Бөлім\ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау Тоқсандық жиынтық бағалау


Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау



бет2/2
Дата13.12.2021
өлшемі16,41 Kb.
#125743
1   2
Байланысты:
11 апта крит
12-Зертханалық, БЖБ магнит өрісі 10
Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау
Бағалауды стандарттау мақсатында мұғалімдер білім

алушылардың жазбаша тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының

нәтижелерін талқылауы үшін модерация белгіленген. Модерацияда

белгілі бір пән бойынша мұғалімдердің балл қою кестесі бойынша бір

ұғымда, түсінікте болуын қамтамасыз ету үшін жұмысты бағалауды

алдын ала талқылайды.

Модерация отырысында жиынтық бағалау дұрыс өтті ме, білім

алушылардың барлық жауаптары ескерілді ме, мұғалімдер арасында

бағалау бойынша келіспеушілік бар ма сияқты мəселелерді түсіну жəне

талқылау қажет. Модерация қорытындысы бойынша мұғалімдер балл

қою кестесіне толықтырулар немесе өзгерістер енгізуге қатысты шешім

қабылдайды. Модерацияны аяқтаған соң барлық шешімдер хаттамада

көрсетіледі.

Модерация қорытындысы бойынша білім алушылардың балына

өзгеріс енгізу қажет болғанда жиынтық жұмыстарын қайта тексереді.

Мұғалім мұнда тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің модерация

қорытындысы бойынша жоғары сондай-ақ, төмен деңгейге қарай өзгеруі

мүмкін екенін ескеруі қажет.

Модерацияны өткізу орнын, уақытын алдын ала қарастыру

ұсынылады. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу мен модерация

өткізудің арасы 3 жұмыс күнінен аспағаны жөн.

Бір отырыста бірнеше пəнге модерация өткізуге болады.

Модерация отырысына бір параллель сыныпта сабақ беретін

мұғалімдер қатысады. Модерация төрағасы әдістемелік бірлестіктің

жетекшісі, одан басқа кез келген пән мұғалімі бола алады. Шағын

жинақталған мектептер үшін модерацияны мұғалім жақын пәндер

мұғалімдерін немесе критериалды бағалау бойынша мектеп

үйлестірушісін қатыстыру арқылы өз бетінше өткізуіне болады.

Модерация отырысы үшін мұғалім тексерілген жиынтық

жұмыстардың ішінен: жоғары жəне төмен балл қойылған, сондай-ақ,

бағалау қиындық туғызған тек 3 жұмысты іріктеп алады.

Модерация кезінде іріктелген жиынтық жұмыстарда көрсетілген

білім алушының аты-жөнін жұмысты қарастырған кезде нақты бір білім

алушыға қатысты болмауы үшін жасырып қою ұсынылады.

Отырыс кезінде ұсынылған жұмыстар балл қою кестесіне сəйкес

қарастырылады.




Өрнектің мәнін табыңыз: 93 + 45 – (76 – 47)

Балл қою кестесі

Сұрақ



Жауап



Балл



Қосымша ескертулер



1

Амалдың орындалу

тәртібін анықтау

1

Бірінші жақшадағы амал орындалады.

2

Айырманың мәнін табу 29

1

3

Айырманың мәнін табу

16

1

4

Қосындының мәнін табу 109

1




Жалпы баллы

4





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет