Бір ғасырдың куәсі болған жыр дүлдүлі, айтыс шебері Жамбыл Жабаев 1846-1945 жылдары өмір сүрген



Дата20.03.2020
өлшемі9,17 Kb.
#60516
Байланысты:
Жамбыл Жабаев

Бір ғасырдың куәсі болған жыр дүлдүлі, айтыс шебері Жамбыл Жабаев 1846-1945 жылдары өмір сүрген.




Домбырамды қолға алам.




Өлең кірген түсіне,




Жөргегінде мен болам, –




деп, жырлағандай Жамбыл бала кезінен-ақ өлең-жырға әуес болған. Бұл туралы ақын өзінің «Менің өмірім» деген естелігінде: «Менің ағам, әкемнің інісі, белгілі домбырашы еді. Мен домбыра тыңдауға әуес болдым Он екі жасымда одан домбыраны үйрендім. Домбыра қолыма тигенде, бүкіл жан жүйем елжірегендей болатын еді. Менің қой баққым келмеді. Домбыра тартып, ән салу мені қатты қызықтырды. Табиғат маған күшті де жуан дауыс берді. Мен далада ән шырқағанда дауысым бүкіл даланы күңіренткендей сезінетін едім. Он төрт жасымда әкемнен қол үзіп, өзімше күн көруге мықтап бел байладым», – десе, «Әкеме» өлеңінде:




Өлең мен сөзді дос қылып,




Құрамын ақын санатын.




Батаңды маған бер, әке.




Тіліме менің ер, әке,




Жапаның ұлы ақын боп,




Жақсы істепті дер, әке, –




деп, әкесінен бата сұраған.




Жамбыл өзінің алғашқы «Шағым» деген өлеңін 13 жасында шығарған. Бұл өлеңінде де молдадан оқудан бас тартып, әкесінен ақындық жолға түсуге бата сұраған. Жамбылдың балаң өлеңдерімен танысқан Сүйінбай ақын: «Сенің өлеңдерің ақиқат пен әділдікті айтатын болсын, жырларың жекелеген адамдар емес, бүкіл халыққа жағатын болсын. Шындықты айт, әділдікті жырла! Өлең-жырыңды дауылдата бер! Жолың болсын! Бақытың ашылсын! » деп батасын берген. Сүйінбайдан бата алған Жамбыл ұстаз өсиетіне адал болып:




Менің пірім – Сүйінбай,




Сөз сөйлемен сиынбай.




Сырлы сұлу сөздері –




Маған тартқан сыйындай!




Сүйінбай деп жырласам




Сөз келеді бұрқырап,




Қара дауыл құйындай! –




деп, Сүйінбайдың өсиетін өмір бойы есінде сақтап, ұстазының есімін кие тұтып өткен.




Жамбыл өзінің қисса айту өнерімен, өткір де уытты өлеңдерімен, айтыскер ақындығымен Жетісу өңіріне, көршілес қырғыз еліне атағы жайылған.




Жамбыл Жабаевтың өлеңдері – заман ағысын, қоғам тынысын көрсететін, өмір ағымын жырлайтын өміршең жырлар. Ақынның көп жырлаған тақырыбы – жарлы мен жалшының, кедей-кепшіктің азапты өмірі, аянышты күйі. Ақын «Жылқышыға» өлеңінде:




Сары түнде сарылып кірпік ілмей,




Салқын күзде бір жылы үйді білмей.




Сахарада салақтап күндіз-түні,




Бұралқы ит пен малшының сиқы бірдей, –




десе, «Сараң бай мен жомарт кедей» өлеңінде:




Малы көп бай ертемен жейді қаймақ,




Қой шығарып, кедей жүр қозыны айдап




Ең болмаса айранға тойғызса деп,




Жатса-тұрса тілейді «А, Құдайлап», –




деп, бай мен кедейдің арақатынасын шыншылдықпен суреттеген. Жамбыл өзінің «Мәңке туралы», «Қалиға», «Сәт сайланарда», «Шалтабайға» деген өлеңдерінде халық қамын ойламайтын билік басындағылардың әділетсіздігін, парақорлығын, екіжүзді аярлықтарын өткір сынай отырып, көпшіліктің алдында әшкерелеген. Жамбыл «Өстепкеде», «Кәкімге», «Кәдірбайдың төбеті», «Есенәлі мешкейге» өлеңдерінде адам мінезіндегі, қоғамдағы ұнамсыздықты, жағымсыз әрекеттерді ащы да уытты сатира тілімен мінеп-шенеген, әжуалап күлкі еткен. Жамбыл Жабаев «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» өлеңдерінде 1916 жылғы Маусым жарлығына байланысты елдің ауыр халі мен халықтың наразылығын көрсетсе, «Ленинградтық өренім», «Алынбас қамал», «Москва», «Ата жаумен айқастық», «Өлім мен өмір белдесті» өлеңдерінде Ұлы Отан соғысының әділеттілігін жырлап, азаматтарды жауға қарсы күреске шақырған. Ақынның «Ленинградтық өренім» өлеңі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы поэзиялық шығармалардың ең таңдаулы туындыларының бірі болып табылады. Өлеңнің әдеби-тарихи маңызы туралы ленинградтық ақын А. Прокофьев: «... Жамбылдың «Ленинградтық өренім» жыры халықтың рухын көтеруде ерекше қызмет атқарды...», – деп жазса, Н. Тихонов: «Жамбыл Ленинградқа келіп, оны қорғаушылардың қатарына тұрды», – деген. «Правда» газеті «Ленинградтық өренім» туралы: «Бұл хаттың құндылығын біз күшті резерв келіп жеткенге бағаладық. Қазақстан халқы бізге өзінің туысқандық сәлемін, махаббатын және достық сезімін жіберді де, біз қуатымыз екі есе артып, ұрысқа кеттік», – деп жазған.




Халық ауыз әдебиетіне жастайынан құлағы қанып өскен Жамбыл – «Көрұғлы», «Манас», «Мұңлық-Зарлық», «Ләйлі – Мәжнүн», «Жүсіп – Зылиха», «Шахнама», «Қыз Жібек», «Едіге батыр», «Шора батыр» жыр-қиссаларды, дастандарды таңнан-таңға ұрып жырлап, кейінгі заманға жеткізген жыршы. Жамбылдың өзі шығарған екі дастаны бар: Олар: «Өтеген батыр» және «Сұраншы батыр». ХVІІІ ғасырда Абылай хан тұсында есімі белгілі болған Өтеген батыр Жамбыл дастанында қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын еркін заманды іздеуші, бақыт пен жайлы қоныс үшін күресуші ретінде суреттелген. «Сұраншы батыр» дастаны ХІХ ғасырда өмір сүрген, Қоқан хандығына қарсы ерлікпен күрескен Сұраншы Хакімбековтің ерлігі туралы тарихи деректер негізінде шыққан.




Жамбыл Жабаев шығармашылығынан айтыс ерекше қомақты орын алған. Айкүміспен, Бөлектің қызымен, Сарбаспен, Досмағамбетпен, Шашубаймен, Бөлтірікпен айтысы Жамбылдың төкпе ақындық қасиетін көрсетеді. Жамбыл айтыстарының ішіндегі атақ-абыройын аспандатқан ең таңдаулысы – 1881 жылғы Құланаян Құлмамбетпен айтысы. Жамбылдың Құлмамбетті жеңуінің негізгі себептері төмендегідей:




1 .Жамбыл Құлмамбет сияқты бірсарынды емес, ойы кең, жан-жақты болған;

2. Жамбыл батырлық, ерлік, адамгершілік сияқты адами құндылықтарды жырлаған;

3. Жамбыл өзінің руы мен тайпасының көлемінде ғана қалып қоймай, бүкіл қазақ елінің көрнекті тұлғаларын халықтың рухани қазынасы ретінде ту етіп көтерген;

4. Қазақ халқының ырысы көрші елдермен байланыста екенін көрегендікпен болжаған;

5. Халық ұғымындағы «бәлекет қуу» тәсілін шебер пайдаланып, Құлмамбетке бәлекет кейпін таңып, оны қатты састырған.




Жамбыл – әлемге әйгілі болған ақын. 1936 жылы Мәскеудегі қазақ әдебиеті мен көркемөнерінің бірінші онкүндігіне, 1937 жылы грузиннің ұлы ақыны Шота Руставелидің «Жолбарыс тонды батыр» поэмасының 750 жылдық тойына қатысып, ұзақ жыр айтқан. Жамбыл шығармашылығының 75 жылдығында әлемнің әр түкпірінен құттықтау хаттар келіп, Мартин Андерсен Нексе, Катарина Сусанна Причард сияқты атақты қаламгерлер Жамбыл шығармашылығына жоғары баға берген. Мысалы, көрнекті француз жазушысы Ромен Ролланның: «Батыс Альпінің жүрегінен қазақ халқының және адамзаттың жыршысы Жамбылға туысқандық сәлем жолдаймын» деп хат жолдауы қазақ халқының атақты ақыны Жамбыл Жабаевтың орны мен шығармаларының маңызын көрсетеді.




«Жетісу ақындарының алтын діңгегі» (М. Әуезов), «Халық поэзиясының алыбы», «ХХ ғасырдың Гомері» атанған, «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» деген ұлы тұлға, «Жүз жасаған бәйтерек» Жамбыл Жабаев 1945 жылы жүзге аяқ басқан шағында дүниеден озған.
Хатыңды, ботам, оқыдым,

Халіңді білдім сапардан.

Қуанып саған отырмын

Гвардеец атанған.

Сұраншы, Саурық секілді

Болыпсың, балам, қаһарман:

Қайтармай жаудан бетіңді,

Қаптаған қолға қасқарған.

Жазыпты сәлем достарың,

Сөздері семсер секілді

Құрыштан құрап қақталған;

Қыруар елден тоғысып

Жігіттер еді аттанған.

Қаймықпай жаумен соғысып,

Хабарын айтқан қайтарған.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет