Бөж тақырыбы: «Болашақ мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің кәсіби лидерлік әлеуетін анықтаушы факторлар» Орындаған



Дата08.12.2023
өлшемі63,51 Kb.
#195645
Байланысты:
факторлар 13 апта


ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ УНИВЕРСИТЕТІ


БӨЖ
Тақырыбы: «Болашақ мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің кәсіби лидерлік әлеуетін анықтаушы факторлар»


Орындаған: Жақанова Ғ.С.
Топ: ДДО-101с
Тексерген: Салкынбаева А.М.
Семей қаласы,
2023 жыл
«Әлеует» - педагогика үшін аса маңызды жалпығылыми әдіснамалық ұғым болып табылады. «Әлеует» (potentia латын т. – күш, мүмкіндік) көп жағдайда «құралдар, қорлар, қолда бар және жұмылдырылуы мүмкін, белгілі бір мақсатқа жету, жоспарды жүзеге асыру, кез-келген мәселені шешу үшін пайдаланылатын құралдар, қорлар, көздер» сөздің мазмұны ретінде ашылады.
Д. Н. Ушакова «әлеует» жасырын, бірақ өзін көрсетуге, ашуға дайын, яғни мүмкін, бірақ шынайы немесе нақты емес деген түсінік береді. Әлеует қандай да бір мәселені шешу, белгілі бір мақсатқа жету үшін пайдаланылуы мүмкін көздер мен құралдарды қамтитын белгілі бір мүмкіндік, күш болып табылады.
Психологиялық-педагогикалық ғылыми еңбектерде «әлеует» ұғымының төмендегідей түрлері анықталған:
Тұлғалық әлеует - жекетұлғаның қасиеттер жүйесі: кәсіби-тұлғалық дамуының негізін құрайтын және кәсіби дайындық пен кейінгі қызметтегі жетістіктердің тиісті деңгейін қамтамасыз ететін кәсіби қасиеттер синтезі. Оның құрылымын: гносеологиялық әлеует, демек болашақ тәрбиешінің жалпы білім, кәсіби және арнайы дайындық деңгейін құрайды.
Танымдық (гносеологиялық) әлеует болашақ тәрбиешінің ақпараттық сапасы, демек ақпаратты қабылдау, игеру, жеткізу деңгейімен айқындалады.
Аксиологиялық әлеует - кәсіби мақсаттар, құндылықтар, өмірлік ұстанымдар мен моральдық ұстанымдар жүйесі. Конструктивтік әлеует - өзінің болашақ кәсіби қызметін нәтижелі ұйымдастыру қабілеті.
Коммуникативтік әлеует - қарым-қатынас, түсіну, коммуникативтік қасиеттері, шеберлігі мен дағдылары.
Шығармашылық әлеует–тапқырлық,өнерлі, көпқырлы, жаңаны шығару, бірегей және стандартты емес әрекет ету мүмкіндігі.
Зияткерлік әлеует–жоғары интеллект, ақыл деңгейі, парасаттылық, болашақ тәрбиешілердің зияткерлік мүмкіндіктерін, ресурстарын дамыту деңгейінің кешенді сипаттамасы. [
Әлеуметтік орта (жоғары оқу орны дамытушы орта) болашақ тәрбиешілерді құрметтеу, дамуға жағдай жасайтын, өзіне деген сенімділік пен өзін-өзі тану қабілеттерін дамытуды көздейтін субъективті қарымқатынас жасауға ықпал ететін фактор.
Әлеуметтік орта - болашақ тәрбиешілердің әлеуметтік, материалдық және рухани жағдайлар, оның өмір сүруі, дамуы мен қызметі, қарым – қарым қатынас мәдениеті. Сонымен жоғары оқу орны тиімді әлеуметтік орта ретінде болашақ мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің кәсіби лидерлік әлеуетін дамытудың анықтаушы факторларын құрайды.
Акмеологиялық зерттеулерде көрсетілгендей, «әлеует» ұғымы «мотивтер» мен «қабілеттер» құбылыстарын интегралды түрде сипаттайды және сол арқылы қызметтің жеке алғышарттарын және қол жеткізілген нәтижелер деңгейін түсіндіруде туындайтын олардың сәйкес келмеу жағдайларын барабар қарастыруға мүмкіндік береді.
«Әлеует» жеке адамның қабілеттерінің барлық жиынтығымен және жекетұлғаның мотивациясымен тығыз байланысты
Тәрбиешінің жеке кәсіби жетістігі – лидерлік. Болашақ тәрбиешілердің кәсіби лидерлік әлеуетін дамытуда ескеретін мәселе, олардың анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері туа біткен болуы мүмкін, ал белгілі бір кәсіби лидерлік әлеуетке ие болып келмегендері. Болашақ тәрбиешілердің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін әлеует деп атаймыз. Дегенмен олардың әрқайсысында бір-біріне ұқсамайтын керемет, бай әлеуеті бола тұрса да, олар тиісті қызметпен айналысып, іс-әрекет жасамаса олардың кәсіби әлеуеті дамымайды. Сондықтан болашақ тәрбиешілердің кәсіби әлеуетін дамытуда жоғарыда ғылыми зерттеліп, талдау жасай отырып, негізделген лидерліктің маңызы зор.
Лидерлер – қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. Белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам лидер ретінде танылады Р. Л. Кричевскийдің пікірінше, лидерлік топ қызметінде тиімділікке қол жеткізу үшін әлеуметтік әсер етудің және әлеуметтік-психологиялық әсер етудің барлық тетіктері мен әдістерінің бірігуін бақылаудың жеке формаларына жатады. Лидерлік -психологиялық әсердің, бейресми биліктің көрінісі және лидер топтың жетекші әсерін қамтамасыз ететін топ мүшесі екенін айтады. [137].
Әлеуметтік орта (жоғары оқу орны дамытушы орта) болашақ тәрбиешілерді құрметтеу, дамуға жағдай жасайтын, өзіне деген сенімділік пен өзін-өзі тану қабілеттерін дамытуды көздейтін субъективті қарымқатынас жасауға ықпал ететін фактор. Әлеуметтік орта - болашақ тәрбиешілердің әлеуметтік, материалдық және рухани жағдайлар, оның өмір сүруі, дамуы мен қызметі, қарым – қарым қатынас мәдениеті. Сонымен жоғары оқу орны тиімді әлеуметтік орта ретінде болашақ мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің кәсіби лидерлік әлеуетін дамытудың анықтаушы факторларын құрайды

Қазіргі уақытта болашақ мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің кәсіби лидерлік әлеуетін дамуының шешуші факторы жоғары оқу орнының оқутәрбие үдерісінің тиімді құрулуында.
Сапалы, тиімді әлеуметтік ортаны құру болашақ мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің кәсіби лидерлік әлеуетін анықтап, дамуына ықпал етуде маңызы орынға ие. Сол себепті жоғары оқу орнының мәдени – білім беру (әлеуметтік) ортасы білім алушыларды белгілі бір кәсіби ортаға, ал ол арқылы-тұтастай қоғамға табысты бейімделуінің қажетті шарты мен факторы болып табылады.
Қазіргі уақытта кәсіби лидерлік әлеует құрылымы бес негізгі элементтен тұрады. 1. Мақсатқа бағытталған белгілі бір қасиеттер мен қабілеттер 2. Ізбасарлары өздерінің қасиеттері мен мақсаттарын жүзеге асыру әлеуеттерімен айқындалады; 3. Өзара бірлесіп әрекеттесетін қызметкерлер шешуге тырысатын міндеттер; 4. Өзара әрекеттесу үдерісі жүретін жағдай; 5. Тұлғааралық өзара әрекеттесудің барлық әрекеттері орын алатын топ.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет