Бронх обструктивті синдромы бар ауру балаларды жүргізу ерекшелігі. Жедел бронхит. Жедел обструктивті бронхит. Жедел бронхиолит


Жедел бронхиттің диагностикалық белгілері



бет4/10
Дата07.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#82284
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Aibol Abdarsh

Жедел бронхиттің диагностикалық белгілері:

  • 1.Уланудың, риниттің, назофарингиттің белгілері.
  • 2.Жөтелдің сипатына қарай: аурудың басталуы кезінде жөтелдің құрғақ болуы, ал бірнеше күннен (4-5) кейін ылғалдыға айналуы.
  • 3.Қақырық көбінесе шырышты сипатта болады.
  • 4.Тыныс жетіспеушілігінің белгілері болмайды: ентікпе жоқ, қосымша бұлшық ет тыныс алуға қатыспайды, көгеру белгілері болмайды.
  • 5. Аускультация кезінде қатаң тыныс естіледі. Сырылдары симметриялы болғанымен, жөтелген кезде өзгереді. Аурудың бастапқы кезінде құрғақ сырылдар болса, кейін ылғалды орташа және ірі көпіршікті сырылдар пайда болады.
  • 6.Перкуссия кезінде өкпеде өзгерістер болмайды.
  • 7.Гемограммадағы өзгерістер тұрақты емес, эритроциттердің тұну жылдамдылығы (ЭТЖ) жоғарылайды, лейкопения немесе аздап лейкоцитоз болады.
  • 8.Кеуде клеткасының рентгенограммасында өкпелік суреттің күшеюі байқалады, өкпе түбірінің көлеңкесі кеңейген, айқын емес болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет