Білімтуралы қ ұ жатта р


-бап. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары



бет18/58
Дата08.02.2022
өлшемі366,5 Kb.
#119019
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58
Байланысты:
Білім туралы заң
Назарова Н М , Специальная педагогика(1), Назарова Н М , Специальная педагогика(1), Назарова Н М , Специальная педагогика(1), Начало работы с OneDrive, А-жаңа шпор педагогика-1-1, тесттер жинағы, монолог, Лесбек Н психология бөж
21-бап. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары
1. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдар­ламалары біліктілікті және (немесе) “бакалавр” академиялық дәрежесін бере отырып мамандар даярлауға, олардың кәсіптік даярлығының деңгейін дәйектілікпен арттыруға бағытталған.
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы бойынша оқуды аяқтап, “бакалавр” академиялық дәрежесі берілген адамдар біліктілік талаптары жоғары білімі болуды көздейтін лауазымдарды атқара алады.
2. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдар­ламаларының мазмұны жалпы білім беретін пәндер циклін, базалық пәндердің циклін, бейіндеуші пәндердің циклін зерделеуді, сондай-ақ тиісті мамандықтар бойынша кәсіптік практикадан өтуді көздейді.
Пәндердің әрбір циклі міндетті құрамдас бөлікті пәндерден және таңдау бойынша құрамдас бөлікті пәндерден тұрады. Білім алушылардың таңдауы бойынша құрамдас бөліктен тұратын пәндер әрбір циклде міндетті құрамдас бөлікті пәндерді мазмұндық толықтыруы тиіс.
Университеттер конкурстық негізде оқытудың жаңа сапалық жетілдірілген технологиялары, әдістері мен нысандары бар инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және енгізуге құқылы.
3. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдар­ламаларын игеру мерзімі мемлекеттік жалпыға мін­детті жоғары білім беру стандартымен айқындалады және кемінде 4 жыл болуға тиіс.
4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар азаматтар үшін жоғары оқу орындары оқыту мерзімін қысқартуды көздейтін кәсіптік оқу бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады.
5. Әскери жоғары оқу орындары білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша әзірлеген және олардың мемлекеттік басқару органдары бекіткен әскери мамандықтар бойынша жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асырады.
6. Интернатураның кәсіптік оқу бағдарламасын игеру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тізбесін бекітетін клиникалық мамандықтар бойынша жоғары медициналық білім алған азаматтарды клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты болып табылады.
Интернатура туралы ережені денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет