Биотехнология жетістіктері адамзатқа не береді?



Дата24.02.2023
өлшемі13,17 Kb.
#170025
Байланысты:
Биотехнология жетістіктері адамзатқа не береді
Фонетиканы оқыту., Психографология

Биотехнология жетістіктері адамзатқа не береді?
Қазіргі уақытта жиі кездесетін және қысқа мерзімді міндеттерді шешуден басқа, биотехнология ұзақ мерзімді проблемаларды шешудің, дәлірек айтқанда, орны толмас қорларды пайдаланудан гөрі жаңартылған шикізатты пайдалануға көшуді қамтамасыз етудің құралы болып отыр. Сонымен қатар, Қазақстанда биотехнология саласы күннен-күнге қарқынды дамып келеді. Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында «Таяудағы 10-15 жылда ғылыми қамтымды экономикалық базис жасау керек, онсыз біз әлемнің дамыған елдері қатарына қосыла алмаймыз. Мұны дамыған ғылым арқылы шешуге болады» деп ғылым саласын дамытудың қажеттілігін ерекше атап көрсеткен еді.
Бүгінгі биотехнология жетістіктері ауыз толтырып айтатындай деңгейге жетті. Мәселен, мал азығының сапасын арттыратын отандық “Казбиосил” препаратын атасақ болады. Жылдан-жылға жайылымдар мен шабындықтардың жетіспеушілігінен мал азығын дайындау мәселесі қиынға соғып отырған шақта, аталмыш препараттың пайда болуы нәтижесінде түкке жарамсыз болып қалған жерлердің құнарлылығын қайта қалпына келтіріп, қоршаған ортаның саламаттылығын арттыруға мүмкіндік тудырып отыр .Мұнымен шектелмей, сүрленген азықтың қажеттілігі артып, ірі қаралардың өнімінің артуына ықпалын тигізуде. Бұл-биотехнологияның адамзатқа тигізер пайдасын білдіреді емес пе?
Сонымен қатар, Ұлттық биотехнологиялық орталық Қазақстанда алғаш рет құс тұмауына қарсы «Қазақстан – 15» ауыл шаруашылығы вакцинасын жасап шығарғанын айтпасқа болмас.. Бұл қазақстандық ғалымдарымыздың ғылыми саладағы үлкен жетістіктерінің бірі болды.
Қорытындылай келсем, биотехнологияның қарқынды түрде дамуы азық-түліктердің жаңа түрлерін, әртүрлі ауруларға қарсы медициналық дәрі-дәрмектер, альтернативті энергия көздерін алу ауыл шаруашылығында өсімдіктердің зиянкестерімен күресу мен жаңа сұрыптарын шығару, мал өнімдерін арттыру және экологиялық апат салдарымен тиімді күресу әдістеріне қол жеткізуіне мүмкіндік тудырады. Сондықтан, биотехнологияның адамзатқа берер пайдасы орасан зор.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет