«Биология, химия әлеміне саяхат»



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі43,33 Kb.
#97865
  1   2   3
Байланысты:
ойыыын


«Биология , химия әлеміне саяхат».
Мақсаты: Оқушылардың биологиялық, химиялық білімін толықтыру, кеңейту және оларды биология таңғажайыптарына қызықтыру мақсатында “ Биология әлеміне саяхат” тақырыбында өткізілген сайыс.
Білімдік:оқушылардың биология курсы бойынша алған білімдерін бекіту, тереңдету, жан-жақты мәлімет беру,толықтыру және қорыту.
Тәрбиелік.оқушыларды бірлікке,ұйымшылдыққа,адамгершілік жақсы қасиеттерге баулу,өз бетінше ізденіп,білім алуға дағдыландыру және тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлауын,сөйлну қабілеттерін түйсігін,дүние танымдығын дамыту,танымдық қабілеті мен пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
I. Ұйымдастыру.
Сайысқа қатысушы оқушылармен таныстыру.
II.Сайыс шарттары:
1-кезең-“Бәйге”
2-кезең-“Сиқырлы шаршы”
3-кезең-“Дода”
4- кезең- “Жорға”
5- кезең «Кім жылдам»
6- кезең «Жұмбақ аралы»
III. Қорытынды.
Сайыстың жүру барысы
Жүргізуші: Жаратылыс – жан ана,
Қарық қып суға,ауаға
Топырағымен асырап
Сәулесін құйған санаға.
Жер ана мен өз анаң егіз екен
Мейірімі мейлінше теңіз екен
Анам туса жер ана жетілдірді.
Осыны мен өмірге егіз етем- деп ақындар табиғатты анаға теңеген,өйткені жер – тіршілік көзі, өмір бастауы.Табиғат- түп қазығың, ырысың,бар байлығын алдына тарту етеді.Тек оған зиян тигізбей, мәпелеп өзің керегінді ала біл.
“Биология-тіршілік әлемін зерттеу”.Олай болса бүгінгі сайыс барысында биология, химия саласы бойынша оқушылардың ой-өрісін,білімдерін,ақылымен ептілігін сарапқа салатын боламыз.
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Реңжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден жеңімпазды анықтау
Озат болу шарты сол- еңбектену жалықпау.
Еңдеше ортамызға биология пәні бойынша ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр да білімді оқушыларды шақырайық.
Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды,Халық айтса қалт айтпайды, әрқашанда нанымды- дей келе жарысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.


Жүргізуші: Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер,
Білім деген ақылшың,
Қиыншықтан өткізер.- деп сайыстын алғашқы шарты

Бәйге”кезеңін бастаймыз.


Шарты:Бұл кезеңде 15 сұрақ беріледі, әр жауапқа 10 ұпайдан.
I.кезең “Бәйге” Биологиялық сұрақтар
1-сұрақ:Тұқым қуалау мен өгергіштік заңдары туралы ғылым? (генетика)
2-сұрақ:Сүтқоректілердің миы неше бөлімді? (5-бөлімді)
3-сұрақ:Денсаулық сақтау шарттары және аурудың алдын алу шаралары туралы ғылым қалай аталады? (гигиена)
4-сұрақ:Өсімдіктердің жаңа іріктемелерін шығарумен айналысатын ғалымдар (Селекционер)
5-сұрақ:Туыс емес даралаларды будандастыру? (аутбридинг)
6-сұрақ:Бактерия ішінде дамитын вирус? (бактериофаг)
7-сұрақ:Жасушада жүретін ажырау реакциясы? (катаболизм)
8-сұрақ:Нәруыз синтезделетін цитоплазмалық құрылым: (рибосама)
9-сұрақ: Фотосинтез құбылысы жүретін көк-жасыл, қызыл түсті бактериялар: (цианобактерия)
10-сұрақ: Хромосомалардың өзіндік жақындасуы: (коньюгация)
11-сұрақ: Қанда және басқа денелерде антидене түзетін организм үшін бөгде заттар (антиген)
12-сұрақ: Жануарлар мен өсімдіктердің гаплойдты жыныс жасушасы (гамета)
13-сұрақ: Эволюция процесі кезіндегі белгілердің ажырауы (дивергенция)
14-сұрақ: Белгілі бір түрге тән организмдегі барлық хромосомалар саны:( (кариотип)
15-сұрақ: Бір түр дараларының оқшауланған шағын тобы: (популяция)
Химиялық сұрақтар
1)Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі.(атом)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет