«Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты


Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы



бет8/24
Дата04.11.2016
өлшемі6,67 Mb.
#330
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы (ҚРҰАК) – 2004 жылдың 23 сәуіріндегі ҚР Үкіметінің № 461 Қаулысымен құрылды. 2004 жылғы 10 маусымда ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев пен Мәскеу мэрі Ю. М. Лужковтың қатысуымен кітапхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті. 2005 жылғы 10 қыркүйекте АҚРҰАК оқырмандарына өз есігін ашты. Жаңа кітапхана – жалпы алаңы 15 000 шаршы метрді құрайтын, қазіргі заманға сай 5 қабатты ғимарат. Мұнда тұтынушыларға бар жағдай жасалынған. Қазақстан Үкімтенің жаңа жобасы кітапхана процесстерін автоматтандырудың кешенді жүйесімен қатар, кітапхана ісіндегі жаңа технологияларды дамыту және ақпараттардың ұлттық электронды сақтау қоймасын құру үшін жаңа компьютерлік жабдықтармен жасақталған зияткерлік орталық құруға бағытталған. Бүгінде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында электронды ресурстарды 50 терабайттан петабайтқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін электронды сақтау қоймасы мен серверлер кешеніне арналған база құрылды. Кітапхана кітапханалық–библиографиялық процесстерді автоматтандыру деңгейі жөнінен республикамызда көшбасшылық орында. ҚРҰАК базасындағы «РАБИС» ақпараттық–библиографиялық жүйесінің автоматтандырылған негізгі үлгісі Қазақстанда алғаш рет ресми мақұлданды әрі жаңартылды. Бұл жүйе оқырмандарға қызмет көрсету процесіндегі бірегей логикалық тізбек бойынша жұмыс жасайды — оқырмандарды тіркеуден бастап, оларды әдебиеттер іздестіру мен тапсырыс беру, кітап беріліміне дейін бақылау.

Бүгінде кітапхана қызметін 15 мыңнан аса оқырман пайдалануда. Кітап қоры 380 000 жуық. Кітаптан бөлек, кітапханаға қазақ, орыс және басқа да шет тілдерінде 1500 аса атаумен отандық, шетелдік мерзімді басылымдар келіп түседі. Кітапхана өз пайдаланушыларына 15 толық мәтінді ғылыми мәліметтер базасын және әлемдік алпауыт ақпарат орталықтарының он–лайн каталогтарын ұсынады.

ҚРҰАК кітапханашылары компьютер технологияларын қолдануды жетік меңгерген, электрондар тасқынындағы ғылыми ақпараттардан да хабардар, қызмет барысында қашықтағы мәліметтер базасын, виртуальді анықтама қызметін, құжаттарды электронда жеткізу секілді осы замандық қызмет көрсету түрлерін жиі қолданады. Сондай–ақ, кәсіби ақпаратты қажет ететін тұрғындарға қызмет көрсету үшін меншіктік ақпараттық мәліметтер базасын қалыптастыруда.

ҚРҰАК еліміздің кітапханаларына арналған ақпараттандыру мен автоматтандыруды енгізу бойынша консалтингтік орталық құруды зор сеніммен қолға алуда әрі республикамыздың кітапханалық процесстеріне жаңа технологияларды енгізу саласындағы консалтингтік, болжалдау және талдау жұмыстарын жүзеге асыруда.

ҚРҰАК мынадай алып ақпараттық жобалардың инициаторы әрі әзірлеушісі: «Қазақстанның Ұлттық Электронды Кітапханасы» (ҚазҰЭК), «Қазақстанның қашықтағы кітапханалық академиясы», «Қазақстан кітапханаларының бірегей ақпараттық желісі». АҚРҰАК мамандары «Қазақстан кітапханаларын жаңартудың 2007—2009 жылдарға арналған бағдарламасын» әзірлеуде белсенділік танытты.

ҚРҰАК қызметіндегі басым бағыттардың бірі — халықаралық ынтымақтастықты дамыту. АҚРҰАК мынадай халықаралық үкіметтік, қоғамдық, кәсіби ұйымдармен белсенді ынтымақтасқан: ИФЛА, БАЕ, МБИАЦ, ЮНЕСКО, Француз Альянсы, Гете институты, Дүниежүзілік даму банкі, Азия даму банкі, ПРООН, НАТО және басқалар. ТМД елдерінің Ұлттық кітапханаларымен ынтымақтастық туралы Келісім жасалды. Атап айтсақ: Ресей, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Молдова, Белоруссия, Өзбекстан.

«Адам құқықтары жөніндегі ашық сандық кітапхана», «Көпшілік құқықтық ақпараттар орталығы», Үнді мәдениет орталығы, Неміс оқу залы, Ақпараттық даму орталығы, НАТО кітапханасы және басқа да ұйымдармен бірлікте жобалар әзірледі және енгізді. Ынтымақтастық туралы бұл келісімдер кітапхана қызметтері мен ақпараттық ресурстарды әрі қарай электрондауға серпін беретін жаңа жобаларды дамытуды қарастырады.

ҚРҰАК қызметі халықаралық дәрежеде аталып, ақпараттық қоғам қалыптастыруға өзіндік үлес қосқан әлем кітапханалары туралы түсінік беруді мақсат еткен ИФЛА «Success stories of libraries Building the Information Society» арнайы жобасында әлемдегі үздік кітапханалар тарихы ондығына енді.



Қазақстан Республикасы кітап мұражайы – Алматы қаласында орналасқан. Басты мақсаттары: тарихи және мәдени заттар мен ескерткіштерді, белгіленген ғылыми жүйе және жіктеу бойынша экспонатталған Қазақстанның ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі қолжазбалары мен жарияланған кітаптарын жинау, жинақтау, сақтау, зерделеу және насихаттау; іздеу, ғылыми–зерттеу, экспозициялық, ағартушылық және баспа жұмысы. 2006 жылғы 1 қаңтардағы жай–күй бойынша мұражайда 51,3 мың кітап тіркелген. Олардың 5213 мыңнан астамы сирек кездесетін, ескі кітаптар мен қолжазбалар. Ғимараттың жалпы көлемі 490,6 шаршы метр.
КОРЕЙЛЕР МӘДЕНИЕТІ – Корейлер – (өздерінің атауы – чосон сарам) — Кореяның байырғы халқы. КХДР–нда 24 млн., Корей Республикасында 50 млн. Корейлер тұрады. Жалпы саны 81 млн. адам. Сондай–ақ, Ресей Федерациясында 108 мың, Өзбекстанда 184 мың, Қазақстанда 104 мың (1992) корейлер бар. Антропологиялық жағынан корейлер моңғол тектес нәсілдің шығыс азиялық тармағына жатады. Корей тілінде сөйлейді.

К–дің ұлттық киімі, көбінесе, ақ матадан тігіледі. Ерлер кең балақты шалбар, күртеше, халат, әйелдер ұзын белдемше, қысқа кофта, дамбал киеді. Дәстүрлі бейнелеу өнері, архитектуралық ескерткіштері, қыштан, балшықтан әшекейлі заттар жасау өнері әлемге әйгілі. К–дің дәстүрлі фольклорлық шығармалары, халық әндері, ертегі–аңыздары сақталған. Музыкасы мен би өнері дамыған. Кең тараған музыкалық аспабына комунго, каягым, флейта, барабан жатады. Қазақстанда К–дің ұлттық–мәдени орталығы, Республикалық корей музыкалық комедия театры жұмыс істейді, корей тілінде газеттер мен кітаптар шығады.

К. будда дінін ұстанады. Біршама бөлігі – христиандар. Ежелгі дәуірде к. шамандық сенім ұстанып, табиғат құдыретіне табынған. III – IV ғасырларда Кореяға будда діні таралып, орта ғасырларда конфуцийшілдік күшті ықпал етті. XIX ғасырдан Кореяға христиан діні де енді.

К–дің ұлттық тағамдары – қышқыл дәмді, ащы тұздық қосқан балық пен көкөніс. К. ежелден егін шаруашылығымен айналысып келген. Көбінесе, күріш, арпа, тары, бұршақ дақылын, бау–бақша мен көкөніс егеді. Жібек құртын өсіреді. Теңіз жағалауында балық аулайды. Мал шаруашылығы қосалқы рөл атқарады. Қыш–құмыра жасау, балташылық, тоқымашылық, тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау қолөнері кең тараған. Қазір жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қара металлургия, машина жасау, т.б. ауыр өнеркәсіп түрлері дамыған.


Кішіпейілділік – ізеттілікпен адамгершіліктің көрінісі үлкенге, айналасындағы адамдарға сыйласым, әдептілік көрсететін, адамгершілік дәстүрдің нәзік айғағы. К.– жұрт мойындаған тәртіпке өз еркімен бағыну, өзінің жеке бастық керек–жарағын сол қоғамдағы халықтың қалыптасқан жағдайына сәйкес шектеу, адамға құрметпен қарап, серіктестің кемшіліктеріне төзімділік көрсету, өзінің де, басқалардың да жетістіктері мен кемшіліктеріне сын көзбен саралап қарау.

Жеке адам өзінің әлеуметтік тіршілік иесі екендігін сезінген сайын замандастарының, қоғам мен табиғат алдындағы жауапкершілігін жетілдіреді, міндет–парызын айқындайды. К–ділер өз еркімен қоғамға, адамзатқа қызмет істеуге бел буған кісілер. К.: а) адамның барлық іс–әрекетінен, қарапайым қимыл–қозғалысынан, өзін ұстауынан, тәлім–тәрбиелі мінез–құлқынан, дәйекті сөзінен, киген киімінен де аңғарылады; ә) өзге адамдарды сыйлаудан, олармен қарым–қатынас жасаудағы қарапайымдылықтан, өзінің қызметін дабыралап марапаттамаудан көрінеді. К–тің өлшемі – кісілікте, кісіліктің өресі – К–лікте. Мұндай адами артықшылық–адамның ұстамды сөзінде, сезім сергектігінде, қарым–қатынас туралығы мен тұрақтылығында, аумалы–төкпелі мінезге ұрына бермеуінде. К. адам – адамгершілігі мол, мейірбан, кісіге қарасуға, қол ұшын беріп, жәрдемдесуге әзір тұрады. К–лік– мінез, әлеуметтік мәртебе, көп қошемет тұтатын асыл қасиет. Сол үшін де халық: "К–лік – кішілік емес, кісілік” – деп оның мәнін өте дұрыс айтып жеткізген.

Ежелгі заманның ойшылдары, философтары К–ті кішілік, қарапайымдылық, кісілік деп асыл қасиеттермен теңестірген терең мағыналы нақылдарын арнаған. "Қабуснамада" "өзін басқалардан кішік, қарапайым ұстаған кісіні” – дана деген баға кезігеді. Шынында да, К–йіл, қарапайым кісі өзіне қатты сөйлеп, дөрекілік көрсеткендерге де дүрсе қойып, қаһарын шашпайды, зиянын көрген адамына да күш–құдіреті жетіп тұрғанымен, таптап тастауға құлықты емес, ашуын ақылына жеңдіріп, байсалдылық көрсетеді.

Қарапайым болу, ізгілік жасауға құштарлық, айбат көрсетпей–ақ, елеулі болуға, міндет қылмай–ақ, сыйлы болуға қол жеткізу, ақ көңілдігін сақтау. К.–йіл қарапайымдылық – мінез құлқы, адамның қорғаны. Жігерімен нәрлі жан еш нәрсені бүлдірмей, ешкімге зиян келтірмей, жасандылық пен менмендікке ұрынбай, бойындағы күш–қуатын жақсылыққа жұмсайды. "Жасанды К–лік – жақсы қасиет емес" (К. Гольдони), тіпті "жалған К.–лік те, менмендік сияқты, жиіркенішті” (Абай).

К–ке қарама–қарсы ұнамсыз қылық – менмендік, адамдар арасын жік шілдікке ұшыратады. Менмен адам кем–кетігін, кінәсын қаперіне алмай, өзін басқадан артық, жоғары санайды. Мақтауды ғана ұнатып, басқа салиқалы сөзді естігісі келмейді, ақыл–кеңесті құлағына ілмейді. Құранда: "Жер бетінде кердеңдеп жүрме! Әрине, сен жерді тесіп жібере алмайсың, не болмаса, зорайып өсіп, таулармен де теңесе алмайсың" ("Исра" сүресі, 37–аят), – делінген.

Қазақта К–ті кішілік пен кісіліктің нышаны деп ұғынушылық қалыптасқан. К–лік дегеніміз үлкен алдында әдеп сақтау, кісіні сыйлау, өзінен кішіге лайықты мінез–құлық үлгісін көрсету. К–лік көрсету орынсыз кішірею, кішірейгенсу емес, шын мәнінде кісінің мәртебесін ізеттілік, сыпайылық көрсететін әдепті жанның адамгершіл қасиеті, төзімді ілтипаты. Қазақ халқы «кішілік те кісілік» деп, кішілік – әдептілікті, ізеттілікті, сыйласымдылықты көрсететін қасиет деп жоғары бағалайды. Халқымыздың: " Ұлық болсаң, кішік бол", "Болған адам болдым демес, болдым десе, болғаны емес” – деуі, адам қанша болып–толса да, кемерінен асып төгілмеуі керектігін, көпке деген ізеті мен инабатын үзбей, тіршілік етуге тиістігін айтқаны. Бала үлкенге қарап өседі. Ата–аналар, үлкендер өздері үлгі көрсетпесе, К–тің кереметтігі жайындағы сөздердің әсері ойдағыдай болмайды. К. адамның рухани байлығының бір қайнары және көрсеткіші.
ҚАЗАҚТАРҚазақстан Республикасы жергілікті халқының атауы. Қазақтардың жалпы саны 15 млн. адамнан асады. Олардың ішінде Қазақстанда тұратыны 10 млн. адамнан артық. Қ. диаспоралары жақын және алыс шетелдердің көптеген елдерінде бар: Қытайда – 1500 мың, Ресейде – шамамен 700 мыңдай, Моңғолияда – 137 мың, Түркияда – 120 мың, Ауғанстанда – 20 мың, Иранда – 10 мың, Еуропаның әр түрлі елдері мен АҚШ–та – шамамен 4 мыңдай адам. Барлық Қ.–дың үштен бір бөлігінен астамы өздерінің этникалық отанының шегінен тыс жерлерде өмір сүріп келеді.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемелекеттік тілі.алтай тілдік отбасының түркі тобының қыпшақ тармағына жатады. Жақын туыстас түркі халықтарының тілдерінен айырмашылығы – өзіне тән ерекшелігі диалектілердің жоқтығы болып табылады. Оған себеп номадизм феноменінің ықпалымен – бүкіл Дала белсенді қозғалыста және тайпаралық қарым–қатынаста болған. Жабық, жеке, дара өмір сүру үшін объективті жағдайлар болмады – сондықтан Ертістен Еділге дейінгі ұланғайыр аумақта біртұтас тілдік нормалар болған. Қазіргі уақытта Қ. т. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болғандықтан оны қайта өрлету және дамыту мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп, іске асырылып келеді.

1999 ж. халық санағына сәйкес, қ–дың 99,4%–ы қ. т.–ін, 75%–ы – орыс және 0,7%–ы – ағылшын тілдерін меңгерген. Қ.–дың да, барлық түркі халықтарының сияқты бұрынғы өткен заманда өздерінің ежелгі, төл графикасы – руналық жазбасы болған. Ол ерекше (негізінен, сызықтық жазбалар) белгілер түрінде болып келген. Руналық әліпби 72 руналық белгімен берілетін 28 әріптен тұрады. Номадизмнің арқасында қ. т. ежелгі түркі тіліне жақын болып қалған және руналық ескеткіштерді аудару мәселелерін дұрыс шешуге мүмкіндік береді. Ұлы далаға исламның келуімен (VIII—X ғғ.) Қ.–дың арасында араб графикасы тарай бастайды. Сауат ашудың негізгі ошақтары мешіттердің жанындағы мектептер мен медреселер болды. ХХ ғ. 20–жылдарының аяғында жазу латын графикасына, ал 40–жылдары кириллицаға көшірілді.

Қазақтардың діни наным–сенімдері – мұсылман–суниттер. Исламға дейінгі кезеңде Қазақстанның аумағында Тәңірге – Мәңгі Көкке табынушылық басым болатын. Тәңіршілдік адамзаттың ежелгі монотеистік діндерінің бірі болып табылады. Тәңіршілдіктің көптеген белгілері ежелгі шығыстық табынушылықтармен туыстыққа меңзейді. Тәңірге табынушылық қандай да бір ережелер жинағын қалдырмаған (мысалы, иудейлердің «Ветхий Заветі», христиандардың «Новый Заветі», мұсылмандардың «Құраны» және т.б. сияқты). Жалғыз жазбаша дерек Ұлы Түрік қағанаты кезеңіндегі (V—VIII ғғ.) тастарға руналық жазбамен жазылған батырлық поэмалар–эпитафиялар болып табылады XIV ғасырда, Алтын ордалық Өзбек ханның тұсында ислам империяның мемлекеттік дініне айналды. Соған қарамастан, XIX ғасырдың ортасында Ш.Уәлиханов исламның таралуын және кейбір аймақтардың әлі де тәңіршілдік дәстүрлерді ұстанатындығы жөнінде жазған. Кеңес уақытында атеизм үстем болды. Тәуелсіздік алғаннан кейін дініи сенім бостандығы Қазақстанда мемлекеттің қолдауына ие бола бастады. Сонымен қатар, дінді секуляризациялау мемлекет идеологиясының бір бөлігі болып табылады. Қ. халқының тұрмысында Қ–дың этносанасы мен менталитетіне ықпал еткен жекелеген ежелгі тәңіршілдік әдет–ғұрыптары мен салт–дәстүрлері – ата–бабалар әруағына, отқа, күнге, жұлдыздарға, көкке және т.б. табыну исламдық дәстүрлерімен трансформацияланған. Қ. номадтық және діни дәстүрлердің ықпалымен дінге ерікті болып табылады.

Қазақстан – ғасырлар бойы қуатты империялар мен мемлекеттер пайда болып, күйреп, қайтадан жанданған Еуразия құрлығының ежелгі өркениет жері. Оның аумағынан Шығыс пен Батысты байланыстыратын маңызды сауда жолдары өткен. Елдің аумағында өмір сүрген ежелгі тайпалардың тарихи–мәдени бірлестіктері көптеген ғасырлар бойы Қ. этносының қалыптасуының негізі болып табылды (сақтар, үйсіндер, ғұндар, қаңлылар, түркілер, қыпшақтар, Қазақ хандығы). Еуразияның түркі тілдес халықтары, соның ішінде Қ. да туып, өмір сүріп жатқан жер әр уақыт кезеңіне сәйкес әр түрлі аталған: Тұран, Оғыздар даласы, Дешті Қыпшақ, Түркістан. Ортағасырларда Түркі қағанатының, Алтын Орданың құрамында болған қазақ ру–тайпалары XV ғасырдың орта тұсында өздерінің төл мемлекетін – Қазақ хандығын құрды. Алайда XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап ресей империясына тәуелді болып қалады. XX ғасырдың соңында Қ. өздерінің тәуелсіз мемлекетін құрудағы тарихи мүмкіндікке ие болды. Ежелгі дәстүрлерді, әдет–ғұрып пен салтты, тарихи–мәдени құндылықтарды қайта жаңғырту идеясы жас мемлекет үшін ерекше маңызға ие бола бастады.

Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы – көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы (қой өсіру, негізінен қылшық жүнді және құйрықты тұқымдар, ірі қара мал), соның ішінде жылқы өсіру және түйе өсіру. Қ.–дың қоныстанған аумағының басым бөлігінің аридты сипатына байланысты егін шаруашылығы негізінен қосалқы болған, ал су ресурстары мол жерлерде тіпті суармалы егіншілік шаруашылық болып табылған. Қ. малды қорада бағу үшін жем–шөп дайындамаған. Мал жазда да, қыста да ашық жайылымда жайылған. Бұл көшпелі жүйенің бірегейлігі Қ. күн мен көк шөптің артынан көшкендігінде: жазды олар солтүстік ендіктерде өткізген (шұрайлы жайылымдары көп, салқын климатты жерлерде), ал қысты – тау етектері мен жартылай шөлейтті оңтүстік аймақтарда (жер бедері аңызақ желден қорғайтын және жайылымдардағы қар қабаты қалың емес жерлерде) өткізетін болған. Ресейдің қол астына кірген соң және жайылымдық жерлер мен су қоймаларының біртіндеп қысқаруы халықтың әлеуметтік межеленуіне және олардың біртіндеп отырықшылануына алып келді.

Кеңес кезеңінде, большевиктер қолдан тудырған жаппай ашаршылық пен ауқымды қуғын–сүргіннің нәтижесіндегі үлкен құрбандықтарға (шамамен 50% байырғы тұрғындар қаза болды), сонымен қатар Ұлы Отан соғысындағы еңбекке қабілетті ерлердің көптеп қаза болуына қарамастан Қазақстан Ресей империясының артта қалған елінен дамыған өндірістік республикаға айналды. Қолданбалы өнердің ежелгі түрлерінің біріне металдарды көркем өңдеу: ұсталық іс, сүйекпен, күміс және алтындармен әшекейленген ыдыс–аяқ, зергерлік бұйымдар, қару–жарақ, ер–тұрман, сонымен қатар ат әбзелдерін, киім–кешек әзірлеу жатады. Көшпелі дәстүрлі үй – киіз үй, атқа арналған ер–тұрман, салт атты шайқас өнері, ұлттық кілем өрнектері, күміс және алтын әшекейлер өрнектері – көшпелі мәдениеттің теңдессіз туындылары екендігі белгілі. Киіз үй киізбен қапталған ағаш қаңқаға (кереге) негізделеді.

Шаңырақ — киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі, ол ошақтан шыққан түтіннің шығуына және киіз үйдің ішкі бөлігіне жарық түсіруге арналған. Температураны сақтап тұру және желдету қайырмалы түндікпен қамтамасыз етіледі, оның өлшемін шаңырақтың киізден жасалған жабынымен реттеуге болады, ол екі немесе одан да көп қабаттан тұруы мүмкін. Дұрыс құрылған киіз үйде жазда салқын, қыста жылы болады. Оны бұзуға және құруға бір сағаттан кем уақыт кетеді. Киіз үйдің ортасында қазан–ошақ орналасады. Киіз үйдің басты әшекейі киіз кілемдер (текемет) мен жүн кілем бұйымдар болып табылады. Сонымен қатар киіз үйдің іші әр түрлі ою–өрнекті, құрақты, кестелі, өрілген таспалармен байытылған. Қарапайымдылығы мен тиімділігі, құрудың жеңілдігі мен жылдамдығы, құрылысының мінсіздігі мен жоғары тасымалданғыштығы киіз үйді көшпенділердің аса қажетті үй–жайына айналдырды. Қазіргі уақытта киіз үйлер музейлердегі, театрлар мен басқа да көпшілік орындарында сәндік бұйым ретінде жиі қолданылады. Ұлттық мейрамдардың кезінде алаңдарға тігіледі.

Қазақтардың дәстүрлі киімі толығымен көшпелі өмір салтына бейімделген болған. Ерлердің киімі көйлек немесе жейдеден және шалбардан тұрған. Бейбіт уақытта жеңіл шыт және тоқыма маталар қолданылған. Ал жаугершілік заманда киім–кешек негізінен былғары мен болат сауыттардан құралған. Қыста қысқа күпілер киген. Өңделген қой немесе қасқыр мен түлкі терісінен, кейде бағалы аң терілерінен (кәмшаттың, бұлғынның) әр түрлі тондар киген. Жазда бастарына тақия немесе киіз қалпақ, қыста – тері мен елтіріден жасалған әр түрі бас киімдер (бөрік, тымақ, малақай, телпек) киген. Аяқ киімдері былғары етік (етік, мәсі), былғары аяқ киім (шарық, қалыш, кебіс). Қыста киіз байпақ және сыртынан биік саптама етік киетін болған. Әйелдердің киімі жасы мен мәртебесіне қарай әр түрлілігімен ерекшеленеді. Көйлектері ұзын, кең етекті болған, олардың астынан сол матадан тігілген шалбарлар (дамбал) киген. Көйлектің сыртынан жүн, сондай–ақ барқыт, қамқа, ши барқыт, жібек жеңсіз камзол мен бешпенттер киетін болған. Сыртқы киімдері кең шапан, ал қыста жеңіл күпі болған. Әйелдердің де, еркектердің де былғары белбеу тағу дәстүрі болған, олар атақты және бай адамдарда алтын және күміс түйіндіктермен және асыл тастармен әшекейленген. Аяқ киімдері биік өкшелі нәзік сахтияннан пішілетін болған. Бас киімдері тақиялар, елтірі жиекті әр түрлі пішімді бас киімдер (бөрік, орамал) болған. Тұрмыстағы әйелдер кимешек киген – ол бетке арналған қимасы бар, басты, кеуде мен арқаны жауып тұратын ақ матадан тігілген жаулық. Кимешектің сыртынан әйелдер (әсіресе егде жастағы) орамалдың бір түрі – жаулық байлайтын болған. Кейде кимешектің орнына арқа мен иықты жауып тұратын үлкен орамал – сұлама орамал пайдаланылған. Көйлектің сыртынан немесе шалбармен бірге жас әйелдер оюмен өрнектеліп кестеленген кең етекті белдемше киген. Жылдың суық кездерінде жылы, барқытпен қапталған шапандар мен қымбат аң терісінен тігілген тондар – ішік киілетін болған. Жалпы ерлердің де, әйелдердің де киімдері алтын және күміс бөлшектерміндетті элементтермен өрнектеліп тігілген, бағалы теріден елтірі компоненттер көптеп қолданылған. Қыздар мен жас әйелдердің киімі бай ұлттық ою–өрнектермен әшекейленген. Әдемі сырттан әкелінген маталар үлкен сұранысқа ие болған. Қ. қалыңдығының киімі ұзын ақ жібек кестелі көйлектен тұрады. Көйлектің сыртынан қою қызыл барқыттан тігілген бешпент тігіледі, сонымен қатар күміс және алтын әшекейлер: алқа, білезік, жүзік пен сақина және т.б. тағатын болған. Көйлек пен бешпент біртұтас ансамбльді құрап, оны үйлену тойына киетін көне бас киім – сәукеле аяқтайды. Биік, конус тәрізді пішінді, барқытпен қапталған ол асыл тастармен, күміс түйіндіктермен, салпыншақ маржан жіптермен және жақтау, шолпылармен безендіріледі. Салпыншақтардың саны бойынша қалыңдықтың мүліктік жағдайы мен әлеуметтік мәртебесі анықталған. Еркектер де шекпен – жүннен тоқылған жадағай киім киетін болған, олар қажет болған жағдайда сырт киім ретінде де қолданылған. Ашық ою–өрнекті кестемен кестеленген сәнді ұзын шапан өнер туындысы болып табылады. Кейде композицияның негізін Күнді бейнелейтін шеңбер түріндегі ірі өрнектер құрайтын болған. Тақия немесе кепеш (кішкене бас киім, тақия) – барлық қазақ ерлері киген киім–екшектің маңызды бөлігі болып табылады. Бас киімнің енді басқа түрі – қасқыр, түлкі немесе қой терісінен тігілетін қатаң қысқы жағдайларда теңдессіз тымақ болып табылады. Тымақ малшылардың ортасында әлі де пайдаланылады және құлақшындардың қалдығы болып табылады. Қазіргі уақытта сәнгерлер дәстүрлі киімдерді немесе олардың жекелеген бөлшектерін күнделікті тұрмысқа енгізу үшін белгілі күш жұмсайды.

Қазақтардың дәстүрлі тағамдары негізінен етті және сүтті тағамдардан тұрады. Ет жыл бойғы азық–түлік өнімі болған, оны пайдалану жазда біраз бәсеңдеп, қыста айтарлықтай ұлғайып отырған. Сүт өнімдері де соншалықты кең қолданыста болған: биенің сүтінен – қымыз, түйенің сүтінен – шұбат; қой мен ешкінің сүтінен – құрт (кептірілген ірімшік) дайындалған. Сиырдың сүтінен сондай–ақ айран, қатық, – бидай, тары немесе күріш қосылған ашыған сүт көже дайындаған. Астық және өсімдік өнімдері көбінесе жартылай отырықшы аудандарда пайдаланылған. Қ–дың ерекше құрметтейтін тағамы бесбармақ болып табылады. Құрметті қонақты ерекше әдіспен дайындалған қойдың басымен сыйлайтын болған. Ол басты бөліп, қонақтарға, үлкендерге, балаларға, жақын және алыс туыстарға деген қарым–қатынастың ежелгі қазақ дәстүрлеріне негізделген ерекше салтын ұстана отырып, оны басқа қонақтарға таратып беретін болған. Етті сорпаға пісірілген жайылған нан бөліктерімен бірге береді. Бұл тағамға қосымша ретінде еттің сорпасы беріледі, ол ағаш немесе шыны тостағандарда ұсынылады. Дастарханға міндетті түрде бауырсақ салынады. Тағамға дәмдеуіштер, әдетте қара бұрыш пен қалампыр қосылады. Шай ет тағамдарының алдында ішіледі. Еуропалық көріністердегіден ерекше сусын барлық ас–шаймен және тәтті–дәмділермен бірге ұсынылады. Әдетте сүтпен немесе кілегеймен бірге құйылады. Тамақтың соңынан қымыз беріледі. Қазіргі Қ. тағамдары тек қана дәстүрлі қазақ тағамдарынан ғана емес, сонымен қатар өзбек, ұйғыр, татар, орыс, украин, корей және т.б. тағамдарынан тұрады. Көкөністен, жемістерден, балықтан, теңіз өнімдерінен көптеген тағамдар, әр түрлі кондитерлік өнімдер дайындайды.

Салт–дәстүрі. Кез келген халықта отбасын құру, үйлену – адам өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Қ–да бұл оқиға отау көтеру немесе шаңырақ көтеру деп аталып, ата–аналар үшін ерекше қуаныш болып табылады. Шаңырақтың әрбір отбасының ерекше құрметтейтін нәрсесі, бақыттың символы және ұрпақ жалғастығының белгісі болып табылатындығы белгілі. Қ–дың әдеттегі дәстүрі бойынша әкесі жаңа отбасын (отау) құрған ұлдарына өз мал–мүлкінің бір бөлігін (енші) беретін болған. Қазіргі уақытта да дәстүрлі үйлену тойының негізгі салттары сақталған: құда түсу, беташар, жар–жар. Ежелгі әдет (салт–дәстүрлер жинағы) бойынша 7 ұрпаққа дейінгі туыстардың арасында некеге тұруға тыйым салынған. Бұл дәстүр бүгінгі күнге дейін ұсталып келеді. Барлық қазақ отбасыларында баланың дүниеге келуі шілдехана (баланың өмірге келуіне байланысты той), бесікке салу, тұсау кесу, сүндетке отырғызу сияқты дәстүрлі тойлармен қатар жүреді. Қ–дың отбасында «бесікке салу» дәстүрі ерекше атап өтіледі – онда жаңа туған нәрестені ол жылдам өссін және денсаулығы мықты болсын деген тілектермен бесікке бөлейді. Сонымен қатар бесікті баланы тіл–көзден, пәле–жаладан сақтау мақсатында үкінің қауырсынымен әшекейлейтін ежелгі дәстүр де сақталып қалған (үкі көптеген түркі халықтарында қасиетті және қорғаушы құс болып саналады).

Адамның дүниеден өтуі де дәстүрлі рәсімдермен қатар жүрген. Қайтыс болған адамның туыстарына қайғылы хабарды жеткізуші адамдарға үлкен жауапкершілік жүктелетін болған. Бұл «естірту» арқылы жүзеге асырылатын болған. Салт бойынша әйелдер «жоқтау» айтып марқұмды көп жоқтайтын болған және бір жылға дейін қара жамылып жүрген. Осындай жоқтаудың көптеген мысалдары ән өнерінің үлгілері болып табылады. Еске алу рәсімдері 7–ші және 40–шы күні өткізілетін болған, ал адамның дүниеден өткеніне бір жыл толғанда ас беріледі. Ерекше жағдайларда кейінгі жылдары да ас беріліп отырады. Марқұмның отбасына туған–туыстары мен жақын–жуықтары көңіл айтып, белгілі материалдық көмек көрсетіп, бата жасайды. Қ–да үлкенді құрметтеу салты сақталған, ол қоғамның моральдық–этикалық және өнегелілік ұстанымдарының негізін құрайды. Ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты әжелер жанұяның басы болып табылады, олар отбасы мүшелерінің құрметі мен сүйіспеншілігіне бөленіп отырады; жиі отбасының тұрмысы аға буын өкілдерінің мүдделеріне сәйкес қалыптасады. Ата–бабаларға табыну, өлгендердің әруағын құрметтеу, қара шаңырақты сақтау ұрпақ жалғастығының кепілі болып саналады. Әрбір Қ. өзінің шежіресін білуі тиіс (тым болмағанда 7 атасын). Өзінің ата–тегін білмеу надандық болып саналады. Бұл мағынада көп ғасырлық шежіре бар, ол адамның генеалогиялық шығу тегін көрсетеді. Қ–дың рухани құндылықтарының көрініс беретін салаларының бірі билер мен ақсақалдардың (әділ қазылар мен данагөй кеңесшілер) шешендік өнері болып табылады, олар тек халық бастауларының тасымалдаушысы болып қана қойған жоқ. Билердің пікіріне көшпенділердің жоғарғы билігі – хандар мен сұлтандар да құлақ салатын болған. Қ. әрқашан өздерінің қонақжайлылығымен танымал болған.

Олар үйіне келген адамды «Төрге шығыңыз» деген сөздермен құрметті қонақ ретінде қарсы алатын болған. Төр үйдегі ең лайықты орын болып табылады, қонақты сол жерге отырғызатын болған. Қонақпен бірден танысу ерсі болып саналған. Оған әуелі шай немесе қымыз беріп, содан кейін ғана танысып–білісетін болған. Ең дәмдісін, ең жақсысын қазақтар қонақтарына сақтаған (сыбаға). Үйге кірген кез келген адамды дәм ауыз тигізбей жібермейтін болған. Мұның бәрі осы дәстүрдің бекзаттылығын дәлелдейді.

Қ. халқының фольклоры бай және алуан түрлі. Ол батырлық жырлармен, жыраулар (дала ақындары) мен суырып салма ақындардың мұраларымен, сонымен қатар басқа да жанрлардың: ертегілердің, аңыздардың, мақал–мәтелдердің көптеген санымен ұсынылған. Осы рухани мұраның көбісі біздің күнімізге дейін дәстүрлі ауызша поэтикалық үлгіде жеткендігі есте қаларлық. Ежелден бері халықтың рухани байлығын жеткізушілер және өздерінің шеберліктерін ән–поэзиялық жарыстар – айтыста көрсетіп келе жатқан халық ақындары ерекше құрметке ие болған. Бір де бір ірі іс–шара олардың қатысынсыз өтпейтін болған, себебі оларға маңызды оқиғаны бағалаудағы құрметті де жауапты роль жүктелетін болған. Айтыстардың кезінде ақындар әлеуметтік, саяси және мәдени салалардағы халықтың өмірлік мәселелерін көтереді. Орындаушылар өз әндерін ежелгі музыкалық аспаптар – домбырада немесе қобызда ойнаумен сүйемелдеп отырған. Халық арасында «Қобыланды батыр», «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қамбар батыр», «Едіге батыр», «Қыз Жібек» және т.б. сияқты ежелгі эпикалық дастандар кеңінен танымал. Жаугерші жыраулар Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберділердің; ежелгі жыршылар – Кетбұғы, Асан қайғы, күйшілер – Қорқыт ата, Құрманғазылардың жекелеген туындылары біздің күнімізге дейін жеткен. Халықтың рухани қалыптасуында оның ұлы өкілдері Әл–Фарабидің, М. Қашғаридың, Ж.Баласағұнның, М.–Х.Дулатидың, Ахмет Яссауидың, Абайдың, М.Өтемісовтың, М. Әуезовтың және т.б. мұралары бүгінгі күні үлкен рөль атқарады.
ҚАЗАҚ АРХИТЕКТУРАСЫ, сәулет өнері – ғимараттарды, құрылыстар мен ескерткіштер кешендерін жобалау, салу, оларға уақыт талабына сай эстетикалық сипат беру өнерінің ұлттық саласы. Материалдық игілікті жасаудың басты саласы ретінде Қ– а. қоғамның өндірістік–экон. дамуына, ғылым және техника жетістік–терімен жарақтануына, оны жасаушылардың дүниетанымдық–эстет. талғамына тығыз байланысты жағдайда өркендеді. Қазақстан жерінде кұрылыс салу жоғ. палеолит дәуірінде пайда болды. Қаратаудағы, Баянауылдағы, Ұлытаудағы, Маңғыстаудағы үңгірлер мен адам тұрақтары шағын топтар болып өмір сүрген, бірігіп, еңбек еткен алғашқы қауымдық құрылыстар аншылардың, кейінірек ертедегі рулық қауымдарды құрған адамдардың тіршілік жайын сипаттайды. Бұл дәуірден ортасында дөңгелек ошағы бар, тастан немесе топырақтан қаланған, аласа қабырғалы, төбесі сырықтармен жабылған алғашқы тұрғын үйлердің (Орт. Қазақстандағы Тамды, Бөрібас, Дамсы тұрақтары) іздері сақталып қалған. Қола дәуірі тұрақжайлары тұрғын және шаруашылық бөлігі болып, қоршаумен екіге бөлінген (бұлар шамамен шаруашылыққа қосымша құрылыстармен бірге дөңгелене орналасқан) тік бұрышты жеркепелер тобынан құралды. Ошақтың үстіндегі орт. кеңістік бөренелермен жабылды, қабырғалары тақта тастан қаланды немесе топырақтан соғылды (Оңт. Қазақстандағы Атасу, Бұғылы тұрақжайлары). Кейінірек дөңгелек пішінді үйлер, төбесі түйетайлы етіп жабылған тік бұрышты құрылыстар (қыстаулар) пайда болды. Сонымен қатар, қабір үстіндегі кұрылыстардын пішіндері мен түрлері сараланып бөлінді. Қола дәуірі сәулет өнерінің үлгісі өңделмеген тақтатастан қаланған Дың ескерткіштері кездеседі (Екі дың ғимараттары). Тас ғасырының бейіттері күмбезбен көмкерілген және айналасы дөңгелене қоршалған, ортасында тас мүсіндері бар сәулетті кешендер түрінде жасалған. Қабір үстінде көлденеңі 30 м–ге жететін үлкен қорғандар (Қарағанды обл. Ақсу–Аюлы кешені) жиі салынған. Одан кейінгі дәуірлердегі кешендер тақтатастармен тік бұрышты етіп коршалды, кіре берісте галереялар салынды, төбесі бағаналармен (Беғазы, Қарағанды обл.) жабылды. Б.з.б. IV ғ–да құрылыста төбе–ні күмбездеп жабу тәсілі, сондай–ақ, оның алуан түрлері – цилиндр, сопақ, кеспек тәрізді түрлері кеңінен қолданылды.

Қаланың жоспарлау құрылымы мен бекіністері үш кезең бойында қалыптасты. IXX ғ–ларда Қ. а.–нда бүкіл Орталық Азиядағы сияқты, зор сапалық өзгерістер болды. XIXII ғ–ларда ол гүлдену шегіне жетті. Бұл кезеңнің қалалары 3 жеке құрылымнан түрды: қамал (цитадель), шаһристан, рабад. Кұрылысқа күйдірілген кірпішті қолдана бастау – сәулет ісінің ілгері дамуына жол ашты. Ғаныш ерітіндісін қосып күйдірілген кірпіштің өте берік болуы ғимарат төбесі құрылымын жетілдіруге, үйлердін аумағын ұлғайтуға жағдай туғызды. Ерте орта ғасырлар кұрылыстарындағы шаршы пішінді күмбездердің іргесі дөңгелек пішінді күмбездерге ауысуы сатылы–аркалы белдеулер аркылы жүзеге асырылды.

Түркістан қ–ндағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі XIV ғ–дың аяғы мен XV ғ–дың басында салынған бірден бір ескерткіш болып табылады. Бұл тамаша ескерткіште Қазақстан мен Орта Азия халықтарының көпғасырлық кұрылыс өнерінің жетістіктері пайдаланылған. Қазақтың халықтық сәулет өнерін дамытуда ескерткіштің маңызы зор болды.

XVXVIII ғ–ларда Қазақстанның далалы аймақтарында салынған діни және мемориалдық ескерткіштер 3 негізгі топқа бөлінеді: 1) күмбезді мазарлық; 2) қоршаулар (сағана там, төртқұлақ там); 3) қабір үстіндегі ескерткіштер және қабір үстіндегі ұстындар (үштас, бестас, қойтас, құлпытас, т.б.). Мазарлар композициясына қарай: мұнаралы, порталды–күмбезді, орт. білікті; жабу түріне қарай: сфералық немесе барабаны бар яки барабаны жоқ, шатырлы (сопақша), күмбезді болып бөлінеді. XVXVIII ғ–лардағы мұнаралы құрылыстарға Қызылорда обл–ның Шахнияз, Қармақшы ата мазарлары, Оңт. Қазақстан обл–ның Созақ ауд–ндағы мазарлар, т.б. бірқатар ескерткіштер жатады. Олар тік бұрышты немесе көп қыр–лы іргетасқа қойылған биік көп қырлы барабан аркылы сопақша немесе ұя тәрізді күмбезбен жабылған. XIX ғ–дың аяғы мен XX ғ–дың басында Қ. а. онан әрі дамыды. Ғимараттар мен құрылыстардың жаңа түрлері тұрғызылды, қала жоспарлау мен салудың соны тәсілдері белгіленді, өткен кезеңдердегі монументтік сәулет өнерінің дәстүрлері қайта жанданды, жаңа материалдар мен құрылымдар, ғимараттарды көркемдеп, сәндеудің архит. пішіндері мен құралдары пайда болды. 1927 –29 ж. Респ. жоспарлау к–тінің арнаулы комиссиясы ауылға арналған тұрғын үйлердің, қоғамдық ғимараттардың, баска да шаруашылық–тұрмыстык үйлердің бірсыпыра типтік сұлбасын, бас жоспарларын жасады.

Қ. а–ның үлкен жетістігі "Қазақстан" қонақ үйі. Бұл – еліміздегі жер сілкінетін аймақта орналасқан көп қабатты (25 қабат) алғашқы ғимарат. Республика сарайының архитектурасы бүкіл бір кезеңнің жетістігі болып саналады. 70–жылдардың соңы – 80–жылдардың басында Қазақстан қалаларында жаңа Мәдениет сарайлары мен үйлері, басқа да мәдени ойын–сауық мекемеле–рі: Рудный қ–нда Кеншілер сарайы, Петропавлда обл. драма театры

(арх. А.А. Козачинский; инж. А.Зай–цев), Алматыда цирк ғимараты (арх. В.З.Кацев, Слонов, С.Б. Матвеев, М.В. Плохотников), Аркалықта Кеншілер сарайы, Астанада Жастар сарайы (арх. А.Полянский, К.Миронов; инж. Ц.Нахутина), Павлодарда Трактор жасаушылар сарайы, Алматыда мақта–мата комбинатының Мәдениет сарайы (арх.: А.А. Пет–рова, З.Мүстафина, Г.Жақыпова; инж. Г.Стулов, Б.Никишина), Қазақ акад. драма театрының ғимараты (арх. О.Баймырзаев, А.Қайнарбаев, М.Жаксылықов) салынды. Бұл кезеңде Қ. а–нда негізінен монументтік сән өнері көрініс тапкан елеулі сапалык өзгерістер болды. Қазақстан егемендігі мен тәуелсіздігінің нығаюы Қазақстан мемлекеттілігінің нығаю процесі Түркістан, Семей, Атырау, Қарағанды, Қостанай, т.б. қ–лардағы архит. және мемор. ескерткіштерде көрініс тапты. Алматы қ–нда салынған Президент резиденциясы (1995) мен Республика алаңында орналасқан Тәуелсіздік монументінің (1996) орны айрықша. Алматы қ–ның бет–бейнесінде тәуелсіздік алған жылдары салынған бес жұлдызды "Анкара" (авт. Бижан Туберг, Түркия) және "Рахат–Палас", "Астана" қонақ үйлері мен т.б. кұрылыстардың өзіндік орны бар. Елордасының Астана қ–на ауысуы архитекторлар алдына жана міндеттер қойды. Бірінші кезекте іске асырылған жобаларға Орт. алан аумағындағы Президент резиденциясы мен Мин. каб–нің әкімш. және Парламент ғимараты, сондай–ак, Ішкі істер мин–нін ғимараты, Қаржы мин. кешені, "Самал" тұрғын үйлер ауд., аэропорт, Есіл өз. аймағындағы архит. кешен жатады. Соңғы кезеңдерде бұл аймақтарда жаңа Үкімет үйі, "Сити маркет" сауда орталығы, Спорт сарайы, Ұлттық мұражай, Еуразия ун–тінің ғимараттары, Океанариум, "Думан" ойын–сауық кешені, "Астана–Бәйтерек" кешені, т.б. салынды. 2000 ж. ЮНЕСКО шешімімен Түркістан қ–ның 1500 жылдығы атап өтілді. Осы күнге орай әлемге танымал Қожа Ахмет Ясауи кесенесі кайта жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар, "Яссы" қонақ үйі, ¥лы жібек жолын символдық тұрғыдан көрсететін "Керуен" ескерткіш кешені ашылды. Жиырма жылдық тәуелсіздік кезеңінде Қазақстанның көптеген қалалары мен аудандарының, әсіресе Алматы және Ақмола облыстарының архит. келбеті айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Ірі–ірі әкімш. ғимараттары мен тұрғын–үй кешендері пайда болды. Мемориалдық құрылыстардың арасында жаңа ескерткіштер және ғылым мен техника, тарих пен мәдениет кайраткерлері тұрған үйлерге тақталар мен құлпытастар қойылды.
Әдебиет: Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық / Бас сарапшы Әшірбек Сығай. – Алматы: Аруна Ltd, 2005. – 656 б.
"ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ" – апталық әдеби, мәдени газет. Қазақстан Жазушылар одағының органы ретінде бірінші саны 1934 жылдың қаңтарында жарық көрген. Алғашқы редакторы Б.Майлин. 1940– 54 ж. газеттін шығуы тоқтатылып, 1955 жылдың қаңтарынан қайта шыға бастады. "Қ. ә." өнер сүйгіш оқырман қауымның рухани жан дүниесін байытып, эстетик. талғамын тәрбиелеуде елеулі рөль атқарды. Газет беттерінде қазақ акын–жазушыларының өлең, жыр, дастандары, әңгіме, очерктері, роман, повестерінен үзінділер; байырғы мәдени қазынамыздың ел аузында жүрген асыл үлгілері, көне тарихымызға қатысты деректер мен архол.–этногр. мұралар; қазақ әдебиетінің өткені мен бүгіні және келешегі жайлы байыпты әдеби–сын мақалалар; елдегі елеулі мәселелер, қоғамдық–саяси, әлеум.– мәдени оқиғалар жөнінде публиц. өткір ой–толғаулар, дүние жүзі классиктерінің үздік туындыларынан аудармалар жария–ланды. Сонымен бірге, оқу–ағарту, білім, ғылым саласындағы әр алуан көкейкесті мәселелерді сөз етеді. Кино, театр, сымбат, қолөнерінің келелі тақырыптарынан кеңінен толғап, белгілі әдебиет, өнер қайраткерлерімен сұхбат жүргізіп, олардың жаңа шығарм. туындыларын оқырмандарға таныстырып отырады.

Әдебиет: Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық / Бас сарапшы Әшірбек Сығай. – Алматы: Аруна Ltd, 2005. – 656 б.


ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ МЕН ӨНЕРІНІҢ КҮНДЕРІ, АПТАЛЫҒЫ МЕН ОНКҮНДІКТЕРІ – әдебиет пен өнер саласындағы жетістікті көрсететін мәдени–көркем шаралар. Қазақ әдебиеті мен өнерінің алғашқы онкүндігі 1936 ж. Мәскеу қ–нда өтті. Онкүндік кезінде Қазақ муз. театры (қазіргі акад. опера жөне балет театры) Е.Г. Брусиловскийдің "Қыз Жібек", "Жалбыр" операларын, А.Жұбанов басқарған Қазақ ұлт аспаптар оркестрі бірнеше кон–церттер қойды. Қазақ әдебиеті мен өнерінің 2–онкүндігі 1958 ж. өтті. Бүл онкүндікте Қазақ акад. опера және балет театры М.Төлебаевтың "Біржан – Сара", Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абай" операларын, Н.Тілендиев, Л.Б. Степанов жөне Е.В. Манаевтың "Достық жолмен", Б.В. Астафьевтің "Бақшасарай фонтаны" атты балеттерін, Қазак акад. драма театры М.Әуезовтің "Еңлік – Кебе–гін", С.Мұқановтың "Шоқан Уәлихановын", Ғ.Мүсіреповтің "Ақын трагедиясын", Ә.Тәжібаевтың "Жалғыз ағаш орман емесін", У.Шекспирдің "Асауға тұсауын"; Орыс акад. драма театры Н.И. Ановтың "Мұрагерлерін", т.б. спектакльдерін қойды.
Әдебиет: Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық / Бас сарапшы Әшірбек Сығай. – Алматы: Аруна Ltd, 2005. – 656 б.
ҚАЗАҚ ӘН–БИ АНСАМБЛІ – вокалдық–хореографиялық ансамбль. 1955 ж. ұйымдастырылды. 1989 жылдан "Салтанат" деп аталды. Ансамбльді алғаш ұйымдастыру шылар: реж.–хореограф Л.Д. Чернышева, комп. Б.Байқадамов, балетмейстер А.Бекбосынов, т.б. болды. Негізгі мақсаты – қазақтың ән және би өнерін, сондай–ақ, әлем халықтарының, композиторларының шығармаларын насихаттау. Ансамбль репертуарында Қазақстан композиторлары М.Төлебаев, Б.Байқадамов, Л.Хамиди, С.Мұхамеджанов, Н.Ті–лендиев, Е.Рахмадиев, Ғ.Жұбанова, Б.Жұманиязовтың шығармалары және украин, чех, неміс, жапон, венгр, араб халыктарының ән–хорлары мен би сюиталары бар. Қ. ә.–б. а. Баку, Вильнюс, Киев, Санкт–Петербург, Мәскеу, Рига, Таллин, Тбилиси, АҚШ, Германия, Венгрия, т.б. шет елдерде гастрольдік сапарларда болып өнер көрсетті. Қазақстанның еңб. сің. ұжымы деген құрметті атақ берілді (1967). Әнші–орындаушылары С.Әлімходжаева, Ж.Бекболатов, Р. Галимниязова, Р. Есламғалиева, Р. Құрбанова, Ә. Ысмайлов, Р. Үмбетбаев, т.б. болды.
Әдебиет: Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық / Бас сарапшы Әшірбек Сығай. – Алматы: Аруна Ltd, 2005. – 656 б.
ҚАЗАҚ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ – көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика, сән және қолданбалы өнер салаларын қамтитын, ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер. Қ. б. ө–нің бұқаралық ең ежелгі түрі – халықтың қолөнері болып та–былады. Кәсіби Қ. б. ө–нің қалыптасу және даму жолы өте күрделі болды. Оның бастауында этнограф–ғалым Ш.Уәлиханов тұрды. Кейінгі зерттеулер Шоқанның "Потанин", "Тезек төре", (әсіресе, график. суреттері), т.б. портреттік жұмыстарынан кәсіби суретшілерге тән шеберлігі байқалатынын анықтады. Шоқанның қас–қағым сәтте салған график. долбар суреттері Қайта өрлеу дәуірі өкілдері (Л. да Винчи, Рафаэль Санти) шығармаларымен сабақтасып жатыр ("Аға сұлтан портреті", "Бақсы", "Қазақ музыканттары", "Шығыс ұйғырларының киімі", т.б.). Шоқан Қ. б. ө–нің график. саласында ғана емес, сонымен қоса, кескіндеме са–ласында да жоғары шеберлікке жеткен ("Алатау көрінісі", "Жатақ"). Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіпқой шеберлерін даярлайтын студия 1920 ж. ұйымдастырылып, Н.Г. Хлудов, Н.Антонов және мү–сінші А.С. Пономарев сабақ берді. XX ғ–дың 20–30 жылдары Қ. б. ө. шеберлері алғашқы қадамдарын жасады. Жас суретшілер кескіндеме мен графиканың кәсіптік шеберлігін меңгерді. Олар (Н.И. Крутилъников, Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, И.И. Савельев, Б.Сәрсенбаев, т.б.) өздерінің қарапайым мазмұнға құрылған алғашқы еңбектерінде елімізде болып жатқан өзекті өзгерістерді бейнелеуге ұмтылды. 1940 ж. маусымда ашылған Қазақстан суретшілерінің І–съезі шығарм. ұжымның біраз жылғы жұмыстарын қорытындылап, ұлттық өнерді одан әрі дамытудың жолдарын белгілеп берді. 40–жылдардың басьнда қазақ кескіндемесі мен графикасы едәуір табыстарға жетті. 2–дүниежүз. соғыстан кейінгі жылдарда Қ. б. ө–нің барлық түрі: кескіндеме, мүсін, графика ілгері дамыды. Қазақ және өзбек халықтарына ортақ суреткер – қазак табиғатын тамсана жазған, алғашқы академик–суретші О.Таңсықбаев Қ. б. ө–нде ерекше орын алады. 50–жылдардың соңы (К,.Телжанов, М.Кенбаев) Қ. б. ө. жанрлык және ізденіс бағыттарының сонылығымен ерекшеленеді. Қ. б. ө–нде графика елеулі орын алады. XX ғ–дың 70 – 80–жылдар шығармаларында өзіндік қолтаңбасы айқын графиктер қатары көбейді. 80 – 90–жылдары Қ. б. ө. тың ізденіспен, еур. жаңа сипаттағы ағымдардың әдіснамасын менгерумен ерекшеленді (А. Ақанаев, Ә. Сыдыханов, Е.Мергенов, Д.Әлиев, Е.Төлебаев, Б.Түлкиев, Ж.Аралбаев, т.б.). Одан беріде күнделікті қазақ өмірін, белгілі тарихи кезеңдерді жаңаша сипат беріп.ерекше тәсілмен бейнелей білген суретшілер бой көтерді (М.Аманжолов, А.Нақысбеков, К.Каметов, Е.Сергебаев, А. Қорғанбаев, Т.Ордабеков, К. Дүзелханов, т.б.). Елімізге қасірет әкелген, көп жылдар бойы жабықтақырып болып келген Семей атом полигонының, Аралдың касіретті ащы шындығы бейнеленді (Ақанаев, Аманжолов, Ә.Төлебиев, т.б,). Төлепбаев 2002 ж. халықар. С. Дали атынд. Алтын белгіге ие болды.
Әдебиет: Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық / Бас сарапшы Әшірбек Сығай. – Алматы: Аруна Ltd, 2005. – 656 б.

ҚАЗАҚ БИІ – бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін ұлттық сахна өнері. Қазақтың халықтык би өнері ерте заманнан қалыптаскан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән–күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы болып табылады. Қ. б. халықтың тіршілік–тынысын, адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде өркендеді. Қ. б–нің кейбір кимыл–қозғалыстары, бақсы–балгерлердің ойындары арқылы қалыптасқан. Қ. б. өнері синкреттік түрде дамыды. Ежелгі билердің канондық түрлері бізге жетпеген. Бірақ жиын–тойларда жұрт көңілін аулайтын күлдіргіш–қуақылардың өнерлерінде, ұлттық ойындар мен салт–жораларда би қимылдары мол қолданылды. Қ. б. өнерінің кәсіби деңгейге көтеріліп, сахна төріне шығуы, Қазақ муз. театрының (қазіргі Қазақ акад. опе–ра және балет театры) шығарм–ғымен тығыз байланысты. Халық бишісі Ысқақ Быжыбаев Мәскеу қ–нда өткен КСРО халыктары билерінің Бүкіл одақтық фести–вальдарына қатысып, 1936 ж. екінші жүлдені, 1940 ж. бірінші жүлдені иеленді. Қазақ халқының алғашқы кәсіби бишісі Ш.Жиенқұловадан бастау алған би өнері бірнеше ұрпақтың рухани байлығына айналды. Жиенқұлова – 1936 ж. Мемл. филармония жанынан би ансамблін құрды. Халық биінің тез қарқынмен дамуына 1955 ж. құрылған Қазақ ән–би ансамблі зор үлес қосты. 1989 ж. құрылған "Салтанат" би ансамблі М.Төлебаев, Б.Байқадамов, Л.Хамиди, С.Мұхамеджанов, Н.Тілендиев, Е.Рахмадиев, Ғ.Жұбанова, т.б. композиторлардың шығармаларына қойылған билер сахнада бейнеленді. Қазақтың фолькл.–этногр. билерінің кәсіби сахнаға шығуында "Алтынай" би ансамблінің рөлі зор болды. Ансамбль репертуарынан, аңыз–ертегілерге, салт–дәстүр мен еңбек тақырыбына, ойын түрлеріне қойылған ұлттық би өнерінің алуан үлгісін көруге болады. Қ. б–нің кәсіби сахнаға шығуында, әр кезеңде, А.Ибрагимов (Ардобус), А.Мартиросянц (А.Александров), Ә.Ысмайлов, Д.Әбіров, З.Райбаев, Б.Аюханов, Ж.Байдарлин секілді балетмейстерлер еңбек сіңірді.
Әдебиет: Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық / Бас сарапшы Әшірбек Сығай. – Алматы: Аруна Ltd, 2005. – 656 б.
ҚАЗАҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫ, Ғ.Мүсірепов атынд. Қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер т е а т р ы – мәдени–сахналық мекеме. 1944 ж. Алматыда реж. Н.И. Сац пен драматург В.С. Розовтың басшылығымен ұйымдастырылған. Театр қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істеді. Алғаш рет қазақ группасы 1947 ж. 2 ақпанда А.Н. Островскийдің "Мысыққа күнде той бола бермес", ал орыс группасы 1945 ж. 7 қарашада Е.Шварцтың "Қызыл телпек" (басты рөлдерде Қ. Мамбетова, Т.Жармұхамедовалар ойнады) спектакльдерін қойды. Театр шымылдығы ресми түрде 1948 ж. 4 шілдеде А.Н. Толстойдың "Алтын кілт" спектаклімен (реж. Сац) ашылды. Жас ұжымның мектеп бағдарламасымен сәйкес алғаш қойған пьесалар мен аңыз–ертегілер инсценировкалары: М.Ақыжанов пен К,.Бадыровтың "Алтын сақасы" 1948, реж. Н.В. Молчанов; 1953, реж. С.Шәріпов. Театр ғимараты 1941 ж. архитекторлар Н.А. Простаков, Т.Бәсеновтің жобасы бойынша ірге көтерген. 1996 – 2000 жж. күрделі жөндеуден өтті. Ғимарат кұрылысының композициялық орт. – 1170 орындық көрермендер залы. Театрдың екі қапталындағы бақтарға М.Әуезов (1967, мүсінші Т. Досмағамбетов) пен Ж. Жабаевтың (1971, мүсінші Х.Наурызбаев, екеуінің де арх. М.Меңдешов) ескерткіштері койылған. Қ. а. ж. б. т. Ленин орденімен марапатталған (1959).
ҚАЗАҚ КИНОСЫ – Қазақтың киномотографмя жетістіктерін пайдаланатын көркем өнер шығармашылығы. Қ. к–сы Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. Алғашқы киношежіре 1925 ж. түсірілді. 1928 ж. РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанынан акционерлік "Востокфильм" кино коғамы құрылды. 1929 ж. Алматыда оның өндірістік бөлімі ашылды да, ол Қазақстанның өмір–тұрмысы туралы "Соңғы хабар" атты киножурнал шығарып тұрды. Реж. В. А. Турин ел өміріндегі тарихи оқиғалардың біріне саналатын Түркістан – Сібір т.ж. магистралінің құрылысы жайлы "Түрксіб" атты деректі фильмін қойды. 1934 ж. Алматыда "Кеңестік Қазақстан" киножурналын үзбей шығарып тұратын Респ. киношежіре студиясы құрылды. Осыдан кейін қазақ К–сы жаңа өркендеу жолына түсті. "Ленфильм" студиясының ұжымы қазақтың алғашқы кино қайраткерлерінің қатысуымен "Амангелді" (1938, реж. М.З. Левин) көркем фильмін жасады. Қазақ көркем фильмдерінің тарихы осы туындыдан басталады. 2–дүниежүз. соғыс жылдарында "Мосфильм" мен "Ленфильм" киностудиялары бөлімшесінің Алматыда болуы Қ. к–сының одан әрі өркендеуіне әсерін тигізді. Бұл студиялар Алматыда өзара бірлесіп, ЦОКС (Біріккен орталық киностудия) деген атпен өзінің қызметін бастады. 1941 ж. Алматыда көркем фильмдер шығаратын киностудия ұйымдасып, 1944 ж. ол Алматының көркем және деректі–шежірелік фильмдер студиясы (1960 жылдан "Қазақфильм") деп аталды. Қазақ киностудиясы алғашқы ұйымдасқан кезінен бастап 100–ден астам көркем фильм және 500–дей деректі фильм шығарды. Бұл фильмдер тақырыбы жағынан әр алуан. Экранға қазақ халқынын өткен өмірін көрсететін, 2–дүниежүз. соғыс жылдарындағы халық батырлығы туралы, заманауи тақырыпқа арналған картиналар шықты (мыс, "Абай әні" (1946), "Махаббат дастаны" (1954), "Шоқан Уәлиханов" (1957), "Қыз Жібек" (1972), "Ботагөз" (1957), "Атаманның ақыры" (1971), "Орман балладасы" (1972), "Біздің сүйікті дәрігер" (1957), "Менің атым Қожа" (1963), т.б.). Қазақ к–сын дамытуға реж. Ш.Айманов, Е.Е. Арон, М.Бегалин, О.Әбішев; А.Қарсақбаев, С.Қожықов; актерлер А. Әшімов, Қ.Қуанышпаев, Е.Өмірзақов, Н.Жантөрин, Қ.Байсейітов, С.Қожамқұлов, Қ.Қожабеков, Ә.Өмірзақова; операторлар М.Аранышев, Ф.Әбсәлемов, М.Беркович, т.б. мол үлес қосты. Кеңестік коғамдағы демократиялық жаңартулар Қазақстанның көркем фильмдерінің эстетикасына да әсерін тигізіп, қазақ "жаңа толқыны" өкілдерінің шығуына жол ашты. Осы кезде К. Салықовтың "Балкон" (1988), Р.Нұғмановтың "Ине"(1988), С.Апрымовтың "Қиян" (1989), Т.Теменовтың "Адамдар арасындағы бөлтірік" (1988), А.Әмірқұловтың "Отырардың күйреуі" (1991), Ә.Қарақұловтың "Әзәзіл қыз" (1991), Е.Шынарбаевтың "Сүр ұшбұрыштағы орын" (1993), С.Нарымбетовтың "Көзімнің қарасы" (1994) фильмдері түсіріліп, ұлттық кино шетелдерге таныла бастады. Халықар. кинофестивальдарда жүлделі орындарға ілікті. Бұл кезеңдегі Қ. к–нда бірнеше көркемдік–стильдік бағыттар айқындалды: әлеум. авторлық фильмдер – С.Апрымов, Д.Өмірбаев; бейнеклиптік эстетика, көпшілік қауымға бет бұру – Р.Нұғманов, А.Қарпықов; ретро фильмдер – С.Нарымбетов; "халықтық кино" – Б.Шөріп, А.Әміркұлов, Т.Теменов, Д.Манабай.
Әдебиет: Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық / Бас сарапшы Әшірбек Сығай. – Алматы: Аруна Ltd, 2005. – 656 б.
«ҚАЗАҚКОНЦЕРТ», Қазақ мемлекеттік гастрольдік–концерттік бірлестігі – мәдени–концерттік мекеме. 1960 жылы Жамбыл атындағы филармонияның эстрада секторы негізінде, қазақ халқының музыка мәдениеті мен мұрасын насихаттау мақсатында құрылды. Сол жылы Мәдениет министрлігінің ұйғарымымен «Қ.» филармониядан бөлініп шықты. «Қ–тің» алғашқы құрамына Ш. Жиенқұлова, М. Ержанов, Ж. Омарова, Ж. Елебеков, Г. Баязитова, Р. Есімжанова, Ү. Тұрдықұлова, Н. Тапалова, Р. Бағланова, М. Хамзин секілді Қазақстанның халық артистері т.б. кірді. Олардың келесі тобын С. Тыныштығұлова, Ә. Есқалиев, С. Шүкіров, Г. Талпақова секілді халық артистері, «Дос–Мұқасан» вокалдық–аспаптық ансамблі, «Жалын», «Балбырауын» музыкалық ансамбльдері құрады. Бұларға қоса ұжымға М. Қойшыбаев, Е. Рахмадиев, А. Тоқпанов, М. Абдуллин, Ш. Смаханұлы, Б. Ысқақов, Д. Әбіров сияқты көркемдiк жетекшiлер, режиссерлер, редакторлар, балетмейстерлер, концертмейстерлер және өз ісіне жетік көптеген қызметкерлер  жұмысқа алынды. Бүгінде концерттік бірлестікте Қазақстанның халық артистері – Р. Рымбаева, М. Жүнісова, еңбек сіңірген артистер – Р. Стамғазиев, Б. Сәмединова, халықаралық байқаулардың лауреаттары – М. Дәулетбақова, Қ. Мақанов, С. Қаниева, П. Омарбекова т.б. жұмыс істейді.

Каталог: upload -> Book
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Рухани-адамгершілік білімге байланысты әндер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет