Биология пјні бойынша тақырыптар тізбесі


 Тапсырма мазмұнының сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі226,23 Kb.
#95711
1   2   3   4
Байланысты:
Biologiya

 
3. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы: 
Тірі организмдер – Ұлғайтқыш құралдарды; жасуша-өсімдік организмінің негізгі 
құрылым бірлігін; өсімдік жасушасының құрылысын: қабықша, цитоплазма, ядро, 
пластидтер, жасуша шырынына толы вакуоль, қосындылары. Ұлпалар туралы түсінік; 
өсімдік ұлпаларының түрлері: түзуші, жабын, негізгі, өткізгіш, тірек ұлпаларын; өсімдік 
мүшелерінің жасушалық құрылысын; өсімдік— көпжасушалы организм. 
Өсімдіктің вегетативтік мүшесі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылысын
тамыр бөлімдерін (аймақтары): бөліну, өсу, сору, өткізу. Тамырдың түрлері (негізгі, 
жанама, қосалқы); тамыр жүйесінің типтерін: кіндік және шашақ тамырларын; тамырдың 
түрөзгерістерін; өсімдік өркендерінің құрылысын бүршік - өсімдіктің ұрықтық(бастапқы) 
өркені. Жапырақтың сыртқы және ішкі құрылысын; жапырақтың түр өзгерістері. Сабақ – 
өркеннің негізгі бөлігі. 
Сабақтың ішкі құрылысы. Сабақтың бойлап және жуандап өсуі. Жапырақтың 
сыртқы құрылысын; жапырақтың ішкі құрылысын. Жапырақтың түр өзгерістерін. 
Гүл, оның құрылысы мен маңызын; даражарнақты және қосжарнақты өсімдік 
гүлдерінің ерекшеліктерін; гүлшоғырлары, олардың биологиялық маңызы. 
Жемістердің түзілуі; өсімдіктердің тұқым арқылы көбеюі және таралуы. Жемістің 
түрлері: құрғақ және шырынды, тұқымның сыртқы және ішкі құрылысын; даражарнақты 
және қосжарнақты гүлді өсімдіктердің тұқымдарының құрылысын. 
Тірі организмдердің көптүрлілігі: 
Жануарлардың көптүрлілігі, олардың Жер бетінде таралуын; жануарлардың негізгі 
жүйелік топтарын: Дүние, Дүние тармағы, Тип, Класс, Отряд, Тұқымдас, Туыс, түр, 
популяция. Жануарларды жіктеуді; тіршіліктің қарапайым құрылымдық формасы ретінде 
вирустардың құрылыс 
ерекшеліктерін; бактериялардың жалпы сипаттамасын
бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын. Тірі табиғаттың ерекше 
дүниесі ретінде саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасын: зең саңырауқұлақтар: мукор, 
пеницилл. Біржасушалы ашытқы саңырауқұлағы. Көп жасушалы саңырауқұлақтар. 
Қалпақты саңырауқұлақтар. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар. Өсімдіктерді 
жүйелеп жіктеуін; өсімдіктер дүниесін оның дүние тармақтарына бөлінуі. Бөлімдер, 
кластар, тұқымдастар, туыстар, түрлер. 
Біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың жалпы сипаттамасын; Мүктердің 
әртүрлілігі, көбеюі және дамуын; қырықжапырақтардың, қырықбуындардың және 
плаундардың жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер ретінде жалпы сипаттамасын; 
тұқымды өсімдіктер ретінде олардың жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі. Жабық 
тұқымды өсімдіктердің жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі. Гүлді өсімдіктердің 
қосжарнақтылар және даражарнақтылар кластарына бөлінуін; қосжарнақтылар класының 
тұқымдастары (шаршыгүлділер, раушангүлділер, күрделігүлділер, бұршақ және алқа 
тұқымдастары). Даражарнақтылар класының тұқымдастары. Бір жасушалы организмдер 
ретінде қарапайымдардың жалпы сипаттамасын; ішекқуыстылар типінің жалпы 
сипаттамасын; жалпақ, жұмыр және буылтық құрттар типтерінің сипаттамасын; ұлулар 
типіне сипаттамасын; буынаяқтылар типінің жалпы сипаттамасын; Желілілер типіне 


қысқаша сипаттамасын; қандауырша – бассүйексіздер тип тармағының өкілі; балықтарға 
жалпы сипаттамасын; қосмекенділерге жалпы сипаттама. жорғалаушылар класына жалпы 
сипаттамасын; құстардың сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері, сүтқоректілер 
класының сыртқы және ішкі құрылысы. 
Адам және оның денсаулығы: 
Мүшелер жүйесі қызметінің гуморальдық реттелуін; Ішкі және сыртқы секреция, 
аралас секреция бездері, эндокриндік жүйе. Гормондардың қасиеттері, олардың организм 
дамуының түрлі кезеңдерінде мүшелер жұмысын реттеудегі маңызын; жүйке жүйесінің 
маңызын, оның құрылысы мен қызметін; жүйке жүйесінің орталық және шеткі 
бөлімдерін; мидың бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметін; сезім мүшелері және 
анализаторлар туралы; Анализаторлардың қасиеттері, олардың маңызын; сүйектер, 
бұлшық ет, сіңірлер-тірек қимыл жүйесінің құрамдас бөліктерін. 
Қан, ұлпа сұйықтығы және лимфа-организм ішкі ортасының құрам бөліктері, 
жүректің құрылысы мен қызметі; тыныс алудың маңызы,тыныс алу мүшелерін; 
асқорыту жүйесін, витаминдер, олардың ферменттермен және басқа биологиялық 
белсенді заттармен байланысы; ыдырау өнімдерін өкпе, бүйрек, тер бездері арқылы 
сыртқа шығару оның маңызы, зәр шығару мүшелерін; 
терінің құрылысын; адамның жыныс және жас ерекшеліктері, мінез құлықтың туа 
біткен түрлері: шартсыз рефлекстер, инстинктерін. 
Жалпы биология: Жалпы биология негіздерінің мақсаты мен міндеттерін, Жалпы 
биология биологиялық заңдылықтарын; жасушаның химиялық құрамын; жасушаның 
ашылу тарихын; жасушалық құрылымдарды; прокариоттық және эукариоттық 
жасушаларды; биологиялық жүйелердегі зат алмасу және өздігінен реттелуін; нәруыздың 
синтезі, организмдердің көбеюі және жеке дамуын; көбею формалары; организмдердің 
жеке дамуын; генетика және селекция негіздерін; тұқым қуалаушылықтың негізгі 
заңдылықтарын; өзгергіштіктің заңдылықтарын; генетика және селекция негіздерін; 
эволюциялық көзқарастардың дамуын, эволюцияның дәлелдемелерін; өзгергіштіктің 
эволюциялық процестегі рөлін; тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастардың дамуын; 
жерде тіршіліктің дамуын; адам шығу тегінің дәлелдемелерін; экология негіздерін; 
ортаның экологиялық факторларын, биотикалық оптимум; биосфера. Адам әрекетінің 
биосфераға әсері. Биосфераны қорғауды; Қазақстанның экологиялық проблемаларын білу 
тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет