Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы


Баланың ата−анасы алдындағы міндеттері



Pdf көрінісі
бет14/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез
Акылды создер
Баланың ата−анасы алдындағы міндеттері 
Ата−анаға жақсылық жасау тақырыбында Құран Кәрімде және хадистерде 
кӛрсетілген маңыздылықты кӛргеннен кейін олар үшін нақты түрде не жасай аламыз деген 
сұрақ туындайды. Мұны екі тақырыппен беруге болады. Олардың тірі кезінде баласының 
мойнындағы міндеттері және олар қайтыс болғаннан кейінгі баланың міндеттері 
1)
Ата−ана тірі кезде орындалуы тиіс міндеттер 
А) Олардың кӛңілдерін сұрап тұру 
Ә) Әр түрлі қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, оларға қызмет ету 
Б) Күнәға жатпайтын тілектерін орындап, оларға бағыну 
В) мейірім, шапағатпен қарау, жылы қабақ таныту 
Г) Құрметтеу 
Ғ) Ұйқыларын бӛліп, оятпау 
Д) Қасына баратын кезде рұқсат сұрау 
Е) Ата−ананың тура жолда болуын қалау 
2)
Ата−анасы қайтыс болғаннан кейін орындалуы керек басты міндеттер 
А) Ӛсиетін орындау 
Ә) Солар үшін дұға етіп, кешірім тілеу 
Б) Солар үшін садақа беру 
В) Қажылық, т.б. ғибадаттарын қаза етіп орындау 
Г) Туыстарына барып тұру 
Ғ) Қабірлерін зиярат ету 
27
Ә
л Таберани, Ел Мужемул Евсат1\299, Ел Хаким, Ел М
ү
стедрек 4\171 
28
Таха, 20\127 


21 
Ата−анаға қарсы шығу Аллаһтың қаламайтын үлкен күнәларының бірі болып 
табылады. Ата−ана және туыстарымен байланысын үзген адам мұсылманның емес
мұнафықтың сипатына ие деген сӛз. Ӛйткені, Мұхаммед сүресінің 22-23-аяттарында 
мұнафықтардың әрекеттері туралы айтылғанда олардың туыстармен байланысты үзгендігі 
білдіріледі.
Осындай үлкен күнә жасаған бала Аллаһтың рақымшылығынан құр қалу, 
дұғаларының қабыл болмауы және жұмаққа кіре алмау секілді қиындықтарға кезігуі 
мүмкін. Сол себептен де дүние мен ақыреттің бақытына қауышқысы келген әрбір адам әуелі 
ата−анасын риза етуі керек. Мына нәрсе ешқашан ұмытылмауы керек, олар бізді 
бағып−қағып ӛсірген кезде «балалар күні» деп жылдың тек күнінде ғана бізге кӛңіл бӛлген 
жоқ. Ержетіп, ӛз аяғымыздан тұрғанша, тіпті соңғы демдеріне дейін күндіз−түні жұмыс 
істеп, біз үшін бар ӛмірлерін сарп етті. Олай болса, біздің міндетіміз дініміздің ата−анамыз 
турасындағы талаптарын толығымен орындау және оларды әрқашан да риза ету болып 
табылады»
29
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   82




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет