Биотехнология ғылым ретінде қалыптасуы, оның зерттеу объектісі, мақсаты, міндеттері Биотехнология


 Өнеркәсіптік ферментацияға арналған қондырғылар



бет56/71
Дата26.12.2021
өлшемі235,07 Kb.
#128702
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   71
Байланысты:
Биотехнология сессия
Лекция 10, Конспект лекция
58. Өнеркәсіптік ферментацияға арналған қондырғылар

Қазіргі заманғы биосинтез өнімдерін өндіру біртұтас биотехнологиялық, система болып табылады, оның құрамына кезекпен жүргізілетін көптеген стадиялар мен операциялар кіреді, олардың саны мен ерекшеліктері өндірілетін өнімнің түріне жəне тауарлық формасына байланысты.

Кез келген технологиялық системаның құрамы: биотехнологиялық агент, субстрат, технологиялық режим, процесті жүзеге асыратын аппараттар жəне өнім

Биотехнологиялық системаның биологиялық агенті – клетка (прокариот, эукариот) немесе вирустық бөлшек болуы мүмкін. Субстрат – клеткаларды култьтивирлеуге қажетті қоректік орта болып табылады, өнім – қажетті өңдеуден өткен соң тауарлық күйге енетін – клеткалар, вирустар биомассасы немесе клеткалармен синтезделетін зат.

Биотехнологиялық процестерді аппаратуралық жабдықтаудың негізгі элементтерінің бірі – биореактор (аппарат-культиватор, ферментер, ферментатор) болып табылады. Культивирлеудің белгілі параметрлері мен режимінде биореакторларда іс жүзінде кез келген клеткаларды өсіруге болады.

Биотехнолгиялық процестердің маңызды ерекшелігі – əр түрлі өнімдердің түзілу немесе бұзылу реакциясы тірі организмдердің көмегімен жүзеге асады. Сонымен, микроорганизмдер культурасын биотехнологиялық системалардың орталық элементі ретінде қарастыруға болады. Олар қоршаған ортадан қоректік заттарды пайдаланады, өседі, көбейеді, метаболизм өнімдерін бөліп шығарады. Культивирлеу системасының қалған элементтерін (ферментатор, қоректік орта, бақылау жəне басқару жүйесін) культураның қажеттілігін максималды мөлшерде қанағаттандыратындай етіп қажетті бағытта таңдап алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   71




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет