Биология тест тапсырмалары жинағы



бет10/20
Дата23.11.2022
өлшемі464 Kb.
#159538
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
3138 test bio ent
00073a84-5a6f65a2
Вариант 10

1. Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы:


А) Жасушалар тобы D) Организм
В) Мүше Е) Ұлпа
С) Жапырақ жұмсағы
2. Сарыағаштың түрі өзгерген жапырағы:
А) Мұртша D) Қабыршақ
В) Қылқан Е) Тікенек
С) Шырынды жапырақ
3. Күрделі жапырақ болады:
А) Алмада D) Теректе
В) Асбұршақта Е) Қайыңда
С) Еменде
4. Су ағынының бағытын, сүңгу тереңдігін сезінуге мүмкіндік беретін балықтардың ерекше
мүшесі:
А) Ауа көпіршіктері D) Көзі
В) Танау тесігі Е) Бүйір сызығы
С) Қанаттары
5. Бактериялар туғызатын мақта ауруы:
А) Дизентерия D) Гоммоз (шайыр ағу)
В) Тат ауруы Е) Фитофтороз
С) Ақұнтақ
6. Жаздық бидай сортына жатады:
А) Одесская 31 D) Безостая 1
В) Полесская 70 Е) Краснодарская 39
С) Новосибирская 67
7. Бұршақ тұқымдасына жататын дәрілік өсімдік:
А) Гледичия D) Тентек мия
В) Мия Е) Беде
С) Жер жаңғақ
8. Жалпақ құрттардың аралық қабат қимылын реттейтін бұлшық еттер:
А) Сақиналы D) Қиғаш
В) Біріңғай салалы Е) Көлденең жолақты
С) Ұзын
9. Тікентнрілердің зәр шығару мүшесі:
А) Бүйрек D) Түтік
В) Мальпигий түтікшелері Е) Су түтікшелі жүйе
С) Несепағар
10. Шеміршекті балыққа жатады:
А) Шортан D) Аққайран
В) Пілмай Е) Шармай
С) Акула
11. Араның ауыз мүшесі:
А) Сорғыш-түтік D) Кеміргіш
В) Кеміріп-жалағыш Е) Сүзіп-жалаушы
С) Шаншып сорғыш
12. Жүйке ұлпасының серіктес клеткасы:
А) Медиатор D) Аксон
В) Синапс Е) Дендрит
С) Нейроглия
13. Бағдарлау рефлексі:
А) Жөтел D) Ыстық заттан қолды тартып алу
В) Кірпік қағу Е) Кенет дауысқа басты бұру
С) Сілекей бөліну
14. Статолиттер мына мүшеге тән:
А) Тепе-теңдік D) Иіс сезу
В) Көру Е) Дәм сезу
С) Терімен сезіну
15. Көлденең жолақты бұлшық еттер:
А) Барлық ішкі мүшелерде орналасқан D) Мұрын қуысын астарлайды
В) Қаңқа еттерін түзеді Е) Ішекті астарлайды
С) Қан тамырларының қабырғасын түзеді

16. Иммунология ғылымының негізін салушы:


А) И.И.Мечников D) Ч.Дарвин
В) Л.Пастер Е) И.П.Павлов
С) Э.Дженнер
17. Мұрын қуысының ішкі қабырғасын қаптайтын эпителий:
А) Борпылдақ D) Кірпікшелі
В) Тығыз Е) Борпылдақ-тығыз
С) Безді
18. Ас қорыту процесінде өт және ұйқы безінің сөл бөлінеді:
А) Ауыз қуысында D) Ащы ішекте
В) Қарынға Е) Тоқ ішекте
С) 12 елі ішекте
19. Сирек бүйрек ауруының себебі болады:
А) Ангина D) Тіс ауыру
В) Қызылша Е) Жүрек ауыру
С) Тыныс ауру мүшелері ауруы
20. Онтогенез дегеніміз:
А) Организмнің жұмыртқа клеткасының ұрықтануынан бастап адамның өмірінің соңына
дейінгі кезең
В) Организмнің тарихи дамуы D) Жыныс жүйесінің жетілуі
С) Жыныс клеткаларының қосылу нәтижесі Е) Құрсақ ішілік даму кезеңдері
21. Фенотип:
А) Организмнің тұқымқуалаушылық қасиеттері мен белгілерін анықтайтын гендер жиынтығы В) Қоршаған орта жағдайлары мен генотип әсеріне қалыптасқан организмнің барлық белгілері
мен қасиеттерінің жиынтығы
С) Организмнің тұқымқуалаушылық белгілерін беру қасиеттерінің тұрақтылығы D) Тұқымқуалайтын өзгергіштік Е) Адам генотипі
22. Клетканың пайда болуынан бастап оның өлгенге дейінгі уақыт кезеңі:
А) Тіршілік циклі D) Метафаза
В) Митоз Е) Анафаза
С) Мейоз
23. Бір түр особьтарының (дараларының) арасындағы күрес:
А) Түрішілік D) Эволюция
В) Түраралық Е) Өзгергіштік
С) Тұқымқуалаушылық
24. Жынысты көбею және клеткалы организмдер пайда болған заман (эра)
А) Архей D) Мезозой
В) Протерозой Е) Кайнозой
С) Палеозой
25. Екі жұп белгілері бойынша гибридтерді шағылыстыру:
А) Дигибридті D) Мутаген
В) Полигибридті Е) Фенотип
С) Моногибридті
26. Адамның қызығушылығына байланысты өндірісте тірі организсмдер мен биологиялық
процестерді қолану:
А) Экология D) Эмбриология
В) Биотехнология Е) Этология
С) Гендік инженерия
27. «Биоценоз» ұғымын ғылымға енгізген:
А) Э.Геккель D) Н.Н.Реймус
В) К.Мебиус Е) И.Варлинг
С) Ю.Либих
28. Органикалық заттармен қоректенетін гетеротрофты организмдер:
А) Продуценттер D) Автотрофтылар
В) Консументтер Е) Фототрофтылар
С) Редуцеттер
29. Айналымы 2000 жылды құрайтын биогенді элемент:
А) N D) O2
В) P Е) H2
С) C
30. Су түбінде тіршілік ететін организмдер:
А) Планктон D) Нейстон
В) Нектон Е) Аэропланктон
С) Бентос


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет