БоөЖ 2 Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктері



бет3/4
Дата30.10.2022
өлшемі1,81 Mb.
#155685
1   2   3   4
Байланысты:
БОӨЖ 2БХ bdb95bcee912f1e2b944fe8f34df0cff
Экспер псих Тест, 02 03 22 7г хим нов, МП РГР №1 (1), 205432, itog-sbornik-materialov-mnpk-04.03.2020, ББ аймағ.жобалау

Ұйқы безі құрылысы.

Ұйқы безі - аралас без, оған әрі ішкі секрециялық, әрі сыртқы секрециялық қызмет тән. Сыртқы секрециялық қызмет нәтижесінде бұл без сөл бөліп, ас қорыту процесінде маңызды рөл атқарады. Ұйқы безінің сөлі түссіз, мөлдір, сілтілік реакцияси бар (рН 7,2- 8,5) сұйық зат. Оның құрамында 98 - 99% су және 12% органикалық және бейорганикалық заттардан құралған құрғақ зат болады. Ұйқы безі сөлінің ферменттік құрамы өте күрделі. Әрекеттеріне қарай ферменттерді үш топқа жіктеуге болады. Трипсиноген, химотрипсиноген, карбоксиполипептидаза, пептидаза ферменттері - белоктарды; амилаза, мальтаза, лактаза ферменттері - көмірсуларды; липаза, фосфолипаза ферменттері - майларды ыдыратады.

  • Асқазанда тағам химиялық өңдеуден өтеді. Ол үшін асқазан құрамы күрделі сөл шығарады. Бұны секрециялық қызметі деп атайды. Қарын сөлі құрамында тұз қышқылы, протеолиздік ферменттер, ішкі антианемиялық (Касл) факторы, су, фосфаттар, сүлфаттар, хлоридтер, калий, натрий, кальций және шырыш бар.
  • Асқазан сөлі үш түрлі бездік жасушалармен (гландулоциттермен) өндіріледі:
  • 1. негізгі гландулоциттер пепсиноген мен химозин;
  • 2. мукоциттер-шырыш;
  • 3. париеталдық (іргелік) гландулоциттер — тұз қышқылын, ішкі антианемиялық факторды өндіреді.
  • Асқазан сөлінің шығуы нервтік рецепторлардың қозуымен және ас қорыту жолдарының гормондарымен реттелуі бойынша үш сатыда өтеді:
  • 1. нейрогендік (кезбе нерв арқылы),
  • 2. қарындық (гастриндік) және
  • 3. ішектік сатылар.
  • Қалыпты жағдайда қарын тәулігіне 2 литр шамасында сөл шығарады.
  • Асқазанның көп сөл бөлуін гиперсекреция, аз сол бөлуін гипосекреция деп атайды. Сөл бөлуінің өзгерістері оның қышқылдығы мен ферменттік белсенділігінің өзгерістерімен қабаттасады. Асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылауьш гиперацидтік жағдай немесе гиперхлоргидрия дейді. Бұл кезде асқазан сөлінің жалпы қышқылдығы 100 титрлік өлшемнен артық болады. Қышқылдықтың азайуын гипоацидтік жағдай немесе гипохлоргидрия, бос тұз қышқылының толық болмауын анацидтік жағдай немесе ахлоргидрия деп атайды.
  • Асқазан сөлінің қышқылдығы тым көп болса, сөлдің ферменттік қасиеті қатты көтеріліп кетеді. Бұл кезде ұлтабарға асқазаннан түскен тамақ қойыртпасы тым қышқыл болғандықтан онда оны бейтараптауға ұзақ уақыт қажет болады. Сондықтан қарынның пилорустық қысқышы ұзақ мерзім жабық тұрады. Осыдан асқазанда тамақ тұрып қалады да, оның ашуы ұлғайады. Асқазанның қышқыл өнімдері өңешке өтіп, төс астында қыжыл сезіміне, кейде құсуға әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет