БоөЖ 11 Дін тұту бостандығының заңмен қамтамасыз етілуі және Қазақстандағы конфессияаралық келісім. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы


Қазақстанда діни ахуалда шиеліністер пайда болуының алғышарттары мынадай проблемалар болуы мүмкін



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі29,15 Kb.
#94192
1   2
Байланысты:
БОӨЖ 11

Қазақстанда діни ахуалда шиеліністер пайда болуының алғышарттары мынадай проблемалар болуы мүмкін:

  • біріншіден, азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарды, әсіресе жергілікті деңгейде қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты мемлекеттік органдардың жеткіліксіз үйлестірілген қызметі.

  • екіншіден, діни кемсітушілік пен діни-экстремистік идеологияның кез келген нысандарына қарсы әрекет ету жөніндегі ақпараттық-ағартушылық жұмыстары сипатының жетілмегені, осы жұмысты ұйымдастырған кезде білім беру саласы жеткіліксіз қамтылады және мақсатты дәрісханалар ерекшелігі ескеріледі, бұл оны өткізудің тиімділігі мен нәтижелерін едәуір төмендетеді.

  • үшіншіден, мемлекеттік құрылымдардың діни ахуал мониторингін, оны талдау мен болжауды жеткіліксіз жүйеде жүргізуі, діни ахуал туралы қажетті сапалы ақпаратты алуға, діни салада ықтимал қатер дәрежесін бағалауға мүмкіндік бермейді, шиеленіскен жағдайлар себептерінің, әсіресе олардың ертерек алдын алуға кедергі келтіреді.

  • төртіншіден, діни бірлестіктермен өзара әрекет ететін мемлекеттік қызметшілердің дінтану дайындығының жеткіліксіз деңгейі. Бұл діни бірлестіктердің типологиясын, дін ілімдерінің ерекшеліктерін және діни практиканы білмеуінен байқалады.

  • бесіншіден, миссионерлік қызметтің, діни мазмұндағы өнімді таратудың, рухани білім беру ұйымдарының қызметін лицензиялаудың жеткіліксіз тиімді құқықтық регламентациясы, діни практикамен шұғылдануға құқығы бар заңды тұлғаларға арналған бір жақты өлшемдердің болмауы.

Осындай жағдай бірқатар діни құрылымдардың өз қызметтерін тіркеусіз немесе діни емес қоғамдық бірлестіктер мен әр түрлі қорлар болып қызмет етуіне себеп болып отыр. Миссионерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты жөнсіздіктер, әсіресе шет ел азаматтары тарапынан діни және діниге жақын әдебиеттерді қандай да бір шығу мәліметтерінсіз және конфессиялық тиесілігін көрсетпей таратулары орын алып отыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қыркүйектегі N 953 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында халықаралық стандарттар мен Қазақстан халқының қалыптасқан ұлттық- мәдени дәстүрлерін ескере отырып, кейбір заңнамалық актілерге діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу көзделген. Мемлекеттік- конфессиялық саясатты, оның тиімділігін жетілдіру белгіленген проблемаларды ескеру мен шешуге тәуелді болады, бұл мемлекетке азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі өздерінің әлеуметтік функцияларын неғұрлым толық іске асыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттің мұндай көзқарасы діни бірлестіктер тарапынан заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға және қазақстандық қоғамға діни, мәдени және өзге де алуан түрлілікке, төзімділікке қатысты білдірілген тиісті түсінік тудыруға тиіс. Қазақстан Республикасы егеменді ел болып демократиялық процесстер жүргізіле басталғалы дін саласында да едәуір өзгерістер болды. Діни бірлестіктердің саны бірнеше есе өсті. Дәстүрлі діни конфессиялардың өсуімен қатар, елімізде бұрын болмаған діни ағымдар да пайда бола бастады. Бұның барлығы дінаралық бәсекеге алып келіп соқтырады және осы салада қарама-қайшылық пен жанжалға алып келу үрейін туғызуы мүмкін. Діни бірлестіктердің негізгі қасиеті, әсіресе дүниежүзілік діндер-өз дінінің ықпалы үлкен аймақты қамтып өктемдік жүргізсе деген мақсатта. Христиан және ислам оқуларын алып қарайтын болсақ дәл осындай тұжырымдамалар негізделген және іс жүзінде толығымен расталған. Соңғы кездері дінді жамылған және Орталық Азия аумақтарында бүлдіру қызметін жүзеге асырып жүрген экстремистік діни бірлестіктердің белсенділігі байқалады. Елге Конституцияға қарсы мазмұндағы діни әдебиеттер әкелудің көптеген фактілері бар. Діни ғимараттарды заңсыз салумен байланысты құқық бұзушылықтар кең тараған. Діни ілімді заңсыз зорлап оқыту және насихаттау фактілері де бар. Діни оқу орындарында экстремистік ілімді оқытқан жағдайлар да анықталған. Сол себепті, дін аралық пікірталастық бәсекеге алып келіп соғады. Бұның барлығы мемлекеттің, қоғамның және дін басшыларының өркениетті түрде ұйымдастыруына байланысты болады.
Қазақстан бүгінгі күнде қатер туғызатын діни экстремизм ұғымдарын тарату мен әр түрлі десруктивтік діни өкілдерінің жедел өсіп келе жатқандығымен нақты түрде кездесті. Көп конфессиялық Қазақстан үшін діни салада үрей тұғызу мемлекетіміздің болашағы үшін үлкен қорқыныш әкелуі мүмкін.Сол себепті тек қана мемлекеттің ғана емес, бұкіл қоғамның негізгі тапсырмасы, діни саладағы жанжал шығуы мүмкін деген факторларға көбірек көңіл бөліп оларды болдырмауға, конфессияаралық келісімді нығайту және сақтау болып табылады. Діни тұрғыда жанжалдың пайда болуының және діни экстремизмнің таралуының алдын алу мақсатында халықтың діни саладағы базалық білімін қалыптастыруда кешенді ақпараттық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде шаралар қолданылатын болады. Осындай жанжалдардың туындауының себебі адамның санасын баурап алуға және азаматтарды теріс пиғылды діни табынушылыққа итермелеуге мүмкіндік беретін қазақстандықтардың негізгі бөлігінің діни сауаттылығының төмен деңгейі болып табылады. Сондықтан ақпараттық-ағарту жұмысы діни-экстремистік ағымдардың әлеуметке қарсы өзегін ашуға, азаматтарға теріс пиғылды діндер туралы ақпарат беруге, діни төзімділік мақсаттарының қалыптасуына бағытталуға тиіс. Осы бағытта тек қана айту арнасы емес, қоғамдық пікірді қалыптастырудың қуатты құралы болып табылатын бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуеті мол.
Қазіргі таңда Елбасымыз Қазақстан халқының алдында «Әркімнің ар-ожданы, абройы мен беделі қадірленетін, мәртебелі мораль, этникалық негіздер мен рухани құндылықтар ірге тепкен қоғам құруды» басты мақсат етіп қойып отыр. Ал оны жүзеге асыруда мұсылмандардың қосатын үлесі сүбелі болмақ. Өйткені бізде ислам дінін ұстағандар Қазақстан халқының 9 миллионнан астамын, яғни 70 пайызын құрайды. Кез келген адамның қоғамнан, мемлекеттен тыс өмір сүре алмайтыны белгілі. Яғни Қазақстанда қоғамды топтастыруда Ислам діні қуатты күшке айналуға тиісті. Осыны жете түсінгендіктен, мешіт имамдары өздерінің күнделікті уағыз, ағарту, насихат жұмыстарында жамағаттың басын қосып, елімізді алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына қосуға әрбір мұсылманның ат салысуға тиісті екендігін айтып, ұлтаралық, дінаралық татулықты ұлықтап, оны өзіміздің діни басылымдарымыз бен басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында басты әңгіме тақырыбына айналдыруда. Діни экстремистік топтардың, Батыстан келген миссионерлердің береке, бірлігі жарасып отырған елімізге іріткі салмауына айрықша көңіл бөліп, оларға қарсы да үгіт-насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыр. Ислам радикалдарымен мұсылмандық-құқықтық теория проблемалары бойынша бетпе-бет пікірталасына түсуде діни істер тәжірибесіне енгізіле басталды. Осы орайда біздің айтар тілегіміз: «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңымызға келешекте бүгінгі заман талабына, еліміздің ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес жаңадан толықтырулар мен түзетулар енгізілуде. Соңғы жылдары елімізде «Бейбітшілік пен келісімге қадам басу» Декларациясы, «Экстремистік қызметке қарсы қимыл жасау туралы Заң қабылданып, Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының үш съезі өткізілді, республика Әділет министрлігінде Діни істер комитеті құрылды. Мәдениет пен ақпарат министрлігінің қолдауымен елордада «Дін, ғылым және Бұқаралық ақпарат құралдары: үнқатысу және ынтымақтастық» атты конференция ұйымдастырылды. Мұның бәрі елімізде діни істер реформасын тереңдетіп, еліміз Қазақстанда қоғамды топтастырудағы рөлін арттырды. Қазақстан-демократиялық жолмен дамып келе жатқан зайырлы жас мемлекет. Қазіргі таңда біздің елімізде мемлекетіміз, халқымыздың біртұтастығын, рухани бірлігін сақтау-басты міндет. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың белгілеп берген «Қазақстан-2030» стратегиясының да ең негізгі мақсаты-экономикасы, әлеуметтік жағдайы, мәдениеті дамыған, ұлтаралық татулықты, бейбітшілікті төбесіне ту етіп көтерген демократиялық, құқықтық мемлекет құру болып табылады.
Сондықтан, Қазақстан Республикасының Конституциясы елдің әрбір азаматына ар-ождан бостандығы құқығына кепілдік береді. ҚР Конституциясының 22-бабының 2 тармағына сәйкес ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс. Мемлекет, ұлт немесе дін бөгде мәдени кеңістікті басып алу, жаулап алу тұрғысынан қарастырар болса, онда әманда өзінің өмір сүру ортасын аздырып-тоздырмай қоймайды. Қазақтарда бағзы замандардан бері әр өңірдің өзінің әулиесі, өзінің рух берер күштері, өзінің сыйынар аруақтары болған. Адамның, діннің, жердің мұндайлық терең өзара кірігуі - жүздеген жылдар бойы халқымыздың жанын сақтап қалған кұтқарушы сүзгі сынды. Казақтар кең болғанның кем болмайтынын кітаптан оқып емес, өмірден тоқып білген. Бір мәдени дәстүрдің өз құндылықтарын басқа мәдениеттерге тану ниеті, басқаның сызғыштары бойынша қоғамдық қатынастарды құру әрекеті ешқашан өзара түсіністікке жеткізбейді. Керісінше, мұндай қатал мәдени жаулаушылық одан кем емес қатал қарсылықты туғызады.
Басқа халықтардың тарихи дәстүрлеріне деген кұрмет қана, өркениеттердің, діндер мен халықтардың қатынасындағы әділдік пен шынайылық қана келісім мен имандылық әлемін құруға қабілетті. Қазақстан өзінің нақтылы саясатында адамның ішкі бостандығы ғана конфессияаралық төзімділіктің шарты екенін басшылыққа алады. Ұлтаралық және дінаралық келісімнің бізде қалыптасқан үлгісі - Казақстанның әртүрлі конфессиялардың өзара іс-әрекет етуінің жалпы әлемдік үрдісіне қосқан үлесі. Бізді халықаралық ауқымда дәл осылай танығанын қалаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет