Бимаканова зылыйха шахметовна


Тақырып: Білім, ғылым, техника және технологиялар



бет6/15
Дата21.09.2022
өлшемі138,14 Kb.
#150174
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
«философия» П ні бойынша д рістер курсы

2.2 Тақырып: Білім, ғылым, техника және технологиялар
1.Қазіргі ғылымның жетістіктері және оның себептері. Әдіс мәселесі.
2.Ғылымдардың әртүрлі классификациясы.
3.Қоғам өміріндегі ғылымның рөлін бағалаудағы қайшылықтар.
3.Ғылым және техника. Ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі ғылымның даму болашағы мәселелері.
4.Қазіргі ғылым және этика. Отандық ғылым мен білімнің дамуындағы "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасының үлесі.
Бүгінгі қоғам өмірін ғылым мен техникасыз көзге елестету мүмкін емес. Ғылым - дүниетану, жалпы алғанда, рухани өндірістің қалыптасқан ерекше түрі. Оның өз мекемелері (ғылыми-зерттеу институттары, зертханалар т.с.с.), ғылыми қауымдастықтары, зерттеу жабдықтары, ақпарат алмасу (журналдар, конференциялар т.с.с.), қаржы орталықтары т.с.с. бар. Ғылымның негізгі мақсаты -адамзат қажеттіліктерін өтеу жолында соған керек білімді өндіріп, оны іс жүзінде өмірде пайдалануға болатындай етіп, кайта өзгерту. Екіншіден, барлық ғылым салаларынан шығатын деректер мен тұлсырымдар, теориялардың басын біріктіріп, олардың өзара байланыстарын анықтап, «Дүние жөнінде ғылыми сурет» жасау болмақ. Осының негізінде адамдардың дүниеге деген көзқарасы қалыптасады. Дүниенің ішкі сырын ашып, оны өз пайдасына жаратып, ақырында сол Табиғатты өз еркіне көндіру - талай ғасырлар бойы жаратылыстану ғылымдарын дамытудағы бағыт болды десек ақиқаттан алшақ болмайтын сияқтымыз. Өйткені біршама Батыс ойшылдарының өзі-ақ бүгінгі таңдағы Еуро-Атлантикалық цивилизацияның терең дағдарысын осы себептен көруде. Бірақ бұл мәселенін әлеуметтік-экономикалық жағы тағы да бар. Ол Еуропа топырағына Қайта өрлеу заманының келуімен тығыз байланысты (ХУ-ХҮІ ғғ.). Осы кезде Италияда теніз саудасы мен балық аулау, мата тоқу т.с.с. кәсіптердің дамуы арқасында біршама шаруалар өз кожайындарынан жеке бас бостандығын сатып алып, «жаңа байларға» айналып, шеберханаларында өз еркімен келіп, жалданып істейтін еңбек күшін пайдаланады. Сонымен капиталистік экономикалық қатынастардың негізі пайда болып, тез қарқынмен дами бастайды. Соңында болған буржуа-зиялық-демократиялық революциялар барлық адамдарға бас бостандығын әкеліп, бүкіл халықты заң жүзінде теңейді. Жаңа қалыптаскан жағдайда әр адам: «Мен не істеп өз жағдайымды дұрыстай аламын, қалай отбасымды асыраймын», — деген ойға келіп, ізденіске кіріседі. Осы миллиондаған адамдар белсенділігінің аркасында капитализм өндіргіш күштерді орасан зор қаркынмен дамытады. Ал ол үшін Табиғатқа бет бұрып, оның заңдылықтарын ашу арқылы ғана жаңа құрал-жабдықтар, технологиялар жасау мүмкін еді. Міне, біздің ойымызша, ғылымның ерекше салаға айналып, дамуының негізінде жатқан негізгі себеп осы болса керек. Қорыта келе, ғылым мен техниканың даму сатыларын былайша көрсетуге болады:

  1. ғылымға дейінгі саты (көне заманнан XV ғ. дейін)

  2. қазіргі ғылымның қалыптаса бастауы (XVI - XIX ғ. 70 жж.)

  3. классикалық ғылым мен техника сатысы (XIX ғ. 70 жж. бастап XX ғ. ортасына дейін).

  4. XX ғ. ортасынан бастап, осы күнге дейін (постклассикалық саты).

Енді ғылыммен тығыз байланысты екінші «техника» ұғымын талдауға уақыт келген сиякты. Гректің «техне» деген сөзі алғашқыда «өнер», «шеберлік» деген мағынада қолданды. Бүгінгі таңда «техника» деп барлық қоғамның салаларында қолданылатын неше түрлі құралдарды айтамыз.
Бүгінгі күнгі өмірде «технология» деген ұғымды көп пайдаланып жүрміз. Қарапайым сананың деңгейінде «техника» мен «технология» ұғымдары бір мағынада қолданылады. Алайда бұл ұғымдардың бір-бірінен айырмашылығы бар. Егер техникаға неше түрлі заттардан жасалған құралдарды жатқызсақ, технологияға белгілі бір жасанды затты, я болмаса құбылысты жасау жолындағы әдістерді, олардың бірінің соңынан бірі келетін тәртібін айтамыз. XX ғ. автоматтандырылған өндіріс ошақтарымен ауыстырыла басталды. Компьютерлік техника дамып, көп жағдайда бүгінгі таңда олар ақпаратты таңдап алу, оларды бір жүйеге келтіру, түр-түрге бөлу, т.с.с істермен айналысып, өндірістегі шешімдерге келуге, оларды іске асыруға көмектеседі. Сонымен тарихи адамның негізгі еңбек функциялары бірте-бірте машиналарға беріліп, олар қоғам өмірінде елеулі рөлге ие болды. Осы жетістіктерге таңыркап, ойшылдар болашақта адамзаттың барлық қайшылықтары ғылымның даму негізінде шешіледі деген көзқарас ұстады. Мұны біз сциентистік (scientia - лат. сөзі, ғылым), я болмаса техно-оптимистік көзқарас дейміз. Алайда шың бар жерде күз да барын ескеру керек. Антисциен-тистік, техно-пессимистік бағыт ұстаған ғалымдар қазіргі ғылымды «құмырадан шығып кеткен жынға» теңеп, «енді әрі карай жаңа өндіріс кешендерін салуды тоқтату керек, әйтпесе жердегі тіршілік оған шыдамай кұрып кетеді» деген пікір айтты. Қай елде болмасын, білім беру жүйесі екі мәселені қамтиды. Біріншіден, заманның талабына сай кәсіби білім беру, сол саладағы соңғы технологияларға үйрету. Екіншіден, әлеуметтік-гуманитарлық білім беріп, болашақ мамандардың тұлғалық, азаматтық қасиеттерін шыңдау. Осы тұрғыдан алып карағанда, бұрынғы білім беру жүйесінде әлеуметтік-гуманитарлық пәндерге аса көп көңіл бөлінген болатын. Сонымен қатар арнаулы кәсіби білім беру, жаңа технологияларға үйрету заман талабына көп жағдайда сай келмейтін.
Негізгі әдебиет:
Алтаев Ж., Ғабитов Т., Қасабек А.Философия және мәдениеттану . А.,2001
Әбішев Қ. Философия.Жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған. Оқулық.А.,1999
Ғабитов Т. Философия.Оқулық..А.,2003
Серік Мырзалы.Философия.Оқулық. А., 2008
Қосымша әдебиет:
Курс лекций по философии. Петропавловск: СКГУ им. М. Козыбаева, 2008
Философский энциклопедический словарь/Ред. Е. Ф. Губский. М.: Инфра-М, 2004


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет