«Биология» мамандығы үшін Құрастырғандар



бет1/4
Дата07.05.2017
өлшемі1,61 Mb.
#15692
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ

БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ



ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Балалар өмірінің режимі және оны ұйымдастыру

«5В011300» – «Биология» мамандығы үшін


Құрастырғандар:

Нагашбекова Л.А.


оқытушы

Семей 2013ж



ПОӘК- авторлары туралы мәліметтер
ПОӘК авторлары туралы мәліметтер




Карипбаева Нурзия Шайкеновна

Ғылыми дәрежесі:

педагогика ғылымының магистранты

Ғылыми атағы:




Қызметі:

Биология кафедрасының оқытушысы

Мамандандыруы:

Биология

Байланыс мәліметтері:

Жұмыс телефоны:

+7 (7222)42-34-72

Электрондық пошта:

kob@sgpi.kz

Skype:





Жұмыс бағдарламасы
1.Қолдану саласы

2. Нормативті сілтемелер

3. Жалпы ережелер

4. Әдебиет және қорлар

5. Пән мазмұны, пәннің модульдік бөлінуі

6. СӨЖ тақырыптары мен мазмұны

7. Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар

8. Курс форматы

9. Курс саясаты

10. Баға қою саясаты

11. Студенттер білімін бақылау

13. Балалар өмірінің режимі және оны ұйымдастыру пәнінің

тест сұрақтары

14. Глоссарий



1. Қолдану саласы

«Балалар өмірінің режимі және оны ұйымдастыру» пәнінің оқу-әдістемелік кешені 5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының студенттеріне арналған. ПОӘК студенттерді курс мазмұнымен, өзектілігімен, қажеттілігімен, саясатымен және студенттің оқу үдерісінде қандай дағдылар мен іскерлікті үйренетінімен таныстырады.



2. Нормативтік сілтемелер

Осы «Балалар өмірінің режимі және оны ұйымдастыру» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК) берілген пән бойынша ұйымдастыру ретін анықтайды және келесі құжаттардың талаптары мен ұсыныстарына сәйкес әзірленген:

5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарты ҚР МЖМБС 3.08.0ХХ-20__, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 20__ жылғы «__» _________ №__ бұйрығымен бекітілген.

Шәкәрім атындағы СМУ «Пәннің оқу-әдістемелік кешені туралы ережесі».



3. Жалпы ережелер

  • Оқытушының тегі, аты, жөні – Нагашбекова Ляззат Адилжаппаровна, оқытушы, педагогика ғылымдарының магистранты

  • Кафедра биология__________________________________________;

  • Хабарласу ақпараты – тел: 8722242-34-72, Оқу ғимараты № 3, кабинет № 221; e-mail: kob@sgpi.kz

  • Контактілі сабақтардың өткізілу орны – аудитория № 423;

  • Пән атауы – «Балалар өмірінің режимі және оны ұйымдастыру»;

  • Кредит саны – 3;



4. Әдебиет және қорлар

Негізгі әдебиеттер:

1.А.Г.Хрипкова. Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990.

2.Ю.А.Ермолаева. Возрастная физиология. М.,1985.

3.Н.Н.Леонтева, К.Б.Маринова. Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

4.С.Жұмабаев. Жасеркшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А., 1991.

5.Белицкая В. И., Громова З. П., Егорова Т. И. Школьная гигиена. М. Медицина, 1983.

6.Советов С. Е. Школьная гигиена А., 1988.

7.Антропова М. В. Гигиена детей и подростков. М., 1982.

8.Антропова М. В. Основы гигиены учащихся.

9.Антропова М. В. Школьная гигиена. М., 1970.

10.Габович Р. Д. Гигиена М., 1977.

11.Куценко Г. И., Жажкова И. А. Основы гигиены. М.,1980.

12.Сапожникова Р. Г. Гигиена обучения в школе. М., 1974.

13.Матюшонок М.Т. “Физиология и гигиена детей и подростков”, Минск “Высш.шк”,1980г



Қосымша:

14.Н.В.Зимкин. Физиология человека.М., 1975.

15.Я.М.Коциский. Физиология человека. М.,1982.

16.Л.г.Воронин. Физиология высшей нервной деятельности.М.,1979.

17.Ф.А.Имагулова, Н.И.Төлепбекова. Адам физиологиясы.А., 1985.

18.А.Кузембаева. Адам анатомиясы. А.,2002.



19.Е.Б.Керимбеков. Адам анатомиясы. А.,1992.

5. Пән мазмұны, пәннің модульдік бөлінуі
Курстың тақырыптық жоспары



Тақырыптар

Дәріс

Практикалық

СОӨЖ

1

Кіріспе. Балалардың өсу заңдалақтары.

1

2

2

2

Жүйке жүйесінің физиологиясы.

1

3

2

3

Жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесі.

2

2

2

4

Анализаторлар, олардың жасқа байланысты ерекшеліктері.

1

3

1

5

Тірек-қимыл аппараты, оның жасқа байланысты ерекшеліктері.

1

2

2

6

Қан және қан айналу жүйесінің физиологиясы, оның жасқа байланысты ерекшеліктері.

1

2

2

7

Тыныс алу жүйесі, оның жасқа байланысты ерекшеліктері.

1

2

2

8

Асқорыту жүйесі, оның жасқа байланысты ерекшеліктері.

1

2

2

9

Зәр шығару жүйесі, оның жасқа байланысты ерекшеліктері.

1

2

2

10

Ішкі секреция бездерінің физиологиясы.

1

2

2

11

Мектеп құрал-жабдықтарына гигиеналық талаптар

1

2

1

12

Балабақша күнтізбесі. Жеке бас гигиенасы.

1

2

1

13

Профессионалды оқу мен еңбек гигиенасы

1

2

1,5




Барлығы:

15

30

22,5

2.2. Дәріс сабақтарының жоспары.

Тақырып 1. Кіріспе. Балалардың өсу заңдалақтары.

1.Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәні және басқа ғылымдармен байланысы.

2.Балалар мен жасөспірімдер организмінің осу және даму заңдылықтары туралы түсінік. Акселерация.

Тақырып 2. Жүйке жүйесінің физиологиясы.

1.Жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі.

2.Жүйке жүйесінің қозу өткізу заңдары.

3.Рефлекс, оның түрлері.

4.Орталық жүйке жүйесінің бөлімдерінің функционалдық маңызы.

5.Вегетативті жүйке жүйесі



Тақырып 3. Жоғарғы жәрежелі жүйке жүйесі.

1.Жоғарғы дәрежелі жүйке қызметі іліміндегі И. И. Сеченов пен И. . Павлов еңбектерінің маңызы.

2.Шарты және шартсыз рефлекстер.

3.Шартты рефлекстегі тежелу түрлері.

4. Балалардың жоғарғы жүйке жүйесінің қалыптасуы.

5.Баланың жоғарғы дәрежелі жүйке қызметі және типтік ерекшеліктері.



Тақырып 4. Анализаторлар, олардың жасқа байланысты ерекшеліктері.

1.Анализаторлар туралы түсінік И. П. Павлов ілімі.

2.Анализаторлардың құрылысы мен қызметі.

3.Балалар мен жасөспірімдердің көру қабілетінің бұзылмауын және естімеушілікті болдырмау.



Тақырып 5. Тірек-қимыл аппараты, оның жасқа байланысты ерекшеліктері.

  1. Тірек-қимыл аппаратының құрылысы мен қызметі.

  2. Балалар қаңқасының өсу ерекшеліктері.

  3. Бұлшық ет жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктері.

  4. Сүйек-ет системасының гигиенасы.

Тақырып 6. Қан және қан айналу жүйесі, оның жасқа байланысты ерекшеліктері.

1.Қан құрамы және топтары.

2.Жүректің құрылысы мен қызметі.

3.Қан айналу жолдары.

4.Жүрек-тамыр жүйесінің гигиенасы.

Тақырып 7. Тыныс алу жүйесі, оның жасқа байланысты ерекшеліктері.

1.Балалар мен жасөспірімдердің тыныс алу органдарының құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері.

2.Тыныс алу қозғалысы жиілігі мен тереңдігінің, өкпенің тіршілік сиымдылығының, тыныс алудың минуттық көлемінің жасқа сай өзгерістері.

3.Тыныс алу мүшелері мен дауыс аппаратының гигиенасы.



Тақырып 8. Асқорыту жүйесі, оның жасқа байланысты ерекшеліктері.

1.Асқорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі.

2.Тістер. Тістің алмасуы.

3.Зат және энергия алмасу.

4.Тамақтану гигиенасы.

Тақырып 9. Зәр шығару жүйесі, оның жасқа байланысты ерекшеліктері.

1.Зәр шығару мүшелерінің құрылысы мен қызметі.

2.Зәр шығару жүйесін аурудан сақатандырудағы жеке бастың гигиенасының ролі.

Тақырып 10. Ішкі секреция бездерінің физиологиясы.

1.Ішкі секреция бездері туралы түсінік.

2.Гормондар гумаральдық реттелудің факторы.

3.Жыныстық жетілу кезеңінің ерекшеліктері және бұл кезеңнің гигиенасы.



Тақырып 11. Балабақша жабдықтары мен оқу құралдарына қойылатын гигиеналық талаптар

  1. Балабақша жабдықтарын дұрыс таңдау. Қазіргі таңда жасалынған оқу құралдарын дұрыс таңдау.

  2. Сабақ пен үзілісті ұйымдастырудың гигиенасы. Сабақ кестесін құру. Оқу және жазу гигиенасы емтихан және бақылау жұмыстары.

Тақырып 12 Күнтізбесі. Жеке бас гигиена.

  1. Оқу-тәрбие күнтізбесін дұрыс уйымдастыру

  2. Жеке бас гигиенаға қойылатын талаптар

Тақырып 13. Профессионалды оқу мен еңбек гигиенасы

  1. Балабақшада еңбек сабақтарын ұйымдастыру.

  2. Еңбек сабақтары өтетін орындарға гигиеналық талаптар

2.3. Практикалық сабақ жоспары

Тақырып №1. Балалар мен жасөспірімдердің организмінің өсу және даму заңдылықтары.

1. Тірі организмнің өсуі мен дамуы туралы түсінік.

2. Өсу мен дамудың біркелкі еместігі. Даму гормониясы және гетерохронизм.

3. Акселерация. Антропометрия әдісі.

4. Жас шақтарын кезеңдерге бөлудің негізгі принциптері.

5. Балалардың өсіп-жетілуін қадағалау.



Тақырып №2. Жүйке жүйесінің физиологиясы. Адамның проприорецепті тізе рефлексін анықтау.

1.Жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі.

2.Жүйке жүйесінің қозу өткізу заңдары.

3.Рефлекс, оның түрлері.

4.Орталық жүйке жүйесінің бөлімдерінің функционалдық маңызы.

5.Вегетативті жүйке жүйесі



Тақырып №3. Балалардың жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесінің типологиялық және жастық ерекшеліктері. Ассоциативті эксперимент.

1.Жоғарғы дәрежелі жүйке қызметі іліміндегі И. И. Сеченов пен И. . Павлов еңбектерінің маңызы.

2.Шарты және шартсыз рефлекстер.

3.Шартты рефлекстегі тежелу түрлері.

4. Балалардың жоғарғы жүйке жүйесінің қалыптасуы.

5.Баланың жоғарғы дәрежелі жүйке қызметі және типтік ерекшеліктері.



Тақырып №4. Ойлау қабілетін анықтау.

1. Зейіннің нейрофизиологиялық механизмдері және оның жасқа байланысты түзілуі.

2. Қабылдаудың нейрофизиологиялық механизмі және оның жасқа байланысты ерекшеліктері.

3. Естің физиологиялық механизмдері.

4. Мотивация және эмоция, олардың мақсатты әрекеттегі маңызы.

5. Үйқы мен сергектіктің нейрофизиологиялық механизмдері.



Тақырып №5. Анализаторлар, олардың жасқа байланысты ерекшеліктері.

№1 тәжірибе - Соқыр дақты анықтау. Мариатт тәжірибесі.

№2 тәжірибе – Көздің өткірлігін анықтау.

№3 тәжірибе – Анализаторлар қызметінің шартты рефлекторлы ретттелуі

№4 тәжірибе – Түрлі анализаторлардағы индукция құбылысы.

1.Анализаторлар туралы түсінік И. П. Павлов ілімі.

2.Анлизаторлардың құрылысы мен қызметі.

3.Балалар мен жасөспірімдердің көру қабілетінің бұзылмауын және естімеушілікті болдырмау.



Тақырып №6. Балабақша ғимараты мен балабақша маңындағы участокты санитарлық-гигиеналық тұрғыдан зерттеу.

1.Қала және ауыл балабақша орналасатын жерлерге қойылатын талаптар.

2.Балабақша жер участогының зоналары: құрылыс салуға арналған алаң, тәжірибе зонасы, демалыс зонасы және шаруашылық зонасы.

3.Балабақша ғимаратына қойылатын гигиеналық талаптар.

4.Балабақша үйінің ауа режиміне, жарық режиміне, жылыту және сумен жабдықтауға қойылатын гигиеналық талаптар.

Тақырып №7. Жүрек-қан тамырлар жүйесінің физиологиясы. Жүрек-тамыр жүйесінің барынша қарқынды дене жұмысы кезіндегі физиологиялық өзгерістерін тексеру.

1.Жүрек, оның жасқа байланысты өзгерістері.

2.Жүрек циклы.

3.Қанның систолалық және минуттық көлемі.

4.Қан тамырлары арқылы қанның жылжуы.

5.Оқу жылының әртүрлі кезеңдерінде оқушылардың жүрек –қан тамырлар жүйесіне түрлі жүктемелердің әсер ету ерекшеліктері.



Тақырып №8. Ішкі секреция бездерінің физиологиясы. Жыныстық тәрбие. Мектеп оқушыларымен жүргізетін санитарлы-гигиеналық тақырыптарға әңгіме құрастыру.

1.Ішкі секреция бездері туралы түсінік.

2.Гормондар гумаральдық реттелудің факторы.

3.Жыныстық жетілу кезеңінің ерекшеліктері және бұл кезеңнің гигиенасы.



Тақырып №9. Еңбек сабақтарына қойылатын гигиеналық талаптар.

1. Еңбек сабақтарын ұйымдастыру.

2. Мектеп шеберханаларына қойылатын гигиеналық талаптар.

3. Еңбек сабақтарындағы қауіпсіздік техникалары.



6. СӨЖ тақырыптары мен мазмұны




Тақырыбы

Мазмұны

Әдебиет

Балл

Тап. Мерз.

Бақылау формасы

1

Балабақша жабдықтары мен оқу құралдарына қойылатын гигиеналық талаптар.

Балабақша жабдықтарын дұрыс таңдау. Қазіргі таңда жасалынған оқу құралдарын дұрыс таңдау.

Советов С.Е. Мектеп гигиенасы, А.,1973, Белецкая В.И. Школьная гигиенаМ., 1983, ЛаптевА.П. Практикум по гигиене, М.,1981,Антропова М.В. Основы гигиены учащихся,М.,1981.

4

2 апта

Жазбаша есеп

2

Мектеп оқу-тәрбие процестерінің гигиенасы.

Мектеп режимі. Сабақ пен үзілісті ұйымдастырудың гигиенасы. Сабақ кестесін құру. Оқу және жазу гигиенасы емтихан және бақылау жұмыстары.

Советов С.Е. Мектеп гигиенасы, А.,1973, Белецкая В.И. Школьная гигиенаМ., 1983, ЛаптевА.П. Практикум по гигиене, М.,1981,Антропова М.В. Основы гигиены учащихся,М.,1981

4

3-4 апта

Жазбаша есеп

3

Үй тапсырмасын орындауға қойылатын гигиеналық талаптар.

Үй тапсырмасының мөлшері, үй тапсырмасын орындау тәртібін құрастыру.

Советов С.Е. Мектеп гигиенасы, А.,1973, Белецкая В.И. Школьная гигиенаМ., 1983, ЛаптевА.П. Практикум по гигиене, М.,1981,Антропова М.В. Основы гигиены учащихся,М.,1981




5 апта




4

Мұғалімдер мен медицина қызметкерлерінің мектептегі бірлесе жүргізетін жұмыстары.

Мектептің санитарлы-гигиеналық жағдайымен танысу. Бақылау жүргізу. Оқушыларда гигиеналық дағдыны қалыптастыру.

Жасеререкшелік физиологиясы курсынан әдістемелік нұсқау. Н., 1986, А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена М.,1990

4

6 апта

Жазбаша есеп

5

Санитарлық-гигиеналық тақырыптарына әңгіме құрастыру.

Оқушылардың санитарлы-гигиеналық ережелермен таныстыру және дағды қалыптастыру.

Жасеререкшелік физиологиясы курсынан әдістемелік нұсқау. Н., 1986, А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена М.,1990

4

7 апта

Жазбаша есеп

6

Мектеп оқушыларының тамақтану гигиенасы. Балалардың тамақтану рационын құру.

Балалардың тамақтану рационын құру. Тамаққа қойылатын гигиеналық талаптар. Тамақтану тәртібі. Тамақтану принциптері.

Советов С.Е. Мектеп гигиенасы, А.,1973, Белецкая В.И. Школьная гигиенаМ., 1983, ЛаптевА.П. Практикум по гигиене, М.,1981,Антропова М.В. Основы гигиены учащихся,М.,1981

4

8-9 апта

Жазбаша есеп

7

Экскурсияны ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар.

Күз, қыс және көктем мезгілдеріндегі экскурсияларды ұйымдастыру. Қойылатын гигиеналық талаптар.

Жасеререкшелік физиологиясы курсынан әдістемелік нұсқау. Н., 1986, А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена М.,1990

4

10 апат

Жазбаша есеп

8

Ұйқы гигиенасы.

Ұйқының маңызы. Балалардың ұйқы режимін дұрыс ұйымдастыру. Балалар ұйықтатуда қазақ халқының бесік әндері, олардың маңызы.

Жасеререкшелік физиологиясы курсынан әдістемелік нұсқау. Н., 1986, А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена М.,1990

4

11 апат

Жазбаша есеп

9

Бастауыш сыныпта жүргізілетін гимнастикалық жаттығулар өтетін орындар мен сырғанау алаңдарын санитарлы-гигиеналық тұрғыдан зерттеу.

Мектептегі дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері. Бастауыш сыныпта дене шынықтыру сабақтарын өткізуге қойылатын гигиеналық талаптар. Гимнастикалық жаттығулардың гигиеналық маңызы..

Жасеререкшелік физиологиясы курсынан әдістемелік нұсқау. Н., 1986, А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена М.,1990

4

12 апта

Жазбаша есеп

10

Қауіпсіздік техникасы және жарақаттануды болдырмау.

Қауіпсіздік техникасының ережелері. Олармен мектеп оқушыларын таныстыру. Жарақаттануда көрсетілетін алғашқы жәрдем.

Советов С.Е. Мектеп гигиенасы, А.,1973, Белецкая В.И. Школьная гигиенаМ., 1983, ЛаптевА.П. Практикум по гигиене, М.,1981,Антропова М.В. Основы гигиены учащихся,М.,1981

4

13 апта

Жазбаша есеп

11

Еңбек сабақтарына қойылатын гигиеналық талаптар.

Бастауыш сыныпта еңбек сабақтарын ұйымдастыру. Еңбек сабақтары өткізілетін орындарға қойылатын гигиеналық талаптар. Жарық режимі. Қауіпсіздік шаралары.

Советов С.Е. Мектеп гигиенасы, А.,1973, Белецкая В.И. Школьная гигиенаМ., 1983, ЛаптевА.П. Практикум по гигиене, М.,1981,Антропова М.В. Основы гигиены учащихся,М.,1981

4

14 апта

Жазбаша есеп



7. Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
Дәріс 1. Тақырыбы: Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигинасы
Дәріс мақсаты: Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінің мақсат-міндеттерін, маңызын, балалар ағзасының жас кезеңдеріне байланысты өсу және даму заңдылықтарын қарастыру.

Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:



  1. Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәні және басқа ғылымдармен байланысы.

  2. Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму заңдылықтары туралы түсінік. Акселерация.

Физиология – функциялар туралы, яғни мүшелердің, системалардың және тұтас организмнің тіршілік әрекеттері туралы ғылым. Оның түпкі мақсаты қалған бағытта пәрменді әсер етуге мүмкіндік беретін функцияларды жете таңып білу болып табылады.

Физиология негізінде өліден тіріні сапалық жағынан айыратын маңызды тіршілік процестері жататын заңдылықтарды зерттейді. Ол өсімдіктер, жануарлар және адам физиологиясына бөлінеді, ал соңғысы – еңбек, дене жаттығулары мен спорт, тамақтану физиологиясы, жас ерекшеліктері физиологиясына және басқаларға бөлінеді.

Медицина институттарында, мысалы, қалыпты және патологиялық физиологияны оқиды. Қалыпты физиология дені сау адам организміндегі тіршілік әрекеттері процестерін, ал потологиялық физиология ауру адамды сау адамдардан ажырататын заңдылықтарды түсіндіре отырып сипаттайды.

Жас ерекшеліктері физиологиясы организмнің бүкіл өмірі бойындағы функциялардың қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейді.

Педагогика институттарының жас ерекшеліктері физиологиясы курсында жас балалар мен жасөспірімдер организмміндегі тіршілік әрекеттерінің сандық және сапалық белгілері оқылады, сондықтан балалар мен жасөспірімдер физиологиясын өздігінше ғылым деп санауын және оқуға ыңғайлы болу үшін балалар мен жасөспірімдер гигиенасымен бір оқу пәніне біріктіру дұрысырақ болар еді.



Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын қорғау және нығайту туралы ғылым. Ол жалпы гигенамен тығыз байланысты және өсіп келе жатқан организм мен қоршаған ортаның өзара әсерін зерттейді.

Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы организмді табиғи (оқу сабақтары, демалыс, ойын т.б. кезінде), сол сияқты лабораториялық жағдайларда зерттейді, мұның өзі организмнің клеткаларында, тканьдерінде, мүшелерінде және системаларында жүретін процестердің табиғатын терең тануға мүмкіндік береді.

Организмде жүретін процестерді зерттеу үшін әр түрлі: электрофизиологиялық, биохимиялық, микроскоптік, гистохимиялық т.б. әдістер қолданылады.

Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы, психологиялық-педагогикалық ғылымдар негізін құрады және балалардың аурулары мен оларды емдеу туралы ғылым педиатриядан бөлінбейді. Онан басқа, балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы бірқатар дәл (физика, химия, метерология т.б.) және әлеуметтік ғылымдармен, олардың әдістері мен заңдарын пайдалануымен ғана емес, сол сияқты денсаулықты қорғау ұсыныстарымен де байланысты. Осының арқасында өсіп отыратын организмнің тіршілік әрекеттері, ортаның табиғи факторларымен тығыз байланыста қаралады: диалектикалық тәуелділік ашылады және өсіп жетілген организмнің формалары мен функцияларының қалыптасу процесі баяндалады: адамның психикалық процестерінің материалистік негізі терең танылады, ол нақтылы шыңдықтың мәні туралы дүниеге дұрыс көзқарас қалыптасырады.

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының әлеуметтік гигиена және эпидемиологиямен (адамдар арасында жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуының объективті заңдылықтары, профилактикалық әдістер және ол ауруларды жою туралы ғылым ) көп ортақтастығы бар, өйткені олар организмнің биологиялық табиғатының қоғамдық ортаға қатынасын зерттейді және керісінше. Балалар мен жасөспірімдер гигинеасы сол сияқты зияңды әсер ететін факторларды жою немесе әлсірту және еңбек, оқу, өмір жағдайларын жақсарту, денсаулықты нығайту жөнінде ұсыныстар жасауға міндетті.

Адам гигиенасы мен физиологиясының дамуы ерте уақыттан басталады. Көне медицина оқымыстыларының ішіндегі ең белгілісі Гиппократ, ал феодализм дәурінде – Европада Авиценна деп атаған атақты тәжік дәрігері әрі философы Абу-Али Ибн-Сина. Оның «Дәрігерлік ғылымның ережелері» деген кітабы көптеген европалық және шығыс тілдеріне талай рет аударылған.

Балалар мен жасөспірімдердің отандық гигиенасы көне замандағы «Владимир Мономахтың балаларға нақылы» (XI ғ.), Епифаний Славинецкийдің «Балалар әдеттерінің азаматтығы» (XVII ғ.) Феофан Проконовичтің «Жастытың адал айнасы немесе күнелтіс жүрістерінің көрсеткіші» (XIII ғ.) сияқты ескерткіштермен тамырлас.

М. В. Ломоносов, оның замандастары әрі прогресшіл қайраткерлер И. И. Бецкой, Н. И. Новиков Россиядағы халықтың, соның ішінде балалардың денсаулығын жақсатуды жақтады. А. Н. Радищев Россиядағы өскелең ұрпақтың тұрмысын жақсарту және денсаулығын сақтауды крепостнойлық қоғамды жоюмен, оқытумен, дене шынықтырумен және балалардың мұңтаздайлығын арттырумен байланыстырады.

Россиядағы балалар мен жасөспірімдер гигиенасының негізгі проблемаларын экспиременттік жолмен шешу, сол сияқты арнаулыф құралдар басып шығару тек Петербург дәрігерлік – хирургиялық академиясында гигиена кафедрасы ашылған соң (1871) ғана мүмкін болды. Кафедраны А. П. Доброславин (1842 – 1889) басқарды.

А. П. Доброславин гигиенаның басты мақсаты «қоғамдық іс - әрекеттің әр түрлі жағдайларында, организмдегі физиологиялық тепе – теңдік заңдарын зерттеу және организмнің өндіргіш күштерінің сақталуы мен дамуы ең қолайлы жағдайларын зерттеу»деп есептеді.

1884 жылы Москва университетінде гигиена кафедрасы ашылды. Оны Ф. Ф. Эрисман (1842 – 1915) басқарды, ол экспериментке негізделген ғылым ретінде гигиенаның негізгі міндеттерін анықтады және балалардың денсаулығын қоршаған орта жағдайлары мен тұрмысты ұйымдастыруға тәуелді екендігін дәлелдеді. Оқушылармен бірлесе отырып, ол арнаулы мектеп үйлерінің құрлыстарын және мектеп жанындағы учаскелерді жақсылап жабдықтау керектігінің негізін қалады, класс бөлмесінің; балаларға арналған әр түрлі мебельдің, оның ішінде мектеп партасының моделін жасады, балаларды жұқпалы аурулардан алдын ала сақтандыру үшін нұсқаулар құрастырады.

1887 жылы Ф. Ф. Эрисманның «Ой және дене еңбегінің кәсіптік гигиенасы» деген еңбегі шықты. Ол К. Маркстың «Капиталының» тікелей әсерімен жазылды.

Мектеп гигиенасы жөніндегі бірінші ғылыми орталық – мектептік-гигиеналық комиссия – Россияда 1875 жылы Әскери – оқу мекемелерінің педагогикалық музейінде пайда болды (С. Е. Советов). Комиссияның жұмысына А. П. Доброславин, Ф. Ф. Эрисман, П. Ф. Лесгафт және басқа ғалымдар белсене қатысты.

1906 жылы училище дәрігері және Россиядағы училищелер дәрігерлері Қоғамының басшысы д. Д. Бекарюков (1861 – 1934) «Мектеп гигиенасының негізгі бастамалары» атты оқу құралын жариялады. Өзінің мол тәжірибесіне және отандық, шетелдік әдебиеттердің мәліметтеріне сүйене отырып, ол балалар мекемелерін жоспарлау және аббаттандырудағы, мектептерде сабақ берудегі балалардың жұқпалы ауруларын алдын ала сақтандырудың гигиеналық талаптарын жазды; балаларға дәрігерлік көмекті кеңейту жөніндегі шараларды белгіледі. Балалардың денсаулығын қорғау жөніндегі көп жақты табысты еңбектері үшін Совет үкіметі 1926 жылы Д. Д. Бекарюковке «Еңбек Ері» құрметті атағын берді.

Бала организмінің анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктерін Россияда бірінші рет Петербург дәрігерлік – хирургиялық акдемиясындағы балалар кафедрасының меңгерушісі, профессор Н. П. Губдобин (1860 – 1906) зерттей бастады. Оның тәжірибесі «Балалар жасының ерекшеліктері» (1906) кітабында қорытылады, ол кітап балалар анатомиясы мен физиологиясы жөнінде Россияда бірінші еңбек болып саналады. Балаларды шынықтыруға, мектептегі оқу режиміне және басқа мәселерге ғалым үлкен мән берді.

Балалар мен жасөспірімдердің физиологиясы және гигиенасын дамытуда И. М. Сеченов пен И. П. Павловтың зерттеулері мен ашқан жаңалықтарының маңызы зор. Олардың рефлекстер, жоғарғы дәрежелі нерв қызметі және синтездеу әсеріне материалистік түсінік берді, ми мен психикалық процестер арасындағы диалектикалық өзара байланысты ашып берлі.

Жоғарғы дәрежелі нерв қызметінің жасқа байланысты ерекшеліктерін Н. И. Красногорский, В. М. Бехтеров, А. Г. Иванов – Смоленский, Н. И. Касаткин, Н. М. Шелованов, П. К. Анохин, А. Н. Кабанов, А. А. Волохов, И. А. Аршавский, А. А. Маркосян және басқаларды да зерттеді. Балалар мен жсаөспірімдердің екінші сигнал беру жүйесінде алғашқы зерттеулер жүргізген А. Г. Иванов – Смоленский жәнек М. М. Кольцова екендігін атап өткен жөн. Орталық нерв жүйесіндегі басылымдық процестері туралы А. А, Ухтомскийдің зерттеулері ойлау әрекеттерінің бірқатар құбылыстарын түсіндіруге негіз салды, онсыз балалар мен жасөспірімдерді оқыту және тәрбиелеу процесі мүмкін емес.

1972 жылы Белорус ғылыми – зерттеу санитарлық – гигиеналық институты (Бел НИСГИ) ашылды, 1959 жылы оның ішінен мектеп гигиенасы лабораториясы құрылып, 1963 жылдан бастап ол балалар мен жасөспірімдердің гигиена бөлімі болып қайта құрылды.

Республикада мектептік – гигиеналық проблемаларды өте кең көлемде зерттеу Ұлы отан соғысынан кейін басталды. 1964 жылы М. Т. Мотюшоноктың «Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы» кітабы жарыққа шықты, 1970 жылы педагогика училищелері үшін оқулық шығарды, 1975 жылы педагогика институттары үшін оқу құралын (басқа авторлар Г. Г. Турик және А. А. Крюковамен бірлесіп) шығарды, бұл кітап оның қайта басылуы болып табылады.

Балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері физиологиясы және гигиенасы бойынша жүргізілген зерттеулер практикаға айтарлықтай нәтижелер берді. Балалар ауруларын алдын ала сақтандыру да үлкен табысқа жетіп, балалар өлімі едәуір азайды. Бұл пәнді оқу келешек мұғалімдердің ғылыми – теориялық деңгейін көтереді.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет