Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы «Жоғарғы және тқменгі сатыдағы өсімдіктер»



бет131/132
Дата09.02.2022
өлшемі193,02 Kb.
#131284
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   132
Байланысты:
Лекция жиынтығы 1-15 дәріс жиынтығы-2

Күріш туысы (рис - Oryza ). Азияда, Африкада, Австралияда, Оңтүстік Америкада таралған 24 түрі бар. Біргүлді масақ- шалары агрегатты сыпырғы тәрізді гүлшоғырына жиналған, масақшаның 4 қауызы, 6 аталығы болады. Екі түрі себіледі, оның ең маңыздысы - екпе күріш (рис посевной - O.satіva). Біздің елде күріш бидайдан кейінгі екінші орынды алады. Ол Орталық, Оңтүстік – Шығыс және Кіндік Азияда негізгі астық (нан өнімдерін) беретін дақыл. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша күріштің 2 мыңнан астам сорттары белгілі.
Құмай туысы (сорго - Sorghum). Құмайдың 40-тай түрі бар. Олар тропикалық елдердің (негізінен Африканың) құрғақшылыққа және ыстыққа төзімді өсімдіктері. БОР-дың территориясында себілетін немесе арамшөп ретінде кездесетін 8 түрі бар. Сабақтарының іші ұлпамен толтырылған, ол агрегатты сыпырғы тәрізді гүлшоғырымен аяқталады. Масақшасы бір немесе екігүлді, соңғы жағдайда гүлдің біреуі қосжынысты, ал екіншісі аталық болып келеді. Дәні домалақ.
Кәдімгі құмай қонақ (сорго обыкновенная - S.bulgare) үлкен (биіктігі 6 м-дей болатын) біржылдық өсімдік, тек мәдени жағдайда ғана белгілі, гүлшоғырының өсі иілген болып келеді, дән беретін, малға азық болатын және техникалық дақыл ретінде себеді. Дәндерін өңдеп, одан крахмал, қант және спирт алады. Жүгері (джугара - S.durra) біржылдық өсімдік, гүлшоғырының өсі иілген болады, астық беретін, малға азық болатын және техникалық дақыл ретінде себеді.
Құмай (гумай, или джонсона трава - S.halepense) көпжылдық тамырсабақты өсімдік, оңтүстік аудандарда мазасыз (найзойливый) арамшөп ретінде өседі.
Тары туысы (просо - Panіcum). Тропикалық және субтропикалық зоналарда көп таралөан және қоңыржай климатты облыстарға өсетін 400-дей түрі бар. БОР-дың флорасында төрт түрі кездеседі, барлығы да біржылдық өсімдіктер, олардың біреуі-ақ тары (просо посевное - P.mіlіaceum) жарма беретін дақыл ретінде себеді.
Борыққамыс туысы (сахарный тростник - Saccharum). Жершарының екі бөлігінің де тропикалық және субтропикалық аймақтарында кең тараған 15 түрі бар. Сабақтарының іші ұлпаға толы. Негізгі себілетін түрі - борыққамыс (тростник сахарный - S.offіcіnarum) Бразилияда, Куба аралында, Орталық Америкада, Қытайда, Индияда және Тәжікстанның оңтүстігінде себіледі. Сабақтарында 15-20% дейін қант болады. Сондықтанда бұл өсімдікті қант, ром, спирт және патокалар* алу үшін пайдаланады. Орта Азия республикаларының территориясында (Сырдарья және Амударья өзендерінің жайылмасында) жабайы борыққамыс (сахарный тростник – S.spontaneum) өседі, оны жаңа сорттар алу мақсатында аталық немесе аналық формалардың бірі ретінде пайдаланады, әсіресе Индияда.
Қоңырбастар тұқымдасын қияқөлеңдерден (Carex) ажырататын белгілер

Қоңырбастар

Қияқөлеңдер

1.Сабағы азды-көпті цилиндр тәрізді, айқын байқалатын буындардан және буынаралықтарынан тұрады; тек жүгерінің, орыққамыстың және құмайдың сабағының ортасы қуыс болмайды.
2.Қынапшасы көп жағдайда ашық; жапырақ тақтасы мен қынапшасының шекарасында тілшесі біршама жақсы байқалады.
3.Гүлшоғыры мен гүлдері қос-жынысты, одан ауытқушылық өте сирек болады (жүгері).
4.Жемісі- дән.

1.Сабағы көп жағдайда үшқырлы, қуысы болмайды, буындары мен буынаралықтары нашар байқалады.
2.Қынапшасы барлық уақытта жабық, тілшесі болмайды.


3.Гүлшоғыры мен гүлдері көп жағдайда даражынысты.
4.Жемісі- үшбұрышты, шар тәрізді немесе жалпайып, жаншылған жаңғақша.



Пысықтау сұрақтары:

  1. Жабық тұқымдылардың өмірлік циклі қандай?

  2. Гүлдің шығу тегі қандай (эванттық, стробилярлық, теломдық теориялар)?

  3. Эванттық теория бойынша аналықтың структурасының қандай белгілері қарапайым болып келеді?

  4. Жабық тұқымдылар мен жалаңаш тұқымдыларды қандай белгілеріне қарай ажыратады?

  5. Жабық тұқымдыларды қандай кластарға бөледі және осы кластардың негізгі белгілері қандай?

  6. Әрбір тұқымдасты оқып-зертегеннен кейін мына сұрақтарға қалайда жауап беру қажет:

а) тұқымдастың көлемі қанша?
б) эволюциялық қатарда тұқымдастың орны қандай?
в) тұқымдастың өкілдерінің географиялық таралуы қандай?
г) тұқымдастардың өкілдерінің экологиясы қандай?
д) тұқымдастардың өкілдерінің вегетативтік және репродуктивтік органдаорының құрылысы қандай?
е) тұқымдастардың құрамына керетін негізгі туыстар мен түрлер қандай?
ж) тұқымдастардың өкілдерінің шаруашылықтағы маңызы қандай?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   132




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет