Болатканова Камшат 311 топ


Оқушының қажеттілігін бағалау мен қолдау көрсетудің екінші деңгейі



бет3/6
Дата07.02.2022
өлшемі146,18 Kb.
#95425
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ОСӨЖ инклюзивті беру
12-АПТА психология, 12-АПТА психология, СӨЖ-ғылыми зерттеу, Моя специальность
Оқушының қажеттілігін бағалау мен қолдау көрсетудің екінші деңгейі.
Қажеттіліктерді бағалауды мектептің психологиялық-педагогикалық қызметінің мамандары жүргізеді (психолог, логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог). Олар ата-аналарын кездесуге шақырып, балалардың оқудағы қиындықтары және ерекше білім беру қажеттілігін бағалау туралы мұғаліммен бірге хабардар етеді. Балалардың мамандардың көмегіне қажеттіліктерін бағалау үшін ата-аналарының жазбаша рұқсатын алу қажет 6- форманы толтырады (А-қосымшасы).
Әрбір маман арнайы әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, оқушының оқу қиындықтарын тудыратын даму ерекшеліктері мен себептерін анықтау мақсатында тереңдетілген тексеру жүргізеді (психологиялық, логопедиялық, арнайы педагогикалық). Тексеру барысында маман оқушы дамуының әлсіз жақтарын ғана емес, сонымен бірге күшті жақтарын көрсетіп, оқушының табысты болу ресурстарын да анықтайды. Тексеру нәтижелері бойынша маман мыналарды белгілейді:

Психолог, логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог анықтаған оқыту қиындықтарының себептері негізінде мұғалім мен психологиялықпедагогикалық қолдау мамандары жүргізетін жекелік оқу бағдарламасының мазмұны белгіленеді. Мамандар көмегінің бағыты мұғалімнің сабақтағы жекелік тәсілінің және балаға ата-аналары көрсететін көмегінің мазмұнына сәйкес келісіледі. Мамандар көмегі жекелік және топтық сабақтарда іске асырылады.
Мұғалім мен мамандардың көмегі қысқартылған оқу бағдарламасын табысты меңгеруге ықпал жасамаған жағдайда (1-3 оқу тоқсандар ішінде),қолдау қызметі оқушының ата-анасы ПМПК-не ұсынымдар алу үшін жіберіледі (ата-анасының келісімімен). Бөлектенген жағдайда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мамандарының тексеру нәтижелерін сараптағаннан кейін ПМПК ұсынымдарын алу жөнінде шешім қабылданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет