Болашақ маман өз ісінің жақсы шебері болу үшін мамандығына қажетті қабілеттерді және қарым-қатынас мәдениетін меңгеріп әлемдік білім кеңістігіне талпынуы керек



Дата11.09.2022
өлшемі17,06 Kb.
#149161
түріБағдарламасы
Байланысты:
доклад Гулшат


Жаңа білім ғасырында теориялық білімді терең меңгерген, жаңа технологиямен қаруланған, теория мен өндірістік іс-тәжірибемен ұштастыра білетін, жан-жақты, білімді, білікті шебер ғана еліміздің болашағына өз үлесін қоса алады. Өндірістік іс-тәжірибе кәсіптік білімнің негізгі білімдері бағдарламасының құрамдас бөлігі және білікті мамандарды кәсіби іс әрекетке дайындаудың тиімді формасы болып табылады. Болашақ мамандарды бүгінгі қоғам талабына сай дайындау мақсатында жаңа технологияларды оқу үрдісінде жүйелі пайдалану қажет. Қазіргі заманның өндірістік оқыту шебері – қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, жаңалыққа жаны сергек, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, студенттердің талапкерлігімен қабілетін өздігінен еркін дамуын ұйымдастыра алатын әрі шығармашылықпен еңбек ете алатын маман болуы тиіс. Өндірістік оқыту шебері қоғам талабына сай өзін-өзі үздіксіз тәрбиелеп отыратын, студенттермен қарым-қатынасқа түсе алатын ұйымдастырушылық қабілеті жоғары және мол тәжірибе жинақтағанда ғана оның бойынан кәсіби құзіреттілігі анық байқалып тұрады.
Болашақ маман өз ісінің жақсы шебері болу үшін мамандығына қажетті қабілеттерді және қарым-қатынас мәдениетін меңгеріп әлемдік білім кеңістігіне талпынуы керек. Студенттердің орындалатын жұмыс түрлерін шағымдап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беру, бұл – өндірістік оқыту шеберінің қызметі.
Болашақ мамандарды дайындаудағы негізгі міндет - студенттің өз бетінше жаңаша жұмыс істеу қабілетін, іскерлігін, шығармашылығын дамыту арқылы бәсекеге қабілетті маман дайындау. Осы мақсатты іске асыруда жұмыс түрлерінің, сонымен қатар болашақ мамандардың іскерліктерін арттыруға деген талаптың жылма – жыл күшейіп отыруына байланысты, бүгінгі күні өндірістік іс-тәжірибенің жаңа түрлері де енгізілуде.
Нәтижеге бағдарланған оқыту яғни құзыреттілік ең алдымен өндірістік оқыту шеберінің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруды және дамытуды талап етеді. Кәсіби-өндірістік оқыту шеберінің құзыреттілігін жүзеге асыруда, шеберден қабілеттілік пен даярлықты талап етеді. Сонымен қатар кәсіби құзыреттілікке білімдар, іскерліктер, дағдылар мен қатар тұлғаның кәсіби құнды сапаларын, оның іс-әрекетін де қарастыруды талап етеді. Осының бәрі шебердің кәсіби жоғары деңгейінің болуын қажет етеді.
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үдерістің қарқыны, білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы – өз жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын құзыретті маман тұлғасын қалыптастыру міндетті. Біліміне, біліктілігіне, парасатына пайымы сай шебер бүгінгі таңда жас маманға кәсіптік білім беру жұйесінде болып жатқан оң өзгерістерге байыппен қарап, оның заман талабына сай мән-маңызын түсінуі хақ.
Құзыреттілік еңбек нарығанда тұрақты өсіп отырған талаптармен, шапшаң технологиялық өзгертулермен, соның ішінде білімдік және еңбектегі мобильдік өсулермен негізделген.
Қазақстанның әлеуметті-экономикалық даму мақсатын жүзеге асыруда кәсіптік білім беретін оқу орындарында бәсекелестікке қабілеті бар болашақ мамандарға әртүрлі өндірістік салаларға даярлау деңгейі білім беру жағдайларымен анықталады. Қазіргі таңда жан-жақты маман даярлау олардың әлеуметтік, кәсіптік, өздік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді.
Құзыретті маман даярлау мақсатында «білім алушылардың білімдік белсенділігін арттыру технологиясын» пайдалана отырып, бақылап оқыту технологиясы бойынша білім беру мақсаты студенттерге өндірістік ситуациялар беру арқылы өз бетінше жұмыс жасау қабылетін, дұрыс шешім қабылдау мүмкіндігін қалыптастыру арқылы бәсекеге қабылетті маман ретінде дамуына көмектесу.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау керек»- деп атап көрсетілген.. Демек, білім меңгертудің тиімді жолдарын, әдіс-тәсілдерін талмай іздеу – әр педагогтың міндеті. Әрбір өндірістік оқыту шебері жұмыс тәсілі мен формасын, өз шеберлік технологиясын таңдай отырып, студенттердің білімін жетілдіру бағытында жұмыс істеуі керек. Осыған байланысты әр түрлі әдістерді қолданудың қажеттілігі туындайды.
Жаңа заманға жаңа маман қажет екендігі баршаға мәлім, соның ішінде ол шебер алдына койылған, жуктелген міндет екенін ескере отырып, кәсіптік білім беру ұйымдарында еңбек етіп жүрген өзім де өндірістік оқытуда алға қойып, түрлі әдістерді ұдайы қолданып студенттердің білімін көтеруге жұмыс жасаудамын. Білім ордасында студенттер өндірістік сабақтың өздеріне керек және маңызды екенін сезінуі керек.
Осы ұстанымды, жоғарыда аталып кеткен білім бағдарламаларын, кәсіптік білімнің заңнамаларын өзіме мақсат етіп қойып, кәсіптік құзыретті маманды даярлауды оқытып үйрету. Кәсіптік колледжерде өндірістік оқытудан теориялық және тәжірибелік сабақ берудің өзіндік ерекшеліктері бар. Өз сабақтарымда түрлі әдістерді қолдану арқылы сол ерекшеліктерді түрлендіріп, жаңаша оқытуда еңбектеніп келемін. Өндірістік оқыту сабақтарындағы теориялық білімде:
- танымдық белсенділік құралы 
- жаңа материалды тез ұғыну 
- іздену 
- ынталы болу
- ситуациялық проблемаларда озін еркін ұстау, дұрыс шешім қабылдау
- біліктілікті көтеру болса, колледжішілік мамандық конкурсы «World Skils»-мамандық конкурсында аталған технологияның :
- ізденуге
- шығармашылыққа 
- белсенділікке.
Осындай бағыттағы сабақтарда студенттердің ынтасы мен талпынысы ақпараттық технологияның құзыретті маман даярлауда, заман талабына сай жұмысшы моделін қалыптастыруда мынадай мүмкіндіктерді аша алады. Техникалық кәсіптік білім беруде бәсекеге қабілеттіліктерін шыңдауда: 
- өз ісінің шебері болуына 
- мамандығын сүйюге 
- ынталы, жан- жақты дамыған маман болуға
- болашақ маман иесінің құзыреттілігін қалыптастыруға 
- студенттердің ізденістерін арттыруға сапалы көмегін тигізуде.
Қорыта айтқанда, кәсіби даярлықта әрбір кәсіптік оқу пәнінің білім мазмұны мен әдістемелік жуйесі негізінде жеке тұлғаға қойылатын кәсіби деңгейім, нәтижеге бағытталған сауаттылық шешімін табу керек. Өйткені кәсіби даярлықта педагогқа қажетті кәсіби құзыреттіліктерді толыққанды меңгерген оқытушы, студентті оқытуда, білім алу нәтижесіндегі құзыреттіліктерді сапалы меңгерте алатыны сөзсіз. 
Осыған орай, болашақ педагог мамандарды бүгінгі қоғам талабына сай дайындау мақсатында жаңа педагогикалық технологияларды оқу үрдісінде жүйелі пайдалану қажет. Педагогтік мамандыққа алғашқы болашақ мұғалімдерді дайындау, қалыптастыру кезеңінен басталады. Білім алушы өзінің бейімділігін, шеберлігін, алған теориялық білімін тәжірибемен ұштастырғанда ғана мұғалімге тән іскерлік, шеберлік қалыптасады. Қазіргі заман шебері – қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, жаңалыққа жаны сергек, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, балалардың талапкерлігімен қабілетін, өздігінен еркін дамуын ұйымдастыра алатын әрі шығармашылықпен еңбек ете алатын маман болуы тиіс. Өндірсітік оқыту шебері қоғам талабына сай өзін-өзі үздіксіз тәрбиелеп отыратын, студенттермен қарым-қатынасқа түсе алатын ұйымдастырушылық қабілеті жоғары және мол тәжірибе жинақтағанда ғана оның бойынан кәсіби құзіреттілігі анық байқалып тұрады. Кәсіби құзыреттілік деп – педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық - педагогикалық және теориялық білімнің кәсіби біліктілігі мен дағдысының бір арнада тоғысуы. Болашақ маман өз ісінің шебері, жақсы шебер болу үшін мамандығына қажетті қабілеттерді және қарым – қатынас мәдениетін меңгеріп әлемдік білім кеңістігіне талпынуы керек. Ал балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағымдап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт - бағдар беру, бұл – оқытушының қызметі. Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда өндірістік іс-тәжірибе үлкен рөл атқарады. Өндірістік іс-тәжірибеден өту кезінде жас маманның іскерлігі мен дағдылары қалыптасады және өзіне деген сенімі артады, шығармашылық деңгейде жұмыс істеу барысында өз білімдерін дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет