Биореакторларды жүйелеу



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата26.03.2022
өлшемі0,5 Mb.
#136906
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3 дарис
6 дәріс
 
( 1, 
2 - суреттер).
 
Аэрация интенсивтілігіне және араластыруға байланысты ферментация кезінде қоректік 
орта көпіршік түзеді. Бұл ортаны залалсыздандыру процесін бұзады және культуралық 
сұйықтықтың шығындалуына әкеліп соғады. 
Көпіршік түзілуін шектеу үшін химиялық заттармен қатар (май, олеин қышқылы, 
силикондар т.б.) механикалық заттар да (циклондар, сұйықтықтар т.б.) қолданылады. 
Көпіршіктерді басудың арнайы химико-физикалық қондырғылары және арнайы 
тәсілдері бар (3 - сурет). 


5 - сурет – Араластырғыштар 
1- турбиндік; 2 – күлтелі араластырғыш (кішкене мөлшердегі аппараттар үшін); 
3 – күлте – дискілі араластырғыш 
Өндірістік ферментаторлар құрылысы алуан түрлі (горизонтальды, вертикальды) 
болады. Вертикальды ферментердың (жалпы көлемі 85,074 л ) пішіні 2 - суретте 
көрсетілген.
Сурет – 2. Өндірістік ферментер (ферментатор), вертикальды, жалпы көлемі 85,074 л, 
материалы таттанбайтын болат, 316SS. 4.5 м диаметрі x 8.4 м биіктігі, Жасап шығарылған 
жері Webster's of Huddersfield, сериялық №2490 1991жылы жасалған.
Ферментатордың жұмыс көлемі жалпы көлемнің 
7
/
10
бөлігінен аспайды. Ерітіндінің 
жоғарғы жағындағы бос кеңістік буферлік ретінде қолданылады, ол жерде көпіршік 
жиналады да, осылайша культуралық сұйықтықтың шығындалуы тоқтатылады. 
Зерттеулерде көрсетілген, көпіршік қабаттарын үзіліссіз араластыру кезінде көпіріп 
жатырған сұйық ортадағы аэрация жағдайлары, тығыз ерітінділерге қарағанда жақсы 
болады. 
А.Кирхенштейн атындағы Микробиология институтында циклонды көпіршік өшіргіші 
бар ферментатор құрастырылып шығарылды. Бұл аппаратта айналымның интенсивті 
жүйесі бар, сұйықтық көпіреді, көпіршік ерітіндінің жоғарғы жағындағы кеңістікті 
толтырады, циклонға келіп түседі, ол жерде қайтадан сұйықтыққа айналады және 
ферментаторға кері қайтады. Бұл жағдайларда ферментатордың барлық көлемі 
пайдаланылады, жақсы аэрациямен қамтамасыз етіледі және химиялық көпіршік 
өшіргіштер қызметі нәтижесінде энергия шығыны азаяды. 
Ферментаторларға микробиологиялық синтездегі ең басты қондырғы ретінде ең жоғары 
талаптар қойылады. Процестің жүрісі жөнінде толық мәліметтер білу керек, сондықтан да 
ферментаторлар барлық параметрлерді өлшейтін және реттеп отыратын құрал. Қазіргі 
кезде ферментация процесі автоматты түрде арнаулы бағдарлама бойынша орталық 
пульттен басқарылады.

Ауа тазартқыш жүйелер. 
Аэрация үрдісі кезінде микроорганизмдер культураларын 
ауамен қамтамасыз ету үшін, тереңінен ферментациялау кезінде қоректік орта көлеміне 
минутына 0,5 - 2 бірлік көлеміндегі ауа берілу керек. Оны ферментаторға енгізбес бұрын 
механикалық бөлшектерден, микроорганизмдерден және химиялық заттардан тазарту 
керек. Ауаны тазарту үшін микробиологиялық өндірісте көбінесе сүзгіштер қолданылады. 
Ауаны 0,2МПа қысыммен береді. Ауаны қысу үшін тұрба компрессорлары немесе 
поршеньды компрессорлар қолданылады. Ауаны компрессорға берер бұрын ірі 
бөлшектерден майлы сүзгіштерді пайдаланып тазарту керек. Ферментаторға ол ең 


алдымен жалпы, кейіннен сүзгіш арқылы жеке өтеді. Бұл сүзгіштер ауаны салқындай 
заласыздандыру қызметін атқарады, микроорганизмдер клеткасын бөледі.
Сүзгіштің сызба нұсқасы 3 - суретте көрсетілген.
3 - сурет - Сүзгіштің сызба нұсқасы 
1-ауа жібергіш; 2 – бу жібергіш; 3 – ауа шығарғыш; 4 – бу шығарғыш; 
Жалпы және индивидуалды фильтрлер дәнді және талшықты материалмен 
толтырылады, гранулды көмір және шыны мақта қолданылады, диаметрі 18мкм болады. 
Соңғы кездерде арнайы бактерицидті талшықтар қолданыла бастады. Сүзу қабатының 
қалыңдығы 0,4-0,75 м. Индивидуальды фильтрлерді көбінесе шыны, қағаз мақталармен 
және белсенді көмірмен толтырады. Сүзгіштерді залалсыздандыру 120 -126 
о
С 
температурада 1 – 1,5 сағатқа созылады. Залалсыздандырудан кейін оларды құрғақ ауа 
ағымында 2 - 3 сағат шамасында кептіреді. Фильтрлерді айына бір рет және инфекциялар 
түскенде залалсыздандырады. 
Арнайы сүзгіштердегі сүзу материалын айына бір – екі рет, ал жалпы сүзгіштерде 6 – 8 
ай сайын ауыстыру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет