Биология-география факультеті География кафедрасы «Геология»


ТАҚЫРЫП. ЖЕР ҚЫРТЫСЫНЫҢ ДИСЛОКАЦИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет17/54
Дата06.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#79752
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54
Байланысты:
геология лекция
ПРОГРАММА МАГ.КАЗ
7 ТАҚЫРЫП. ЖЕР ҚЫРТЫСЫНЫҢ ДИСЛОКАЦИЯЛЫҚ 
ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ.
 
Лекция тезистері: 
Тектоникалық қозғалыстар
.
 
Жер қабығының үнемі тӛмен 
не жоғары баяу тербелуін ғасырлық қозғалыстар деп атайды. 
Мысалы: Солтүстік Европадағы Балтық теңізінің жағалауындағы 
порт құрылыстары теңіз жиегінен алыстап барады. Керісінше
Голландияда теңіз деңгейі жоғары кӛтеріліп, бӛгеттер салынуда. 
Теңіз деңгейінің кӛтерілуі мен тӛмен түсуінің салдары мұхит су 
кӛлемінінің азайып, не кӛбеюіне байланысты. Бұл құбылысты 
эвстатикалық тербеліс деп атайды. Мұндай кӛріністер әсіресе 
қалын материктік мұзарт басу күшейген немесе кеміп жойылған 
замандарда болған. Осылайша тӛрттік кезеңінде ӛткен мұз 
басудан мұхиттың 55 млн.ш.ш
суы мұзға кӛшіп, деңгейі 125 
метрге тӛмендеген екен. Қазіргі кезде Антарктида мен 
Гренландия мұздарының еруінен жыл сайын 250 ш.ш
шамасында 
су мұхитқа тӛгіліп, оның деңгейі жылына 0,7 мм-дей кӛтерілуде. 
Ал бұдан 5 мың жыл бұрын мұхит деңгейі қазіргіден 2-3 м биік 
болыпты. Эвстатикалық тербеліс әсіресе Каспий теңізі сияқты 
жабық бассейнде елеулі кӛрінеді (1,74 м-ге кӛтерілді) – 1977 ж. 
бері, кейінгі 15 жылда 50-80 см-ге кӛтерілді. Теңіз деңгейінің 
кӛтерілу-тӛмендеуін жағаға орнатылған тең сызықтарға кертілген 
рейкалармен ӛлшеп отырады. Оған деңгей қалпын ӛзі қағазға 
түсіріп отыратын құрылғы «мареограф» орнатылады (латынша 
«маре» - теңіз).
Жер қабығындағы қозғалыстар әсерінен қазіргі жер үстіндегі 
тау жыныстарының әр түрлі деформациялары кӛрінеді. Осы 
қозғалыстардың негізгі кӛзі – Жердің ішкі энергиясы. 


23 
Деформация салдарынан алғашында жазық бағытта қабаттасқан 
жыныстар тобы қатпарлар түзіледі; олар жарықтарға үзіліп, 
бӛлшектері бір-бірінен ығысып, алшақтайды. Осы қатпарлар
жарықшақтар, бӛлшектер тау жыныстарының дислокацисы деп 
аталады (латынша «дислокатио» - бұзамын). Оларды тік 
жарлардан, 
жол 
оймаларынан 
кӛруге 
болады. 
мұндай 
бұзылыстардың жату тегін, кеңістікте орналасуын біріктіріп
қабаттардың құрылымы деп атайды. Мысалы: мұнай, газ кендері 
иіні жоғары қараған сентиклиналь қатпарларында шоғырланады. 
Жер 
қабығының 
қозғалыстарын, 
деформациясын, 
дислокацияларын геологияның арнаулы саласы тектоника 
(грекше «тектоникс» - құрылуы, құрушы) немесе геотектоника 
зерттейді. Ендеше тектоника термині – құрылым. Бұл Жерде 
деформация-процесс, дислокация – сол процестің нәтижесі, ал 
тектоникалық қозғалыс – себебі немесе салдары. 
Тектоникалық қозғалыстар былай жіктеледі: 1) тік 
бағыттағы; 2) жазық бағыттағы.
Тектоникалық қозғалыстар ӛткен мерзіміне байланысты 3-ке 
бӛлінеді: - қазіргі кездегі, ӛткен уақыттағы, теріс бағыттағы. 
Тектоникалық 
қозғалыстар 
тікелей 
экзогендік 
(сыртқы) 
процестермен байланысты жүреді. 
Тектоникалық бұзылу – дислокацияларды мынадай 2 түрге 
жіктейді: 1) қатпарлық немесе пликативтік; 2) жарылу немесе 
дизъюктивтік (лат. «пликатио» - бүктеу, бүктелу, ал «дизъюкто» - 
үзіп ажырату болып табылады). Пликативтік дислокация 
нәтижесінде жыныс қабаттарының жазық жатуы бұзылып, 
қатпарлар түзіледі. Қатпар деп, қабаттардың толқын тәрізді иілуін 
айтады. Қатпарлар иіне сай 4 түрге жіктеледі: 1) антиклиналь; 2) 
синклиналь; 3) флексура; 4) моноклиналь. 
Антиклиналь деп, иіні жоғары қараған, қанаттары кері 
жақтарға еңкіш қатпарды атайды (грекше «анти» - қарсы, «клин» 
- бұрыш, кӛлбеу). 
Синклиналь деп, иіні тӛмен қараған, қанаттары бір-біріне 
қарай еңкіш қатпарларды айтады (грекше «синклио» - еңкейемін). 
Сонда антиклиналь ӛзегінде ең кӛне жыныстар, синклинальда – 
ең жас қабаттар орналасады. 


24 
Флексура (латынша «бүктеме») деп - екі қанаты қия 
кӛлбеумен жалғасқан иінді атайды. Сонда флексураның екі 
қанатының биіктігі екі деңгейде болады. 
Моноклиналь деп - аумақты жерде бір бағытта кӛлбеу 
жатқан қабаттарды айтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет