Бір ауылда Арман және Сауран деген екі дос тұрыпты



Дата16.09.2022
өлшемі12,82 Kb.
#149775
Байланысты:
Бір ауылда Арман және Сауран деген екі дос тұрыпты


Бір ауылда Арман және Сауран деген екі дос тұрыпты.
Бір күні олар бірге отырып,ұлы ерліктер жасау туралы армандайды,соның арқасында олардың есімдері ғасырлар бойы жоғарылайды деп отырғанда,сырқат кәрі көрші әйел оларға су әкеліп беруін өтінеді.
Арман маңызды іспен айналысып отырғандықтан,ұзақ-түйекпен айналысуға уақытым жоқ дейді.Ал Сауран болса үнсіз орнынан тұрады да,су әкеліп береді.Ал Осы әңгімеден соң көмек беру үшін күнде кедей әйелдің үйіне баратын болыпты.
Тағы бірде достар төбе басында отырса,оларға қария келеді де,тамақ сұрайды.
-Бөгет жасама,-дейді оған Арман,-сен бар болғаны қария ғанасың,ал мен болсам жарық дүниедегі адамдардың бәрін қалай тамақтандыруды ойлап отырмын.
Ал оның досы болса орнынан тұрып,киіз үйден нан әкеліп,оны қарияға берді.Қарияға Сауранға алғысын айтады да,былай дейді:
-Қалтасы тесік жан ғана кедей емес.Кімнің жан дүниесі бос болса,сол кедей.Өзі туралы осылай ойлаған адам ұлы емес (https://engime.org/li-dalani-li-tlfalari.html),айналысындағыларға көп жақсылық жасаған адам ғана ұлы адам бола алады.
Сірә,Арман сияқты жігіт қайдағы бір қарияның сөзін тыңдаушы ма еді?Ол күні бойы қайткенде жақсы және ұлы адам болатыны,қайырымдылығы мен қамқорлығына қалай алғыс айтатыны жайында айтумен болды.
Ал Сауранның бос сөйлеп уақыт келтіруге мұршасы болмады.Ол қарттар мен ауруларға көмектесті,әлсіздерді жұбатты.
Уақыт өтіп жатты.Достардың біреуі мылжың,сараң болды.Ал Сауран өзінің жастығына қарамастан,ауылдағы қарттармен ақылдасып отыратын ең сыйлы адамдардың бірі болды.Қайырымды да,ақылды жас жігіттің даңқы алысқа тарады.Адамдар тіпті оның құрметіне орай бір тауды соның атымен аттаған дейді.Ал Арман туралы ешкімнің еске алмағанына көп уақыт өтіпті.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет