Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы «Жоғарғы және тқменгі сатыдағы өсімдіктер»


Алқалар тұқымдасы (пасленовые) – Solanaceae



бет120/132
Дата09.02.2022
өлшемі193,02 Kb.
#131284
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   132
Байланысты:
Лекция жиынтығы 1-15 дәріс жиынтығы-2

Алқалар тұқымдасы (пасленовые) – Solanaceae
Алқалар тұқымдасының 2300-дей түрі бар (85 туыс). Ортаңғы ендіктерде олар негізінен шөптесін өсімдіктер болып келеді. Сиректеу жартылай бұталар, кейде тіптен бұталар. Тропикалық елдерде, әсіресе Оңтүстік Америкада өрмелеп өсетін бұталары мен ағаштары басым болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады, жапырақ серіктері (қосалқы жапырақшалары) болмайды, жапырақтары жай, жапырақтақталары тұтас немесе тілімделген болып келеді. Сабақтарында биколлатералды өткізгіш шоқтары болады. Гүлдері монохазий бұйра гүлшоғырына жиналған немесе жекелеген гүлден тұратын, көрнісі актиноморфты, көп жағдайда гүл түйінінің көлбеу орналасуына байланысты аздап зигоморфты болып келеді. Тостағаншасы 5-тісті, ал гүлдердің бірігуіне байланысты ол 4-6 ұялы болады. Күлтежапырақшалары бір-бірімен біріккен, дөңгелек, табақша, трубка тәрізді, немесе кең қоңырау секілді болып келеді. Күлтенің трубкасына, оның тістерімен кезектесіп, ішкі жағынан әрқайсысының басында 2-ден, сиректеу 4-тен тозаң ұясы бар 5 аталық жабысып өседі. Гинецейі ценокарпты, 2 жеміс жапырақшадан тұрады. Гүл түйіні жоғарғы, әдетте 2 ұялы, бірақта жалған перденің пайда болуына немесе гүлдердің бірігуіне байланысты ол 4-6 ұялы болады. Жемісі шырынды немесе қорапша (қауашақ), сиректеу сүйекті болып келеді. Көптеген түрлерінің овощтық өсімдіктер ретінде (картоп, помидор, баклажан, бұрыш) шаруашылықтағы маңызы аса зор, ал кейбіреулерінің бойында улы аккалоидтары болады, оларды дәрі-дәрмек ретінде пайдаланады. Кейбір біржылдық түрлері сәндік өсімдіктер болып келеді.
Алқа туысы ( паслен - Solanum ). 1,5 мыңдай түрлері бар. Түрлерінің ең көп кездесетін орталығы Оңтүстік Америка. БОР-дың флорасында бары-жоғы 10-ақ түрі кездеседі. Экономикалық жағынан ең маңыздысы картоп ( картофель - S.tuberosum), ол осы тұқымдастың ішіндегі мәдени жағдайда ең кең таралған түрдің бірі. Біржылдық өсімдік ретінде отырғызылады. Гүлсерігі актиноморфты, күлтежапырақшаларының түсі ақ, ашық-сия көк, сарылау - қызғыш, аталықтары аналықтың мойнының айналасында конус түзіп орналасады. Гүлінің формуласы:
* Ca(5) Co(5) A5 G(2).
Екі ұялы шырынды жемісі болады. Тамырлары жіңішке. Сабағының жер асты бұтағы - сталондары болады, оларды тамырдан оңай ажыратуға болады. Өйткені олардың бүршіктерімен ұсақ қабыршақ (чешуя) тәрізді төменгі жерасты) жапырақтары болады. Сталондарында түйнектері жетіледі, оларда 12-25% дейін крахмал және 78% дейін су болады. Картоптың 1 мыңнан астам тамаққа пайдаланатын, малдарға қорек болатын және әртүрлі техникалық заттар алатын сорттары белгілі. БОР-дың территориясында отырғызылып жүрген картоп, шамасы Чилидің Андасында, Чилоэ аралында өсетін түрге, бәлкем Перуде өсетін түрге де жататын болуы мүмкін. Кең таралған овощтық дақылға көк баклажанда (синий баклажан - S.melongena) жатады. Ол жеуге келетін жемісі үлкен, қою сия-көк түсті; шыққан жері Индия. Жабайы өсетін түрлерінен ащылау алқаны (паслон сладко-горький -S.dulcamara) айтуға болады. Ол жартылай бұта, шырынды жемісінің түсі ашық-қызыл болып келеді. Қара алқа (п.черный - S.nіgrum) ; біржылдық шөптесін өсімдік, шырынды жемісінің, түсі қара болып келетін кең таралған арамшөп.
Темекі туысы (табак - Nіcotіana). 100-дей түрі бар. Табиғи жағдайда негізінен Оңтүстік Америкада, Австралияда кездеседі. Бұталар және шөптесін өсімдіктер. Гүлдерінің күлтежапырақшалары воронка тәрізді немесе қоңыраутәрізді, көп жағ- дайда қош иісті болып келеді. Бірқатар түрлері біржылдық техникалық өсімдіктер ретінде кеңінен өсіріледі: кәдімгі темекі (табак курительный -N.tabacum) -жабайы түрінде Перуде және Эквадорда өседі, көптеген сорттары шығарылған; Мохорка темекісі (табак махорка - N.rustіca). Сәндік өсімдіктер ретінде орман темекісі (табак лесной - N.sylvestrіs), ұзынжапырақты темекі (табак длиннолистый - N.longіfolіa) және т.б. отырғызылады.
Бұрыш туысы (перец - Capsіcum ). Түрлерінің саны 25-тен 50-ге дейін жетеді. Жартылай бұта және шөптесін өсімдіктер. табиғи жағдайда Орталық Америкада өседі. Қоңыржай климатты елдерде, оның ішінде БОР-дың оңтүстігінде және Қазақстанның оңтүстік облыстарында өсіріледі. Біржылдық бұрыштың (перец однолетний - C.annuum) негізінде көптеген ащы және салаттық сорттары шығарылған. Шыққан жерінде ол жартылай бұта. Басқа туыстарынан мына түрлердің маңызы зор: ас помидоры (томат – Lycopersіcum esculentum) біржылдық дақыл 600-дей сорттары белгілі; белладона (Atropa belladonna) көпжылдық шөптесін өсімдік, бойында атропин және гиосциамин алколоидтары болады, сол үшін оны дәрілік өсімдік ретінде өсіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   132




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет