Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы «Жоғарғы және тқменгі сатыдағы өсімдіктер»



бет113/132
Дата09.02.2022
өлшемі193,02 Kb.
#131284
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   132
Байланысты:
Лекция жиынтығы 1-15 дәріс жиынтығы-2

Таңқурай (ежевика,малина- Rubus) туысы. 500-дей түрі бар үлкен полиморфты (өзгергіш) туыс; бұрынғы одақтас республикалардың флорасында 45 түрі, ал Қазақстанда 4 түрі кездеседі. Солтүстік ендіктің негізінен қоңыржай және салқын климатты зоналарында өсетін бұталар. Алғашқы ағаш тәрізді формалары субтропикада өседі. Оңтүстік ендікте туыстың өкілдері Жаңа Зеландияға дейін жетеді. Жемісі сүйекті жидектердің жиынтығынан тұрады. Кәдімгі таңқурай (малина обыкновенная - R.іdaeus) бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінде, Кавказда, Сібірде және Солтүстік Американың жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты ормандарының төменгі ярусын (қабатын) түзеді. Сонымен бірге таңқурайдың бұл түрі ағашы кесілген және өрт шалған жерлерде, тау шатқалдарындағы өзендердің бойында өсетін бұталардың арасында кездеседі. Мәдени жағдайда көптеген сорттары өсіріледі. Қожақат таңқурайы (ежевика - R.caesіus) табиғатта кең таралған, кейде мәдени жағдайдада өсіріледі. Қой бүлдірген (костяника - R.saxatіlіs) бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінің және сібірдің қылқанжапырақты ормандарында кең тараған өсімдік. Аласа таңқурай (морошка приземистая - R.chamaemorus) және арктика таңқурайы (R.arctіcus) өмірлік формасы жағынан редукцияға көп ұшыраған түрлер. Субарктикалық райондарда өседі.
Құлпынай туысы (земляника - Fragarіa). Оның 50-дей түрі бар. Ұзынсағақты жапырақтарынан розетка түзілетін көпжыл-дық шөптесін өсімдіктер. Тостағаншасының астында, тостағанша асты жапырақшалары болады. Аналығы ойыс, етженді болып келген гүлтабанына орналасады. Жемісі сүйекті жидектердің жиынтығынан тұрады. Орман құлпынайы (земляника лесная - F.vesca) және жасыл бүлдірген (клубника немесе полуница - F.vіrіdіs ) екі үйлі өсімдіктер, олар бұрынөы одақтас республикалардың европалық бөлігінде, Сібірде, Орта Азияда, бұталардың арасында және шалғындарда, сонымен бірге Кавказдың жарық ормандарында да өседі. Ананас құлпынайы (F.ananasa) тек мәдени жағдайда ғөана белгілі, оны құлпынайдың виргинская (F.vіrgіnіana) және чилийская (F.chіloensіs) деп аталынатын түрлерін будандастыру арқылы алған деп шамалайды. Ол мәдени жағдайда өсірілетін, жемісі үлкен болып келетін сортқа біріктірілген. Тұқымдастармағының шөптесін өкілдері-нің ішінде тек дәрілік шелна (кровохлебка аптечная -Sanquіsorba offіcіnalіs) деп аталынатын бір ғана түрдің мал азығы ретінде үлкен маңызы бар. Оны медицинада және ветеринарияда дәрі ретінде емге қолданады. Бұл ылғалды шалғындарда өсетін өсімдік. Гүлі қоңыр- қызыл түсті, шоқпарбас болып келетін гүлшоғырына жиналған. Кейде мәдени жағдайда өсіреді.
Алмалар тұқымдастармағы (яблоневые) – Pomoіdeae. Өмірлік формалары ағаштар мен бұталар. Гүлдері аналықтың үстінде орналасады, гүлтабаны ойыс. Гүлсерігі қосарланған, 5- мүшелі. Аталығының саны көп жағдайда 20 -ға жетеді. Гинецейі ценокарпты, жеміс жапырақшалары әдетте 5, бірақ олар көп жағдайда редукцияға ұшырап 2-3, кейде тіптен 1 -ге дейін қысқарған. Гүл түйіні (жатыны) төменгі, ол бокал тәрізді гипантимен бірігіп кетеді. Гүлінің формуласы: * Ca (5) Co 5 A G (1-5).
Жемісі жидек тәрізді - алмалар, алмұрттар, айвалар және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   132




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет