Биология-3топ Серік Бақытгүл Биологияға кіріспе пәнінен практикалық емтихан сұрақтары


)Органикалық әлемнің көптүрлілігі



Pdf көрінісі
бет9/16
Дата23.12.2023
өлшемі454,46 Kb.
#198810
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
Серік Бақытгүл 2
8 Алгебра КТЖ 22-23
8)Органикалық әлемнің көптүрлілігі 
Вирустарды вирусология ғылымы зерттейді. Вирусология ғылымының 
негізін орыс ғалымы Д.И. Ивановский қалаған.Ол ХІX ғасырдың аяғында 
темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың қоздырғыштары микробтардан 
да ұсак тіршілік иесінің әсерінен болатынын дәлелдеп, бірнеше енбектер 
жазған болатын. Тәжірибенің нәтижесіңде бұл аурудың әдеттегі бактерия- 
ларды сүзетін сүзгілер көзінен де өтіп және ол сүзінді сұйықтықты 
темекіге жұқтырса, темекіні сол аурумен кайтадан зақымдайтыны, 
зақымданған темекінің жапырақтары теңбілденіп, сарғаятыны далелдеңді. 
Зақымдалған темекі жапырағына арнаулы тексеру жүргізген сүзіңдіде 
кристалдардың бар екені анықталган 1935 жылы америка ғалымы У. 
Стенли бұл кристалдар темекі теңбілі вирустарының шоғырланған 
жиынтығы екенін дәлелдеген болатын.Тұмаудың нағыз қоздырғышы 1933 
жылы табылды. Тұмау індеті адам баласына шешек пен обадан кем 
тимеген.1918-1920 жылдары тұмаумен 500 миллиондай адам ауырып, 
оның 20 млн. қайтыс болған, ал мұның өзі бірінші дүние жүзілік соғыста 
қаза тапқандар санынан әлдеқайда көп екенің көрсетеді.Полиомиелит 
вирусы тұмау вирусымен салыстырғаңда өте кішкене, тез таралатын індет. 
1916 жылы тек Нью-Йоркте полио- миелиттен 2 мыңдай адам өліп, 7 
мыңдай адам сал ауруына душар болды. Бұл ауру әсіресе балалар 
арасыңда көп тараған, оның қоздырғышы әдетте тағам арқылы және 
ауамен де келіп түседі. Полиомиелит індеті Қазақстаңда, әсіресе, 1961 
жылы кең өpic алды. Бұл аурудың қоздырғыштары жүйке жасушаларына 
еніп, адам қозғалы- сын басқаратын жүйкелерді бұзады да, 
жансыздандырады.. Вирус (латынша“вирус” - у) - тірі ағзалардың 
жасушасыз пішіні. Әрбір вирус нуклеин қышқылдары (ДНҚ немесе РНҚ) 
мен оны қоршаған ақуыздан тұрады. Вирустар тек басқа ағзалардың 
жасуша- ларында ғана тіршілік етіп, көбейе алады. Олар тірі ағзалардың 
барлығын уландырады. Вирустың жылы қанды омыртқалыларды 
уландыратын 500-дей және өсімдіктерді уландыратын 300-дей түрі белгілі. 
Олар улаңдырған жасушалар қалыпты дамуын бұзып, ағзада әр түрлі 
ісіктер (анкоген) тудырады екен. 
Вирустардың негізгі ерекшеліктері: Вирустың құрамында тек бір нуклеин 
қышқылы ғана бар: РНҚ немесе ДНҚ .Сондықтан да вирустар құрамында 
РНҚ-лы немесе ДНҚ-лы бар вирустар болып бөлінеді. Ең негізгісі РНҚ-лы 
вирустардың барлық генетикалық ақпараты осы РНҚ-да.Вирустар клетка 
ішіндегі ядрода, ядрошықтар мен рибосомдарда, митохондрияларда 
кездеседі. 
Бактериялар – табиғатта ең көп тараған, негізінен бір клеткадан тұратын, 
оқшауланған ядросы жоқ, ең қарапайым организмдер тобы. Алғаш рет 


бактерияларды (грекше bakterіon – таяқша) 17 ғасырда голланд ғалымы, 
микроскопты жасаушы – Антони ван Левенгук байқаған. 19 ғасырда 
бактериялардың құрылысы мен табиғаттағы рөлін француз ғалымы Луи 
Пастер, неміс ғалымы Роберт Кох және ағылшын ғалымы Джозеф Листер 
зерттеді. Бактериялардың клетка құрамында тұрақты клетка қабаты, 
цитоплазмалық мембрана, цитоплазма, нуклеоид, рибосома болады. 
Бактериялар ядросы мембрана қабығымен оқшауланбаған және онда 
хромотин жіптері түзілмейді. Бактериялар қарапайым бөліну арқылы 
көбейеді. Мысалы, 1 г қара топырақта 2 – 3 млрд. бактериялар, 1 г құмды 
топырақта 150 мың бактериялар, адам көп жиналған бөлме ауасының 1 м3-
інде он мыңдай бактериялар тіршілік етеді. Олардың пішіндері әр түрлі: 
шар тәрізділерін – кокк, қосарланғандарын – диплококк, таяқша 
тәрізділерін – бациллалар, үтір тәрізділерін – вибриондар, таға тәрізділерін 
терроидтар, жүзім тәрізді шоғырланғандарын – стафилококтар деп атайды. 
Бактериялардың ұзындығы 1 – 20 мкм, ені 0,1 – 10 мкм, ал жіп 
тәрізділерінің ұзындығы 50 – 100 мкм-ге жетеді. Қолайсыз жағдай туғанда 
сырты қалың қабықпен қапталып спора түзеді. Бактериялар өте төменгі 
температурада тіршілік ете береді. Оларды өте жоғары температурада 
кептіргенде, кейбір түрлері (мысалы, гонококтар) тіршілігін тез жойса, 
дизентерия таяқшалары жеті тәулік, дифтериянікі отыз тәулік, 
туберкулездікі тоқсан тәулік, ал түйнеменің бациллалары он жылға дейін 
тіршілігін жоймайды. Бактерияларды ультракүлгін сәулелері ерітіп 
жібереді. Қышқылды, қантты, тұзды ортада тіршілік ете алмайды. 
Бактериялардың көпшілігі зиянсыз, ал зиянды түрлері көптеген жұқпалы 
аурулар (туберкулез, тырысқақ, көкжөтел, т.б.) тудырады. Бактериялар 
клеткасында өсімдіктер мен жануарлардың клеткасында болатын 
элементтердің барлығы кездеседі. Бактериялардың тіршілігінде 
ферменттердің атқаратын рөлі зор. Олардың бір бөлігі (эндоферменттер) 
бактерияларда синтез, тыныс алу процесін реттесе, ал екіншілері 
(экзоферменттер) бактериялар арқылы қоршаған ортаға бөлініп шығады. 
Бактериялар тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінде (сүт тағамдарын әзірлеу, 
зығырды жібіту, т.б.) кеңінен пайдаланылады. 
Саңырауқұлақтар – төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп 
тарағаны, олардың 100000-дай түрі кездеседі.Басқа өсімдіктер типтерінен 
басты айырмашылықтары пластидтері, хлорофилі болмайды. Бұлар дайын 
органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеретрофты 
өсімдіктер.Түрлері бойынша жейтін саңырауқұлақтар және жеуге 
жарамсыз саңырауқұлақтар болып бөлінеді. Олардың вегетативтік денесі 
тарамдалып матасқан гифалардан (жіңішке жіпшелерден) тұрады. Бұлар 
бір-бірімен матасып грибница немесе мицеллий деп аталатын 
саңырауқұлақтың денесін құрайды. 
Саңырауқұлақтардың жасуша қабығы құрамында насекомдар 
қабықтарының хитиніне ұқсас, хитин заты және полисахаридтер болады. 


Олардың жасушасы протоплазмадан, бір, екі, кейде одан да көп ядродан 
және вакуолядан тұрады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың 
мицелийлері көп ядролы, ал жоғары сатыда орналасқан саңырауқұлақтар 
бірнеше ядродан тұрады. 
Мүктәрізділер (лат. Bryophyta) — жоғары сатыдағы автотрофты 
өсімдіктердің құрылысы қарапайым тобы. Қазба қалдықтары карбон 
кезеңінен белгілі. Мүктер жер бетiнiң барлық жерлерiнде кездеседi. 
Әсiресе ылғалы мол жерлерде олар қалың болып өседi. Орманның 
батпақты жерлерiнде мүктер жер бетiн тұтас жауып жатады.
Бiрқатар мүктердiң жер бетi бөлiгi тармақталып төселiп өседi, оны таллом 
деп атайды. Талломды мүктер көп клеткалы балдырларға ұқсас келедi. 
Мүктердiң басым көпшiлiгiнiң сабағы мен жапырағы болады. Барлық 
мүктерде тамыр болмайды. Тамырдың қызметiн ризоидтары атқарады. 
Ризоид — бiр немесе бiрнеше клеткалардан тұратын жiңiшке жiп тәрiздi 
эпидермистiң өсiндiсi. Ризоид арқылы өсiмдiк топырақтан суды және онда 
ерiген минералды затарды бойына сiңiредi. 
Мүктәрізділердің табиғатта судың тепе-теңдігін сақтауда маңызы зор. 
Кейбір түрлері (мысалы, сфагнум) антибиотик ретінде медицинада 
қолданылады. Сондай-ақ құрылысқа қажетті престелген тақтайшалар 
жасауға, ауыл шаруашылығында, әсіресе, отын көзі (шымтезек) ретінде 
пайдалынады. Өте сирек кездесетін түрлері: тықыр сфагнум, ірі 
жапырақты пахифиссиденс, жатаған ортотрихум қорғауға алынып, 
Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет