Ботаникалық сипаттамасы



бет2/4
Дата26.12.2021
өлшемі20,5 Kb.
#105803
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
арпа
арпа, арпа, English hometask
Ботаникалық сипаттамасы. Арпа (Hordeum L.) қоңырбас тұқымдастарына жатады. Hordeum туысы 50-ден астам түрлерді біріктіреді, олардың ішінде диплоидты

(2п = 14), тетраплоидты

(2п = 28) жəне гексаплоидты

(2п = 42) арпалар бар. Бір жылдық жəне көпжылдық формалары белгілі. Барлық мəдени арпалар – диплоидты. Шаруашылықтағы ең көп тараған түрі – Hordeum satі- vum. Бұл жаздық жəне күздік түрде дамитын біржылдық өсімдіктер. Масақ сабақшасында орналасқан жемісті масақшаның санына қарай арпа үш түр тармағына бөлінеді: көпқатарлы, қосқатарлы, аралық. Арпаның көпқатарлы түр тармағы екі қатарлыға қарағанда тез піседі (12-сурет).

Арпа шашақты тамыр жүйесінен тұрады, ол бастапқы (түп) жəне екінші тамырларды біріктіреді: бастапқы (ұрықтық) тамырлар соңына дейін жұмыс істейді, екінші (түйінді) тамырлар топырақ бетіне таяу орналасқан сабақтың жер асты түйіндерінен шығады. Арпа үш-сегіз, ал кейде он ұрықтық тамыршалармен өнеді. Екінші тамырлар көктегеннен кейін 10-12 күннен соң пайда болады, бұл уақытта бастапқы тамырлар топыраққа 25-30, тіпті 50 см тереңдікке дейін бойлап кетеді. Бастапқы тамырлар бидай мен сұлыға қарағанда алғашқы кезде тезірек өседі. Бастапқы тамырлардың 12-сурет.

Арпа. топыраққа бойлай кіруі – 100-120 см. Өсімдіктердің қоректенуінде олар қуаңшылық жағдайда ерекше маңызға ие болады. Қуаңшылыққа төзімді сорттарында бастапқы (ұрықтық) тамырлар саны айтарлықтай көп болады, оның үстіне көпқатарлы арпада – аздау, ал екі қатарлы арпада – көптеу. Екінші (түйінді) тамырлардың қалыптасуы, дамуы жəне топыраққа бойлай енуі топырақтың беткі қабатының ылғалдылығы мен түптену қарқындылығына байланысты. Қоректік заттар жəне ылғалмен жақсы қамтамасыз етілгенде 3-5 түптену өркені пайда болады. Сорт сынау учаскелерінің

деректеріне қарағанда, арпаның өнімді түптенуі 1,5-2,5 тең. Сабақ, жапырақ қынабы, жапырақ жəне масақ əр түрлі жиіліктегі уызды түктермен, əсіресе қуаңшылықты жағдайларда, көмкерілген. Сабағы – сабан, күйіне байланысты 40-160 см биіктікке дейін өседі. Ол бидай сабағынан əлсіз. Астық шаруашылығы институтының деректері бойынша, жапырылып қалмауға төзімді сорт тарының сынауға қарсылығы 700-900, ал бидайдың қарқынды сорттарында бұл көрсеткіш 2000-3500-ге тең, немесе 2,9-3,5 есе жоғары. Сондықтан арпаның жапырылып қалмау жəне паяның дестелерді ұстау қабілеті төмен. Арпа паясының топырақ қорғау рөлі, əсіресе арпа аңызын ауыспалы егістің соңғы дақылы ретінде сүр танапқа қалдырылғанда, айтарлықтай жақсы емес. Гүл шоғыры – масақ, бірақ соңғы жеміс беретін масақшасы жоқ. Əрбір масақшасы жалғыз гүлді, бір дəн түзеді. Алтықатарлы арпада əдетте əрбір масақ кемерінде үш жемісті масақша орналасқан, қосқатарлыда бір масақша дамып дəн береді де, қалған шеттегі екеуі жеміссіз қалады.

Қазақстанда астыққа өсіруге рұқсат етілген мынадай сорттар аудандастырылған: Жаздық арпа, Арпа, 1997 ж. (1,3,5,9,12), Асем 2000 ж. (3), Байшешек, 1985 ж. (5,8,13), Гранал 1991 ж. (9), Донецкий 8, 1979 ж. (1,2,4,6,7,9,12,13), Донецкий 9, 1986 ж. (4,7), Жұлдыз, 1993 ж. (3,8), Карабалыкский 150, 1996 ж. (2,7,9), Карагандинский 5, 2000 ж. (7), Кедр, 1988 ж. (1,12), Медикум, 1989 ж. (1,9,11,12), Одесский 100, 1985ж. (3,4,5,13), Омский 87, 1993 ж. (1,4,12), Сауле, 1991 ж. (3,8,12), Север, 2001 ж. (3), Целинный 5, 1975 ж. (4), Целинный 30, 1991 ж. (1), Целинный 91, 1996 ж. (1,4,11).*

* Мұнда сорттың атауынан кейін аудандастырылған жылдары жəне цифрлармен Мемлекеттік селекция реестріне сəйкес Қазақстан Республикасында аудандастыруға жіберген облыстар белгіленген.

Аудандастыруға жіберілген облыстардың нөмірлері мынадай цифрлармен белгіленген: Ақмола – 1; Ақтөбе – 2; Алматы – 3; Шығыс Қазақстан – 4; Жамбыл – 5; Батыс Қазақстан

– 6; Қарағанды – 7; Қызылорда – 8; Қостанай – 9; Оңтүстік Қазақстан- 13; Маңғыстау – 10;

Павлодар – 11; Солтүстік Қазақстан – 12.



Күздік арпа. Береке 54, 1994 ж. (5,13, Роман, 1987 ж. (5), Росава, 1994 ж. (3,8), Циклон 1988 ж. (13), Южно-Казахстанский 43, 1982 ж. (13).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет