымызды əсемдеп, қиятын маман иесі. 
Құрылысшы – əсем үйлер мен балабақша т. б ғимараттарды салатын маман иесі. 
Олай болса балалар осы мамандықтар арасынан біз бүгін «Құрылысшы» 
мамандығымен тереңірек танысамыз. 
Қызыл телпек: Балалар құрылысшы мамандығы қандай мамандық? 
Тəрбиеші: Құрылысшылар үй қалайды. Құрылыста үй жобасын жасайтын – сəулетші, 
тас қалаушы, темірлерді байланыстыратын - дəнекерлеуші, ағаш шебері, сылақшы, 
краншы, шатырлаушы еңбек етеді. 
- Сендердің үйлеріңде осындай жұмыс жасайтын адамдар бар ма? 
(ата - анасы, ата - əжесі қандай жұмыс жасайтындары туралы əңгімелеп айтады). 
Дидактикалық ойын: «Əр мамандықтардың тиісті құралын тауып белгіле?» 
Мақсаты: Балалардың мамандық иелерінің құралдарын ажырата білуін дамыту. 
Ойынның шарты: Балалардың алдына сурет беріледі, əр маман иесінің құралдарын 
сызба арқылы қосу. 
Тосын сəт: Құрылыста жасайтын құрылысшы маман келеді. 
Құрылысшы ағай: Сəлеметсіздер ме, балалар! Мен құрылыста қызмет етемін. Əдемі 
кірпіштерден үй саламын. Үйді салу кезінде бірінші іргетастан бастаймыз. Одан кейін 


тас қалаймыз, төбесін ағаштармен жауып, үстіне қаңылтырмен шатырын 
орналастырамын. Есік, терезелерін қондырамыз. 
Заттық дидактикалық ойын: «Құрылысшының құралын тап?» 
Мақсаты: Құрылысшының құралын ажырата білуін дамыту. 
Ойынның шарты: Барлық құралдар арасынан құрылысшыға қажет құралды тауып айту. 
Қимылды ойын: «Өз үйіңді тап» 
Мақсаты: Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа тəрбиелеу. Тез ойлау қабілеттерін 
жетілдіру. 
Шарты: Əуен ойналып балалар серуендеп жүреді. Əуен тоқтап, жауын жауған кезде, 
көп қатарлы үйге қыз балалар, бір қатарлы үйге ұл балалар өз орындарын табады. 
Шығармашылық - Аппликация 
Олай болса түрлі - түсті қағаздан əдемі үйімізді жапсырамыз ( үйді жапсыру жолдары 
түсіндіріледі). 
Сергіту сəті: 
Қортынды: Балалар, біздер қызыл телпекке жұмбақтың шешуін табуға көмектестік. 
Құрылысшы мамандығы қандай болатынын білдік пе? 
Үй салу үшін қандай құрылыс материалдары керек екен? 
Қандай құралдар қажет екен? 
Балалардың жауабы: 
Сау болыңыздар! 
Атырау қаласы. 


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет