Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы


Ата−ананың құқығы мәселесінде пайғамбарымыз не бұйырады?



Pdf көрінісі
бет9/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез
Акылды создер
Ата−ананың құқығы мәселесінде пайғамбарымыз не бұйырады? 
Мына хадистер пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) ата−ана құқығы 
мәселесіне ерекше мән беретіндігінің мысалы болып табылады: 
Бір сахаба жиһадқа қатысу үшін Аллаһ расулының (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) 
алдына барып, Одан рұқсат сұрайды. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) ол 
адамнан (тірі екендігін білсе де) «Ата−анаң тірі ме?» деп сұрайды. Сахаба «Иә» деп жауап 
берген кезде пайғамбарымыз «Соларға қызмет ету де жиһад болып саналады, сен соларға 
қызмет етіп, жиһад жаса» деп бұйырады
16
.
Аллаһ расулы (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) ол сахабаның ата−анасының тірі екенін 
және күтімге мұқтаж екендіктерін білетін. Ал сахаба болса жиһадқа қатысқысы келеді. 
Жиһад майданында әрі шәйіт, әрі ардагер болуға мүмкіндік бар. Жиһад − Аллаһтың ұлы 
атының ту етіліп кӛтерілетін және одан асқан міндет жоқ болып саналатын игі іс. Бір күні 
«Ей, Аллаһтың расулы! Аллаһ жолына жасалған жиһадқа не тең келеді?» деп сұрағандарға 
Ол (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) «Басқа бір іспен теңестіре алмайсыңдар» дейді. Бұл сұрақ 
үш рет қайталап қойылады. Пайғамбарымыз барлығында да осы жауапты беріп, сосын 
былай деп қосады: «Аллаһ жолындағы мүжахид күндіз−түні үздіксіз ораза тұтып, намаз 
оқыған, Аллаһтың аяттарына бағынған және жиһадтан қайтқанша намаз бен оразасын 
тастамаған адам секілді» дейді
17

Міне, осындай теңдессіз жиһадқа бара жатқанда Аллаһ расулы (саллаллаһу алейһи 
уәссәлләм) жиһадқа қосылу үшін ӛзінен рұқсат сұраған адамға артында қалдырып бара 
жатқан мұқтаж ата−анасының қиын жағдайын назарға алып, «Соларға қызмет те жиһад 
болып саналады, сен оларға қызмет етіп, жиһад жаса!» деген.
Мүслимнің тағы бір риуаятында сахаба «Саған хижрет пен жиһад ету, қайтарымын 
Аллаһтын тілеу шартымен қол беремін» дейді. Аллаһ расулы (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) 
«Ата−анаңнан тірі қалғаны бар ма?» деп сұрайды. Сахаба «Иә, екеуі де тірі» дегенде «Яғни, 
сен Аллаһтан сый күтесің ғой?» дейді. Сахабаның «Иә» деген жауабына «Олай болса 
ата−анаңның қасына қайт. Соларға жақсылап қара (Аллаһтың ризалығы сонда)» деген.
Басқа бір риуаятта сахаба «Жылап қалған ата−анамды да тастап кеттім» дейді. Аллаһ 
расулы (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) «Олай болса солардың қасына қайт, оларды қалай 
жылатсаң, солай күлдір (Аллаһтың ризалығы сонда)» дейді. 
Иә, ата−аналарын бір жерге апарып тастап кеткен кӛргенсіздер тез арада оларға 
барып, оларды қуантулары қажеті. Қарттар үйі жабылып, ӛздеріне құшақтарын жайған 
16
Қ
ара
ң
ыз: Б
ұ
хари, Жихад 138, Едеб 3; М
ү
слим, Бирр5 ; 
Ә
бу Д
ә
уіт, Жихад 33; Несеи, Жихад 5; Тирмизи, 
Жихад 2 
17
Қ
ара
ң
ыз: Б
ұ
хари, Жихад 2; М
ү
слим, Имарет ;110 Тирмизи, Федаилул−Жихад 1; Несаи, Жихад 17; Муватта, 
Жихад 1. 


15 
ата−аналарын қайғыға толы бұл жерлерден алып шығып, бауырларына басулары керек. 
Ӛйткені, олар балаларымен бірге болу, немересін сүйіп, ыстық ұяда ӛмір сүргілері келеді.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) жиһад үшін рұқсат сұрап келген 
қаншама адамнан ата−аналарының күтім жағдайы, жалғыздығы және қайғысы, 
қартайғандығын, мұқтаждықтарын назарға ала отырып, олардың кӛбісін ата−аналарына 
қараулары үшін кері қайтарған, кейбіреулеріне біраз ұсыныстар айтқан. Мысалы, «Ей, 
Аллаһтың расулы, мен жиһадқа қосылғым келеді, осы туралы сізбен кеңесуге келдім» деген 
Хаз.Жахимеге (радиаллаһу анх) «Анаң тірі ме?» дейді, ол «Иә» деген кезде оған «Олай 
болса, одан айрылма, жұмақ соның аяғының астында» дейді
18
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет